Кафедра: Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру



бет1/3
Дата23.10.2023
өлшемі24,48 Kb.
#120625
  1   2   3
Байланысты:
компьюер құрылғылары


«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
СӨЖ

Кафедра: Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру


Тақырыбы: Компьютер құрылғыларының жұмысының блок-схемасын құру.


Пәні: АКТ
Курс:1
Топ: 6В05212
Студент:Ордабек Н
Оқытушы:Исаев С.
Тараз 2023
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1. Компьютердің негізгі құрылғылары
1.2. Компьютер құрылғыларының блок-схемасы

1.3. Компьютердің шеткері құрылғылары


ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе


Компьютердің құрылғылары (ағылш. hardware (ha:dweǝ), жарг. «темір»)
электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.
Компьютердің құрылғылары — электрондық, электрлік және механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына:
- компьютерлер мен логикалық құрылғылар;
- сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура;
-энергетикалық қосалқылар,
-батареялар жатады.


Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинанын көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысканы туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның енбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың сұлбасын жасаған.

Негізгі бөлім


Компьютердің негізгі құрылғылары.
Жүйелік блок. Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасушылар енеді. Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды бөліктері орналасқан негізгі торапты білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды құрауыштар:
1)Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микорпроцессор, жедел жад, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
2)Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;
3)Икемді магнитті дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек – дисковод);.
Монитор – мәтіндік және графикалық мәліметтерді экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Монитордың тарихы ерте кезден басталады, үлкен қара жәшіктен бастап сұйық кристалды, плазмалы дисплейлі монитордан аяқталады. Монитордың жұмыс жасау режиміне байланысты, денсаулыққа әсеріне байланысты оның жақсы сапалы түрін тандаған жөн. Монитордың маркасына байланысты олардың қызметтік ретке келтіру түрлері де ерекше болады, сол себепті монитордың өзгермелі параметрлері бар түрін таңдау керек. Бұл компьютердегі келеңсіздіктерді сервис орталыққа жүгінбей-ақ түзетуге болады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы. Монитордың мөлшері диагонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см.-ге дейін) экранды мониторлар шығарылады. Стандартты мөлшерлері - 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет