Кафедрасы


Таулы аймақтағы топырақтар



бет2/5
Дата29.09.2023
өлшемі189,15 Kb.
#111475
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-103052

2.1.Таулы аймақтағы топырақтар

Таулы алқаптар топырақтары Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында 40-500 солтүстік ендіктер аралығында 2500км-ге созылып орналасқан. Аумағы 37 млн.га немесе республика жер аумағының 13,6% (К.Ш.Фаизов ж.б.,2001). Шығыс Қазақстанда Алтай таулары, Алматы облысында Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысында Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт пен Қаратау таулары орналасқан.Таулы аймақтың ерекшелігі-топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орналасуы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысыда өзгеріп отырады. Таулы алқаптар топырақтарына қысқаша сипаттама беру үшін белдеулік аймақтар түгел кездесетін Іле Алатауын мысалға алып қарастыру ыңғайлы (Бигалиев А., ж.т.б.,1995).Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орналасады. Жазықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады. Жылдық ылғалдың түсуі 250-360 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Бұл аймақтың топырағы негізінен боз топырақтар. Таудан алыс жерлерде ашық түсті боз топырақтар, одан кейін тауға жақындау нағыз боз топырақтар, ал тауға ең жақын күңгірт түсті боз топырақтар және ашық қара қоңыр топырақтар орналасады. Тау етегі шөлді дала аймағынан биігірек алқапта аласа таулы дала аймағы басталады. Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ауа температурасының белсенді жылу қосындысы 2500-31000 болады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады. Сондықтан бұл аймақта қара-қоңыр және қара топырақ дамып, таралған.


Аласа таулы дала аймағынан биігірек орташа-таулы орманды-дала және орманды белдеу орналасқан. Бұл аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері тағыда ұлғайып 840-880мм-ге дейін өседі, бірақ ауа температурасының салқындауы байқалады. Ауаның белсенді температурасыныың мөлшері 860-8800-қа дейін төмендейді. Бұл белдеуде қара топырақ және күңгірт қара-сұр орманның топырағы қалыптасқан. Биік таулы-шалғынды және шалғынды дала белдеуі Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 2800-3800м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуде альпілік және субальпілік шалғынды өсімдік жамылғысы дамыған. Осы шалғындар астында таудың шалғынды және таудың шалғынды-далалық топырақтары қалыптасады. Бұлар таулы өлкенің, жазықтық жерде кездеспейтін, ерекше топырағы. Бұл белдеудің климаты салқын. Ауаның жылдық орташа температурасы 0,8-1,00С, жыл ішінде ауаның 100-тан жоғары температурасы бар күндер саны 57-60. Бір жылда түсетін ылғал мөлшері 730-750 мм.
Қазақстанның жер қоры 272,5млн. гектарды құрайды. Оның 235млн. гектары – 87% жазықтық, ал 40,5млн.гектары -13,4% таулы, тасты, құмды жерлер мен су айдындары.ТМД елдерінде таулы өлке топырақтары ауданы шамамен 650 млн. гектар, немесе барлық аумақтың 28,8% қамтиды.Тау өлкелерінде топырақтардың қалыптасуы және таралуы орыс ғалымы В.В. Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады.Климат жағдайы және өсімдіктер түрлері жердің биіктілігімен өзгереді. Жердің биіктілігіне байланысты топырақ типтерінің алмасуы тік аймақтық топырақ таралу заңдылығы деп аталады.Тау өлкелерінде топырақ аймақтары жазықтық аумақтағыға ұқсас белдеулер түрінде орналасады. Бірақ, тауларда, ендікте кездесетін кейбір белдеулер жалпы болмауы да мүмкін. Бұндай құбылыс топырақ аймақтарының интерференциясы деп аталады.
Таулы өлкелерде ауа-райы ерекше. Жазыққа қарағанда жауын-шашын мол, ауа ылғалдығы жоғары, температура төмен болады, күн радиациясы күшті болып келеді. Тау бедерлері кешенді және күрделі. Соның нәтижесінде топырақ жамылғысы ала-құлалығымен ерекшелініп тұрады. Таудың күн бетіне қарап орналасуына байланысты су және жылу тәртіптері күрт өзгеруі мүмкін. Оңтүстік жағындағы беткейлер, солтүстік беткейге қарағанда жылы және құрғақ келеді. Мұндай айырмашылық әр түрлі өсімдіктер дамуына себеп болады, осындай жағдай әр түрлі топырақтардың қалыптасуына ықпалын тигізеді.Топырақ түзуші жыныстар ретінде әк тасы, құмдар, тақта тастар, магматикалық тау жыныстарының үгілген өнімдері кездеседі. Тянь-Шань, Памир тауларында топырақ түзуші жыныстардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады, сондықтан сортаңданған топырақтар қалыптасуы байқалады.Жердің биіктігіне байланысты биогидротермикалық жағдай өзгеруі әр түрлі топырақтар қалыптасуына әсер етеді.
Қазақстанда таулы-дала топырақтары барлық жер ауданының -0,9%; таулы-орман күңгірт топырақтары -0,2%; таулы орман қара топырақтары -0,1%; таулы орман қышқыл топырақтары-0,5%; таулы орманды топырақтары-0,5%; таулы орман шалғынды топырақтары -0,3%, таулы шалғынды қара топырақтар -0,5%; таулы шымды топырақтар 0,1 %; таулы–тундра топырақтар -0,1%; таулы-шалғынды субальптілік топырақтар -0,1%; таулы шалғынды альпілік топырақтар -0,3% құрайды.
Тянь-Шань тауының Іле Алатауы Алматы облысы бойынша шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа 300 км-ге созылған. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м- болып табылады.Биіктігі 605 м-де орналасқан Шелек аймағында орташа-жылдық температура 8,90С, ал орташа жылдық жауын-шашын 198мм-ді құрайды. Алматыда 848м биіктікте орташа жылдық температура 8,70С, орташа жылдық жауын-шашын 557мм-ді құрайды. Алатауда ең көп жауын-шашын 881мм 2254 м биіктікте (Горельник) байқалады.
Іле Алатауында 600м биіктіктен бастап сұр (боз) топырақтарды ашық қара-қоңыр топырақтар алмастырады. Бұл топырақтар осындай жазық жердің топырақтарынан кебірленуі жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.Биіктілік 700-800м болғанда ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады ( 42-сурет). Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 3-4%, жалпы азот 0,25-0,30%-ды құрайды. Күңгірт қара-қоңыр топырақтарда кебірлер болмайды, бірақ карбонатты тектері ұшырасады.Биіктік 900-1500м-ге жеткенде таулы қара топырақтар аймағы басталады. 900-1000 м биіктіктер аралығында оңтүстік қара топырақ типшесі орналасқан. Қарашірік мөлшері 5,0-5,1%, ал жалпы азот 0,4% құрайды. Бұл топырақтар арасында көбінесе кәдімгідей және карбонатты тектері, кездеседі.
Одан жоғары (1000-1200м) орташа қарашірікті қара топырақ орналасады. Оның қарашірік мөлшері 7-8%, жалпы азоты 0,5%-ды құрайды. Оның үстінде (1200-1500м) қарашірігі 10-12%, жалпы азоты 0,6-0,7%, жалпы фосфоры 0,2% құрайтын қарашірікке бай қара топырақтар басталады. Бұл топырақтарда негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топыраққа 50-55м/экв құрайды.Орта және мол қарашінділі қара топырақтардың ішінде кәдімгідей және сілтісізденген типше таралған. Сілтісізденген қара топырақтар тереңде (90-100 см) шоғырланған карбонаттар қабатымен ерекшеленеді. Олар көбінесе солтүстік беткейлерде орналасқан болады.Бұл аймақта кебірленген топырақтардың болмауы жер астына жауын-шашын суларының жақсы өтуіне байланысты болып келеді.
1500-1800м биіктікте таулы орманды-далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан ақ-қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт–сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Күлгінденген қара топырақтарда А мен В қабаттары арасында сұр түсті дақтар болады (силикаттар шоғыры). Бұл топырақтардың сіңіру кешенінде сутегі иондары біраз мөлшерде болады-5%. Бұл аймақтың ашық далаларында қарашірігі мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар таралған.1800-3000м биіктік аралығында Тянь-Шань шыршалардың астында таулы орман топырақтары қалыптасады. Мұндай топырақтарда қарашірік мөлшері қара топырақтарға ұқсас жоғары болады, 9-10%-дан көп. Бірақ қара топыраққа қарағанда оның мөлшері төменге бара күрт азаяды және бұл топырақтарда күлгінді қабат айқын түзілмеген. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,5%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100.г топырақта 50-55 м экв.2800-3000 м биіктіктен субальпі және альпі шалғындары басталады. Олардың астында таулы-шалғынды субальпі және альпі топырақтары қалыптасады. Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 15-16 пайыздан көп, жалпы азот 0,7-0,8%, негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г топырақққа 45-50м экв-ті құрайды. Сіңірген негіздердің ішінде сутегінің үлесі 30 пайызға дейін болуы мүмкін.
Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда, Қырғыз, Талас, Кетпен жоталарында Іле Алатауындағыдай тік аймақтық айқын байқалмайды. Бұл жоталарда қара топырақ аймағы болмайды. Оның орнында қара топырақты жеке сәл ауданда қалыптасқан дақтарды бақылау мүмкін. Қырғыз жәнеТалас жоталарында қара топырақ аймағымен орман аймағыда болмауы мүмкін. Мысалы, Қырғыз жоталарында күңгірт қара-қоңыр топырақтар бірден таулы–шалғынды топыраққа ауысып кетуі мүмкінАлтай тауларының Тарбағатай, Калбин және Оңтүстік жоталарының топырақтары. Алтай тауында ең биік Белуха шыңы-4620м. Ол Қазақстан мен Монғолия республикасының арасында орналасқан.Тянь-Шань таулары климатымен салыcтырғанда Алтай климаты салқын және ылғалды болады. Тау бөктерінде жылдық орташа температура +50С, орташа жауын-шашын 560мм-ді құрайды, ал тауда бұл көрсеткіштер тиісінше 00 және 2000 мм –ге тең болады.
Тау етегінде күңгірт-қара топырақтар орналасқан. Олардың ішінде жазықтағы күңгірт-қара топырақтарға ұқсас кебірленген түрлері кездеседі. Бұл топырақтар көбінесе гранулометриялық құрамы ауыр делювийлерде қалыптасады.Күңгірт қара-қоңыр топырақтардың үстінде қара топырақ аймағы басталады. Алтай таулы қара топырақтары екі топқа бөлінеді: орманды-далалы және далалы қара топырақтар. Орманды-дала қара топырақтарын әлсіз күлгінді, сілтісізденген және нағыз типшелерге ажыратады.Алтай қара топырақтары, жауын құрттарының тіршілігі нәтижесінде қарашірінді қабатында ірі дәнді құрылымымен ерекшеленеді. Қарашірінді мөлшері өте жоғары 10-15 %, жалпы азот 0,5-1,0 %-ды, негіздер сіңіру 100 г топырақта 50м-экв құрайды .
Таулы–орманды-дала аймағында күңгірт сұр-орман топырақтары кең таралған. Бұл топырақтарда қарашірінді мөлшері 12-14%-ға дейін баруы мүмкін, бірақ оның мөлшері топырақ қабаттары тереңдеген кезде күрт азаяды. Жалпы азот мөлшері 0,4-0,6%, ал негіздер сіңіру сыйымдылығы 100г. топырақта 30-40м экв болады.Таулы орманды-дала аймағынан жоғары таулы орман басталады. Алтай тауының ағаштар құрылым түрлері Тянь-Шань тауына қарағанда көп. Олардың ішінде Сібір шыршасы, қарағай, майқарағай, балқарағай, сағызқарағай, аққайың, көктерек, жөке ағашы бар.
Таулы орманның жоғарғы қабатында мол қарашірінділі (6-8%) таулы-күлгінді топырақтар қалыптасады. Жалпы азот мөлшері 0,4-05 %, негіздер сіңіру сыйымы 100г топырақта 15-20 м-экв–ті құрайды. Топырақ сіңіру кешенінде сутегі мөлшері өте жоғары (5-6 %). Биік тау аймақтарында таулы-шалғынды топырақтар таралған. Олардың арасында таулы тундра жерлеріде кездеседі.Іле Алатауың қара-қоңыр және қара топырақтарында суармалы егіншілік тараған. Бұл аймақта жауын-шашын 500 мм-ден жоғары болғанымен, оның көбі көктем мезгіліне тура келеді. Жазда жауын-шашын аз болады. Боз, қара-қоңыр, қара топырақтарда, күздік бидай, жүгері, беде, қант қызылшасы, темекі т.б. дақылдар егіледі. Сонымен қатар көкөніс және жеміс шаруашылығы дамыған. Топырақты су эрозиясынан қорғау шаралары өте маңызды болып табылады. Жоңғар, Теріскей, Күнгей Алатау жоталарындағы топырақтар игерілген. Ал Жоңғар Алатауының жоғары аңғарларында мал шаруашылығы дамыған. Алтай тауларының күңгірт қара және қара топырақтарында егіншілік, кейбір жерлерінде суармалы егіншілік тараған. Техникалық дақылдар (құлмақ, (хмель), картоп, қызылша), астық мал азығына егіледі. Жеміс шаруашылығы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет