2. Оқу сабақтарын өткізу нысандары: Дәрістер: бейне-дәрістер, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген ЖАОК;
Практикалық сабақтар: практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б.
СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, презентациялар дайындау және т.б. *СӨЖ тақырыптары СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда берілген
2.1 Студенттердің үлгерімін межелік бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, СӨЖ қорғау;
2.2 Аралық бақылау – ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер.
3.1 Оқытушының талаптары: 3.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды
3.1.2 Мерзімін бұза отырып берілген тапсырмалар белгіленген бағадан 20%-ға төмен бағаланады;
3.1.3 Сабаққа қатаң түрде кестеге сәйкес қатысу;
3.1.4 Ауруға байланысты келмеген жағдайда анықтама беру;
3.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
3.1.6 Онлайн сабақтарда дресс-код пен сөйлеу этикетін сақтау міндетті;
3.1.7. Осы талаптарды бұзған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар үшін студентті осы сабаққа блоктайды) және дәлелді себепсіз сабақты жіберіп алу фактісін түзетеді.
3.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды тапсыру кезінде плагиат, алдау және басқа да алдаудың түрлерін болдырмау;
3.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиат тексерісінен өтпеген жауаптар есепке алынбайды, бұл қанағаттанарлықсыз бағаға әкеледі;