Календарно-тематический план семестр 8 2022-2023 оқу жылы/ учебный год Саясаттану және әлеуметтану негіздері


Раздел Түсінік хат /Пояснительная записка



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі36,03 Kb.
#70862
түріКалендарно-тематический план
1   2   3   4
Байланысты:
РП Сыртттай СМДТ 410 новый 15.111

Раздел Түсінік хат /Пояснительная записка
Модуль /пән сипаттамасы /Описание дисциплины/модуля
«Саясаттану және әлеуметтану негіздері» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын жалпы білім беру пәндері бойынша біліктілігі 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 3-қосымша және оған 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы негізінде әзірледі. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес бейіндік білім беруді ескере отырып, білім беру мазмұнының кәсіптік бағдары негізінде айқындалады.
Пәнге бөлінген сағат саны: VIІI семестрде 36 (10) сағат, түгел сағат теориялық,
Пәннің негізгі мақсаты студенттердің әлеуметтік және саяси проблемаларды, олардың пайда көздерін және ықтимал шешімдерінен хабардар етіп, саяси санасын қалыптастыру.
Саяси сана – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс – әрекеттеріне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Саясаттану бізге мемлекеттік және құқықтық институттардың ұйымдастыру және дамыту бірлігін, адам дамуының рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Саясаттануды оқудың тиімділігі студенттердің патриоттық деңгейін арттырады; табысты жұмыс істеп, демократиялық саяси жүйеде өздерінің жеке әлеуметі іске асыра алады.
«Саясаттану және әлеуметтану негіздері» пәнінің негізгі мақсаты саяси саналы болашақ мамандарды қалыптастыру болып табылады және осы негізде олардың қабілеттерін дамыту:
қазіргі әлеуметтік – саяси мәселелерін терең түсіну, оларды шешу. Жалпы алғанда, бұл әрине, студенттің саяси ойының қалыптасуына, саяси көқ жиегін кеңейтуге көмектеседі.
Саясаттану қоғамдық өмірдің саяси саласы болып табылатындықтан басқа да әлеуметтік ғылымдардың тығыз байланыста. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Ал, әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді.
Саясаттану мен әлеуметтану пәндерін оқыту қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, философия және тағы басқа қоғамтану ғылымдармен пәнаралық байланыс арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет