17
өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер,
даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан
болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі
танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.
Жалпы Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері
бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішіндебалдырлардың 2
мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі
кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан
реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де
кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның
оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі.
Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және
қорғаудың ғылыми маңызы зор.
Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін
өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды.
Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і
эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі,
олардың да 210- 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздіңтаулалқаптарында өсетін
өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер , оған 400
өсімдік түрін тіркеу көзделіп отыру.
Достарыңызбен бөлісу: