Сенсуализм – танымның көзі түйсік, сезім мүшелері арқылы алынатын мәлімет деп мойындайтын көзқарас.
Теоцентризм – теологиялық орталықтық, ортағасырлық философияның басты сипаты, Құдай – абсолют, дүниенің ортасы деп түсіну.
Объективті идеализм – болмыстың түпнегізі деп руханиды санайды, бірақ заттардың адам санасына тәуелсіздігін мойындайды (субъективтік идеализмнен айырмашылығы).
Онтология – болмыстың мәні туралы ілім.
Өзіндік зат – И.Кант іліміндегі заттың жасырын мағынасы.
У вэй – Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм бағытының әрекетсіздік принципі.