Калашниковты мойындатқан қазақ



жүктеу 1.17 Mb.

бет11/12
Дата15.03.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

15 күнтізбелік күн аралығында қабылданады. Ме-

кенжайы: 071600 Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5, «Ұлан ауданының білім  бөлімі» ММ, 

телефондары: 8 (72338) 27-345, 27-262.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 



бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушының біліктілік 

талаптарына сай келу бағалауы өткізіледі, әңгімелесуге енгізілетін адамдар тізімі бекітіледі.



3 жұмыс күні ішінде қонкурсқа біліктілік талаптарына сай келетін қатысушылар хабардар етіліп, 

әңгімелесу өткізілетін күні, уақыты, орны хабарланады.



Әңгімелесуге шақырылған үміткерлер оны Ұлан ауданының білім бөлімінде өтеді.

Жоғарыда көрсетілген лауазымдарға ие болған адамдарға көтермеақы және тұратын үй-жай, басқа 

да жеңілдіктер берілмейді.

Жарамсыз деп танылсын

Ұлан  ауданы,  Ұлан  ауылы,  Ахметов  көшесі,  9  мекен-

жайы бойынша 

Жұмағазы Тұрсынтайдың атына берілген 

№  0123016  мемлекеттік  актісі,  (кадастрлық  №  05-079-

017-288) жарамсыз деп танылсын.

САТЫЛАДЫ

Өскемен  қаласындағы  Т-40,  МТЗ, 

ЮМЗ  тракторларына  арналған  шөп 

тиейтін  КУН  қондырғысын  200  мың 

теңгеге сатамын. 

Тел. 8-705-779-55-33.

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында 15, 16 тамызда Өскемен қаласында Глубокое 

ауданының мәдени күндері өтеді. Бағдарламада: 

15  тамыз  –  сағат  18.00-де  «Үлбі»  ОМҮ  Глубокое    ауданының  үздік    көркемөнерпаздар 

ұжымдарының гала-концерті.

16  тамыз  –  сағат  9.00-де    «Фреш  маркет»  алаңында    Глубокое  ауданының  тауар 

өндірушілерінің бағасы бойынша ауылшаруашылық  өнімдерін сату  жәрмеңкесі. 



Қала тұрғындары мен қонақтары, келіңіздер! 

Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин Катонқарағай ауданы, Топқайың 

ауылының  тумасы,  жазушы,  драматург,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 



ҚАЛИХАН ЫСҚАҚТЫҢ 

кайтыс  болуына  байланысты  отбасы  мен  туған-туыстарына  қайғырып  көңіл 

айтады.


0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

ДИДАР


Зерде

21

№93 (17030)



14 тамыз

Тағзым

Қаһарман жауынгерге «Халық Қаһарманы» атағы лайық

Ұрыс даласынан 

келген үшбу хаттар

«Боздақтар»  атты  естелік 

кітабында  ол  туралы  Шығыс 

Қазақстан 

облысының 

Бұқтырма  ауданында  1921 

жылы  дүниеге  келгені,  1945 

жылдың  наурыз  айында  аға 

лейтенант  шенінде  қаза  та-

уып, Латвия елінде жерленгені 

туралы  қысқаша  дерек  бар. 

Кейінірек  жалғыз  інісі  Шай-

мардан  ағасы  жөнінде  былай 

деп  жазады:  «Әбілғазы  оқуға 

алғыр 

болды. 


1936-1937 

жылдары 


Шыбынды, 

Ма-


нат  мектептерінде  мұғалімдік 

қызмет  атқарды.  1939-1940 

жылдары  Өскемен-Зырян  тас 

жолын  салуға  қатысты.  Соғыс 

басталғанда  ішінде  Әбілғазы 

бар  бірнеше  жігітті  Тайынты 

ауылынан  аудан  орталығы 

Бұқтырмаға    шанамен  алып 

кетті».  Бұл  1941  жылдың 

қыркүйек айы еді.

Сұрапыл  соғыстың  оты 

тұтанғанда  Әбілғазы  әулетінен 

ағайындары  Марғарап  пен 

Нұртаза  майданға  аттанады. 

Әбілғазының  інісі  Шаймар-

дан  ол  кезде  он  үш  жаста  еді. 

Қан  майданнан  Марғарап  пен 

Нұртаза  ғана  аман-есен  орал-

ды. 

Әбілғазы 



Шаймарданға 

үнемі 


хат 

жазып 


тұрды. 

Алғашқы  хаттарында  ағасы 

бірден  сапқа  тұрып,  жауға 

қарсы  шабуылға  қосылғаны, 

жаудың 

бетін 


қайтаруда 

ерліктің үлгісін  көрсеткені үшін 

Ташкентке  офицерлер  курсы-

на  оқуға  жіберілгені  туралы 

жазады.  Ол  төрт  айдан  соң 

лейтенант  шенін  алып,  Ленин-

град майданында қолына қару 

ұстап,  рота  командирі  ретінде 

ондаған  шақырымға  созылған 

алғы шепте ұрысқа кіреді.

Әбілғазы өмірге құштар, 

зерек  адам  болды.  Кен-

жалиндер  әулетінің  жеке 

мұрағатында 

сақталған 

хаттарынан  оның  бауыр-

малдығы  мен  кісілік  келбе-

ті  айқын  көрінеді.  Інісіне 

жазған хатында: «аман-есен 

елге  барсам,  өзім  оқытып-

жеткіземін, 

уайымдама» 

деп  күш-жігер  береді  екен  

оған.


«...Қымбатты,  аса  құр-

метті көретін ағайға, тәтеме, 

бауырым  Мардаш  (Шай-

мардан),  Бағила,  Мәрзия, 

Өзипаға, 

барлығыңызға 

сағынған  жүректен  сан-

сыз  сәлем!  Мен  де  аман-

сау,  денсаулықта,  тиісті 

командирлік 

қызметімді 

атқарып  жүріп  жатырмын. 

Хал-тұрмыс  жақсы.  Екі  рет  на-

град  алдым.  Старший  лейте-

нант деген звание алдым. Рота 

басқарып,  дәл  майданның 

өзінде  жүріп  жатқан  жайым 

бар.


Қарағым  Бағила,  сіздің  12 

январь күні жазған хатыңызды 

алып  оқып,  хабарларыңызды 

біліп, өте қатты қуанып қалдым. 

Хабар білдірген Әбілғазы.

...Елдің, 

өздеріңнің 

қалдарыңды  толық  жазыңдар, 

сіздердің 

хабарларыңызды 

білмегеніме  көп  айлар,  көп 

күндер  өтті,  сіздерден  хат 

алған  күннен  қуаныштымын... 

Ауылдағыларға 

амандық 

тілей  отырып,  амандық  жаз-

са...»  деп  және  бір  мәрте 

қайталапты  қайран  жауынгер. 

Бұл  –  батырдың  туыстарына 

айтылған  соңғы  сөзі,  жазған 

соңғы  хаты  еді.    Соңғы  хат 

1945  жылдың  13  наурызын-

да жазылып, төрт күннен кейін 

Әбілғазы  ерлікпен  қаза  таба-

ды.  Төрт  жыл  бойы  майдан 

даласында  жаумен  жан  аямай 

шайқасып,  Ұлы  Жеңіске  2  ай 

қалғанда  бар-жоғы  24  жыл 

ғұмыр  кешіп,  қыршынынан 

қиылды.


Майдангер атасының 

рухын немересі 

Әбілтай тірілтті

Шаймарданның ұлы Ербол: 

«Ағама  Жеңіс  күнінің  қуаны-

шын    көру  бақыты  жазбады. 

Туған жердің бір уыс топырағы 

бұйырмай,  мәңгіге  тыныстап 

жатқан  жерінің  белгісіз  болуы 

бізге  тыным  бермей,  ағамыз 

туралы  мәліметтерді  іздеп, 

жан-жаққа  сұрау  салдым»  – 

дейді. Алайда, әскери қызметін 

өтеп  жүрген  Ербол  Кенжалин 



Эльмира Тайырқызы

Бір жылдан кейін еліміз екінші дүниежүзілік соғыстағы 

жеңістің 70 жылдығын атап өтеді. Осы ретте жерлесіміз, 

Ұлан ауданы, Тайынты ауылының тумасы,  майдан дала-

сында теңдессіз ерлік көрсетіп, жат жерде мәңгілікке тыным 

тапқан батыр Әбілғазы Кенжалин  жайында әңгімелеуді 

жөн көрдік.

үшін  бұл  ізгі  мақсаттың  орын-

далуына біраз уақыт керек еді. 

Ақыры  бір  ұшығы  шықты-ау, 

әйтеуір.

Шаймардан  ақсақал  көзі 

тірі  кезінде  Ерболдан  сүйген 

немересіне  үлкен  аталарын 

кейінгі  ұрпақтары  ұмытпай 

жүрсін 


деп 

Әбілғазыға 

ұқсатып,  Әбілтай  деп  қойып 

еді.  Әбілтай  атасының  сүйегі 

жатқан  қасиетті  жерді  интер-

нет  арқылы  шарқ  ұрып  іздеп 

жүріп  тапты.  Латвиядағы  Ұлы 

Отан  соғысы  жауынгерлеріне 

қойылған  ескерткіш  тақтаның 

ұзын-сонар  тізбесінің  алтын-

шысында  «гв.старший  лейте-

нант  Кенжалин  А.»  деп  тайға 

таңба  басқандай  жазылған. 

Шайқас өткен жердің картасы, 

суреттері  электронды  нұсқа-

мен  жіберілді.  Ал  шайқас 

деректері  туралы  құжаттар 

құпия  мұрағаттардан  екі  жыл 

бұрын жарыққа шықты.

Бір шайқаста 70 

фашистің көзін 

құртты

Ерекше  атап  өтетін  жәйт, 

Әбілғазы  Кенжалин  –  қа-

тардағы  жауынгер  емес,  Та-

йынты 

ауылынан 



шыққан 

тұңғыш  офицер,  нағыз  қаһар-

ман  жауынгер.  1945  жылдың 

28  ақпанында  шыққан  бұй-

рықта  Панфилов  атындағы 

8-ші гвардиялық атқыштар ди-

визиясы,  19-шы  гвардиялық 

атқыштар  полкі  пулеметшілер 

ротасының  командирі,  гвар-

дия  аға  лейтенанты  Әбілғазы 

Кенжалинді  II  дәрежелі  «Отан 

соғысы»  орденімен    мара-

паттау  туралы  айтылады.  Ал 

наурыз  айында  ол  Жарнах, 

Вознесенское 

деревнялары 

мен  Космодемьянск      қаласы 

үшін  болған  шайқастарда  14 

фашисті  жер  жастандырып, 

Великая  өзенінен  өтерде  өзі 

басқаратын  ротаның  арғы 

бетке  жедел  және  шығынсыз 

өтуін  ұйымдастырып,  7  пуле-

мет  нүктесін  тас-талқан  етіп, 

2  миномет  расчетының  көзін 

құртады.  Араға  ай  салмай, 

екінші мәрте II дәрежелі «Отан 

соғысы» орденімен марапатта-

лады,  ол  туралы  үйіне  жазған 

хатында  да  айтылған.  Осы 

ұрыстарда  ол  үш  мәрте  қатты 

жараланған.

Батыр  жауынгер  ерлікпен 

қаза тапқаннан кейінгі марапат 

қағазында  1945  жылдың  17 

наурызындағы ерлігі тәптіштеп 

баяндалған.  «Донгас  хуторы 

аймағындағы қанды қырғында 

командир  Ә.Кенжалин  өзі  пу-

лемет  тетігіне  отырып,  бірден 

30  фашисті  жайратып  салды, 

біздің  жаяу  әскердің  адымын 

аштырмай  тұрған  жау  ДЗОТ-ы 

амбразурасын 

талқандады. 

Қайсар мінез танытқан Кенжа-

лин  жолдас  жаяу  әскерге  жол 

ашты.  Фашистер  бес  мәрте 

шабуылға  шығып,  бесеуінде 

де  кері  қайтуға  мәжбүр  бол-

ды,  осы  шайқаста  оның  рота-

сы  тағы  да  70  фашистің  көзін 

құртты.    Әбілғазы  Кенжалин 

кезекті  қиян-кескі  шабуылда 

мерт  болды».  Бұл  ерлігі  үшін 

қаһарман  жауынгер  үшінші 

мәрте I дәрежелі «Отан соғысы 

орденімен» марапатталды.



Панфиловшылар 

дивизиясының 

тарихы әлі күнге  

толық жазылмай 

келеді

Интернет  желісі  арқылы 

тапқан  іздеу  тобының  мүшесі 

Михаил есімді жігіт былай деп 

жазады: «Панфиловшылардың 

8-ші  атқыштар  дивизиясының 

тарихы  әлі  күнге  дейін  толық 

жазылып  болған  жоқ.  Бұл 

құраманың 

1941 


жылы 

Мәскеу  түбінде  қандай  ерлік 

көрсеткенін 

жұртшылық 

жақсы  біледі.  Ал  бұл  даңқты 

дивизияның  соңғы  қасіретті 

тағдыры  туралы  көпшілік  біле 

бермейтіні  және  ақиқат.1945 

жылдың  наурыз  айында  Кур-

ляндия шұңқырына кезекті ша-

буыл  кезінде  әуелі  жартылай 

қоршауға түсіп, сосын ол қысым 

тарыла  түседі.  Нәтижесінде 

көптеген  кеңес  жауынгер-

лері  қаза  табады.  Дивизия 

қоршаудан  шыққаннан  кейін, 

соғыс  аяқталғанша  белсенді 

әрекет 


көрсете 

алмайды. 

Негізінде оқиға былай болған. 

Даңқты  дивизия  шабуылға 

бір  жарым  айдай  дайындала-

ды.  Олар  сақадай-сай  күйінде 

алға  ұмтылып,  жау  тылына 

дендеп  енді.  Алайда,  қанаттас 

көршілер  бұл  уақытта  шама-

мен 4-5 шақырымдай кейіндеп 

қалады.  18  наурызда  түс  ауа 

жау  төрт  рет  қарсы  шабуылға 

шығады, олар мүмкіндікті пай-

даланып  бұлардың  тылына 

да  өтіп  алады.  Сөйтіп,  ілгері 

шығыңқырап  кеткен  диви-

зияны  бір  жағынан  қауқарсыз 

жағдайда 

қалдырады. 

26 


наурызға  дейін  дивизия  жар-

тылай  қоршауда  әрекет  етеді. 

Немістер  қазан  шұңқырдың 

шығар  аузына  күштерін  ая-

май  төгіп,  қысымды  үдете  

түседі...».

Міне, осы ахуалдағы диви-

зия  құрамында  Әбілғазы  Кен-

жалин  де  бар.  Оның  ерлікпен 

қаза табатын сәті де осы тұсқа 

сәйкес келеді.

Латвиядан  келген  тағы  бір 

хат  авторы  –  Александр  Ржа-

вин  өзінде  бар  мәліметтерге 

сүйеніп, 

аға 


лейтенант 

Әбілғазы  Кенжалиннің  Салдус 

өлкесі  Броцен  ауданындағы 

Тушки  хуторында  жерленгенін 

баяндайды.  Бұл  –  Пелсблиде-

не станциясына тақау жер. 

Тарихтың тірі куәгерлерінің 

әрбір  айтқан  салиқалы  сөзі  ел 

арасында  өлшеусіз  құрметке 

лайық. 


Сондай 

көкірегі 

қазынаға  толы,  көзі  ашық 

қариялардың бірі – Ұлан ауда-

ны,  Қасым  Қайсенов  кентінің 

тұрғыны, 

соғыс 

ардагері 



Мағауия  Мұқашев.  Майдан-

да  оқ  астында  жүріп,  байла-

нысшы  болған  90  жастағы 

ақсақал  бүгінде  бәйбішесі 

екеуі  бала-шағасының  орта-

сында бақытты ғұмыр кешуде. 

Мағауия  ата  –  Әбілғазының 

көзін  көрген  жалғыз  куәгер. 

«Әбілғазы  –  Тайынты  ауылы-

нан  шыққан  тұңғыш  офицер. 

Жоқшылықтан,  таршылықтан 

шыңдалған  болар,  сабағын 

өте  жақсы  оқып,  зұлмат  жыл-

дары 


мұғалімдік 

қызмет 


атқарды. 

Қажыр-қайратты, 

рухы  биік,  сезімі  сергек, 

келбетті  жігіт  еді.  Соғыста  осы 

қасиеттері  серік  болып,  офи-

цер шенін алды, пулеметшілер 

ротасының  командирі  болды. 

Пулеметшілерде бір-ақ мақсат 

бар – ол жаудың жаяу әскерін 

жою.  Ал  наганмен  жүретін 

командир  Әбілғазы  қиямет-

қайым шабуылда өзі пулеметті 

қолға алып,  30 фрицті жастан-

дырды, ДЗОТ амбразурасының 

аузын  жауып,  пулеметтің  үнін 

өшірді. Бұл ерлігі үшін ол Кеңес 

Одағы  Батырының  атағын 

алуға лайық еді.

Келесі жылы – Ұлы Жеңістің 

70 жылдық мерейтойы. Арда-

герлер саны да сиреп барады. 

Тайынты  ауылынан  соғысқа 

аттанғандардың  200-ге  жуы- 

ғы  оралмапты.  Жеңістің  63 

жылдығы  қарсаңында  ауыл-

дың  бір  көшесіне  Әбілғазы 

Кенжалиннің  есімін  бергізіп 

едік. Енді құпия мұрағаттардың 

құлыбы 

ашылып 


жатқан 

уақытта  Әбілғазының  жасаған 

ерлігін  көріп  отырмыз.  Тарихи 

шындық  ашылды.  Ауылдың 

атына  Әбілғазы  Кенжалиннің 

есімі  беріліп,  батыр  «Халық 

Қаһарманы»  атағына  ұсыныл-

са, өшкеніміз жанып, өлгеніміз 

тірілер еді»  – дейді ардагер.

Расында  да,  бар-жоғы  24 

жыл  ғұмыр  кешіп,  Отаны  үшін 

қасық  қаны  қалғанша  күресіп, 

жанын  құрбан  еткен  Әбілғазы 

Кенжалин  –  нағыз  Халық 

Қаһарманы. 

Оған 


қандай 

құрмет  көрсетілсе  де,  лайық 

деп ойлаймыз.


0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

ДИДАР


Қалихан ЫСҚАҚ

22

№93 (17030)



14 тамыз

Алтайдың асқақ жыршысы еді

Қазақ әдебиетіне өзгеше құбылыс 

әкелген қаламгер

Қазақ барда Қалихан досым мәңгі өлмейді

Ол  кісінің  алғашқы  шығармасы 

–  «Қоңыр  күз  еді».  Бұл  кітап  бірден  

жұртшылық назарын өзіне бұрғызды. 

Оқығандар  «ойпырым-ай,  не  деген 

сурет,  не  деген  психологиялық  ба-

яндау.  Тамырын  тереңнен  тартатын 

осыншама  суретті  бұл  бала  қайдан 

алды?»  деген  сөздер  ел  аузында  та-

рап жүріпті. Біз сол шығарманы оқып 

тәрбиеленген,  шығарма  бойындағы 

үлкен  бір  тартылу  күшін  жан 

дүниемізбен сезініп өскен өкше басар 

інілері едік. 

Сол  Қалихан  Ысқақ  әдебиетке 

Алтайдың 

алғашқы 

жыршысын-

дай  болып  келді.  Әрбір  сөзі,  ойлау, 

сөйлеу тәсілі қазақтың сөз өнеріндегі 

мол мүмкіндігін, қанатының кеңдігін, 

тамырының 

тереңдігін 

көрсетіп 

тұратын. 

Біз, 


соңынан 

ерген 


інілері 

Қалағаңның  бойындағы  бірнеше 

қасиетке  қатты  сүйсінуші  едік. 

Біріншісі  –  әділдігі.  Қиянат  көрсе, 

қарап  жатып  қалмайтын.  Екіншісі  – 

адалдығы.  Біреудің  ала  жібін  аттау 

дегенді  білмейтін.  Талантты  бір  жас 

мәдениеттің,  өнердің  босағасынан 

аттаса,  ағынан  жарылып,  шын 

жүрегінен  қуанушы  еді.  Міне  осы 

қасиеттер  Қалағаңды  ағаларының 

алдында да, қатарының алдында да, 

інілерінің  алдында  да  көзі  тірісінде 

биікке  көтерді.  Біз  Қалағаңның  осы 

қасиеттеріне ерекше сүйінетін едік. 

Мен қазір өзімнің ең ардақты, ең 

аяулы  ағамды  жоғалтып  отырмын. 

Алтайға  өзінің  аманаты  бойынша 

шығарып салдық. Алтай дейтін киелі 

жер.  Сол  ұлы  жерге  осыдан  біраз 

Өткен  ғасырдың  60-шы 

жылдары  қазақ  әдебиетіне 

өте  қуатты  бір  топ  келдік.  Ол 

шамамен  30-40  адам.  Соның 

көшбасында,  алғашқылардың 

бірі  болып  Қалихан  келді.  

Мен  Қалиханның  шығарма-

ларымен 


Мәскеуде 

оқып 


жүргенде 

танысып, 

содан 

бастап  «мына  жігітпен  дос 



болу  керек  екен  ғой»  деп  ой 

түйдім.  Оқу  бітіріп  келген  соң, 

Қалиханды  іздеп  жүріп,  тауып 

алдым...


Жазушылар 

одағының 

бұрынғы  ғимаратының  жертө-

лесінде  бір  ресторан  бар 

болатын.  Бәріміз  сол  жер-

ден  тамақтанатын  едік.  Бір 

жолы  сонда  бара  қалсақ, 

Сафуан 


Шаймерденовпен 

бір  жігіт  әңгімелесіп  тұр 

екен.  Қасымдағы  жігіт  «анау 

Қалихан  ғой»  деді.  Мен  әлгі 

көрініске  сондай  қызғанып 

әрі  қызыға  қарадым.  Өйткені, 

Сафуан  Шаймерденов  ол  кез-

де  «қылышынан  қан  тамып 

тұрған»  жазушы.  Сөйте  жүріп 

таныстық,  табыстық,  дос  бо-

лып кеттік.

Қалихан  екеуміз  күн  де-

мей,  түн  демей  бірге  жүрдік, 

бірге  тұрдық.  Бұдан  кейін 

қатарымызға  Сайын,  Әбіш, 

арғы беттен Қабдеш сынды жа-



Қазақ әдебиеті ауыр қазаға ұшырады. Көрнекті жазушы, үлкен драматург, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қара сөздің хас шебері Қалихан Ысқақ 79 жа-

сында өмірден озды. Осынау қаза ең алдымен жазушының шығармаларын сүйіп 

оқитын мыңдаған оқырманның 

қабырғасын қайыстырып кетті.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарының соңында қазақ әдебиетіне теңдесі 

жоқ, тегеурінді, текті бір буын келді. Сол буынның ішінде, көштің 

маңдай алдында адалдықтың ақ туын желбіретіп Алтайдан келген 

қара бала әдебиетімізге өзгеше құбылыс болып кірді. Ол үлкен, ұлы 

жазушының есімі Қалихан Ысқақ болатын...

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осы өңірдің 

тумасы,  көрнекті  қаламгер,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

иегері  Қалихан  Ысқақтың  өмірден  өтуіне  байла-

нысты  отбасына,  туған-туыстарына  көңіл  айтып, 

қайғыларына ортақтасады.

Қалихан  Ысқақ  1935  жылы  14  наурызда 

Катонқарағай  ауданының  Топқайың  ауылында 

дүниеге келген.

ҚазМУ-дің 

журналистика 

факультетін, 

Мәскеудегі  Мемкино  жанындағы  режиссерлер 

мен  сценарийстердің  жоғары  курсын  тәмамдаған 

белгілі  қаламгер,  драматург  баспасөзде  15  жыл-

дай  қызмет  етіп,  8  жыл  көлемінде  Ш.Айманов 

атындағы  «Қазақфильм»  киностудиясында  үшінші 

творчестволық бірлестігін басқарды.

Оның  жиырмаға  жуық  пьесасы  республикалық, 

облыстық  драма  театрларының  репертуарлары-

на  енді.  Бүкілодақтық  экранға  шыққан  бірнеше 

толықметражды  фильмдердің  сценарийін  жазып 

шықты.  Шығармалары  өзбек,  қырғыз,  тәжік,  та-

тар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар 

тілдерінде  жарық  көрді.  «Есеней  –  Ұлпан»  пьесасы 

үшін  Ғ.  Мүсірепов  атындағы,  «Алатау  сынды  алы-

бым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық 

әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.

Қазақ  әдебиеті  мен  кинодраматургиясы  саласын 

дамытуға зор үлес қосқан, елінің ықыласына бөленіп

туған  өлкесінің  Құрметті  азаматы  болған  Қалихан 

Ысқақтың жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда қала 

бермек.

Б.Сапарбаев, Т.Түсіпбеков, 

Г.Пинчук, Е.Көшербаев, Ж.Омар, 

Е.Текешев, Н.Шерубаев, Н.Сақтағанов, 

Е.Жылқыбаев, Т.Қасымжанов, 

Г.Бердюгин, И.Губарев, Ф.Жақсылықов

Қалихан  Ысқақ  1935  жыл- 

дың  14  наурызында  Катон-

қарағай 


ауданы, 

Топқайың 

ауылында  дүниеге  келген.  Ол  – 

Шығыстың  алтын  тәжі  атанған 

төр Алтайдың өзінен түлеп ұшқан 

жазушы. Тарихта ықылым заман-

нан  түркілердің  алтын  бесігі  бо-

лып саналатын төр Алтайдың көз 

тұндырар  сұлу  табиғаты  жазушы 

қиялына  қанат  бітіріп,  қаламына 

қуат сыйлады. Қарап отырсаңыз, 

жазушы 


шығармашылығының 

алтын  арқауы  да  –  қасиетті  де 

киелі  Алтай.  Қазақ  прозасында 

Қалихан  Ысқақ  пен  Алтай  ажы-

рамас  егіз  ұғымға  айналғалы 

қашан.  Қазақ  жазушыларының 

арасында  Алтайды  ең  алғаш  су-

реттеп,  жырлаған  да  Қалихан 

Ысқақ  болатын.  Сонау  1956 

жылы  жазған  «Қоңыр  күз  еді» 

атты  повесінен  бастап-ақ,  бүкіл 

саналы  ғұмырында  ол  төр  Алта-

йын қаламының қарымы жеткен-

ше суреттеп өтті. Алтайдың тұмса 

табиғатын, шулаған қара орманы 

мен  Бұқтырманың  булыққан  са-

рынын  көркем  прозада  бірінші 

рет бейнелеген – Қалихан Ысқақ. 

Бунин,  Пришвин  стиліндегі  жаңа 

прозаны  алғаш  қазақ  әдебиетіне 

алып  келген  де  осы  Қалағаң  еді. 

1992 жылы «Ақсу – жер жәннаты» 

романы  үшін  жазушы  тәуелсіз 

жас  Қазақстанның  Мемлекеттік 

сыйлығына ие болды.

Ол  –  өнімді  еңбек  еткен  жа-

зушы.  «Дос  хикаясы»,  «Менің 

ағаларым»,  «Бұқтырма  сары-

ны»,  «Күреңсе»,  «Қоңыр  күз 

еді»  повестер  жинақтары  мен 

«Тұйық»,  «Қара  орман»,  «Ақсу 

–  жер  жәннаты»  романдары, 

«Жарық дүние», «Қазақтар» пье-

салар  жинағы  кезінде  оқырман 

қауымның  жоғары  бағасына  ие 

болды. Қалихан Ысқақ – сонымен 

қатар,  мықты  драматург.  Оның 

қаламынан  туған  дүниелердің 

бәрі  қазақ  әдебиетінің  алтын 

қорынан ойып тұрып орын алды. 

Қалихан  Ысқақ  жыл  сайын 

жаз  шыға  Алтайға  жетуге  асы- 

ғатын  еді.  Туған  жері  Топқайың-

дағы  қарағайдан  қиып  салған 

үйінде жатып, алаңсыз шығарма- 

шылықпен  айналысатын.  Уа-

қытының  көбін  Алтайдың  тұмса 

табиғаты  мен  аузын  ашса,  адал- 

дығы көрініп тұратын адамдары-

ның  арасында  өткізгенді  ұната-

тын.  Қайда  жүрсе  де,  Шығыста 

болып  жатқан  әрбір  жаңалыққа 

елеңдеп, 

елегізіп 

отыратын. 

Тағдырға  шара  бар  ма,  ортамыз 

ойсырап  қалды.  Жазушының  от-

басына,  туған-туысқандары  мен 

жақындарына  қайғырып  көңіл 

айтамын.


Қазақта 

«қайғы 


бөліссе 

азаяды»  деген  сөз  бар.  Бірақ 

қазақ  әдебиетінде  ғана  емес, 

бүкіл  алты  алашқа  аты  мәлім 

Қалихан  Ысқақтай  жазушының 

орнын  ешқашан  ешкім  толтыра 

алмақ емес. «Өлді деуге бола ма 

айтыңдаршы,  Өлмейтұғын  арты-

на сөз қалдырған» деп ұлы Абай 

айтқандай,  көрнекті  жазушы, 

үлкен  драматург,  Мемлекеттік 

сыйлықтың  иегері  Қалихан  Ыс-

қақтың  екінші  ғұмыры  енді  бас- 

талды.  Артында  қара  ормандай 

оқырманы бар жазушы ешқашан 

өлмек  емес.  Қазақ  барда,  сүйік- 

ті  жазушымыз  Қалихан  Ысқақ 

та мәңгі жасай береді. Алтайдың 

жыршысына  айналған  жазушы-

ның  жарқын  бейнесі  әрқашан 

жүрегіміздің төрінде сақталады.

Топқайың ауылы,

Катонқарағай ауданы.

Өзіңдей жарық жұлдыз 

қайта жанбас

Айтушы ек «Қалекең» деп, «Қалағам» деп,

Ойпырмай, ортамызда сол адам жоқ!

Алданып жүр екем ғой аламан деп,

Бұл өмір кетті неге обаған боп?

Қаламы Қалиханның қайталанбас,

Қадірін тіл жеткізіп айта да алмас.

Алтайдың мұзбалағы қайта қонбас,

Өзіңдей жарық жұлдыз қайта жанбас.

Қалаға, Сізді оқысам арқа қызған,

Қаншама шәкірт өрді қалқаңыздан?!

Дәл Сіздей бұл қазақта кім бар еді,

Тілімен жүрегіңе бал тамызған?

Сіздей боп мәрмәр тауды кім қашайды?

Ұласқан күн жетті ме мұңға қайғы?

Ұлықпан хәкім ұрпағымен мың жасаса,

Қаламгер кітабымен мың жасайды!

Қайтпайтын қайсар жүрек, діңі мықты,

Жаныңның құпиясын кім ұғыпты?

Жұртыңа жайып салып кете бардың

Ұлтыңның бойындағы ұлылықты!



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал