Байланысты: Кафедрасы магистрантты ылыми та ылымдамадан ту бойынша есебі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Информатика» кафедрасы 7M01503 «Информатика педагогін даярлау» мамандығының магистранты Қалданов Бағлан Бақытбайұлы
Мінездеме Қалданов Бағлан Бақытбайұлы «Информатика» кафедрасында 2022 жылдың 07.02 – 18.02.21 ж. аралығында тағылымдама практикасынан өтті. Осы аралықта төмендегідей мақсат-міндеттер жүктелді:
«М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу үдерісімен онлайн танысу;
«М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапханасы мен ғылыми жұмыстарымен онлайн режимде танысу;
Онлайн режимінде электрондық кітапханасында зерттеу жұмыстарын жүргізу;
«М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетінің 6B01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша топтарға диссертацияның экспериментальды бөлімін онлайн режимінде жүргізу;
«М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдарынан онлайн режимінде информатика пәнін аралас оқыту (blended learning) бойынша сұрақтарға кеңес алу;
«М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетінің 6B01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасын, ПОӘК-і және оқу әдістемелік құжаттарын оқып, игеру;
Есеп беру құжаттарын және «М.Әуезов атындағы» Оңтүстік Қазақстан университетіндегі тағылымдама жетекшісінен жұмыстың орындалуы жайлы мінездеме алу;
Жалпы, магистрант Қалданов Бағлан Бақытбайұлы тағылымдамадан өту барысында өзін өте жақсы жағынан көрсете білді және кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.
Магистрант Қалданов Бағлан Бақытбайұлы тағылымдамадан өту барысында оқытушы ретінде өзіне міндеттелген тапсырмаларды жоғары деңгейде өткізді. Сонымен қатар сабақты қазіргі таңдағы дамыған жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра білді және өзінің кәсіби шеберлігін шындады деген пікір білдіреміз.
Магистранттың педагогикалық практикасы __________ бағаланады.
Ғылыми тағылымдама жетекшісі_________________ _________________