Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Зерттеудің іздестіру-түрлендіру  кезеңі



Pdf көрінісі
бет45/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

2. Зерттеудің іздестіру-түрлендіру  кезеңі 
Зерттеу  әдістемесін  іске  асырудың  маңызды  кезеңі  іздестіру-
тҥрлендіру    болып  табылады.  Ол    педагогикалық  ҥрдіске  бастапқы 
мектептік  жоспарлы  жаңашылдықты  ендірумен  байланысты.    Оның 
мазмҧны ерекше, мақсатқа, пәнге, зерттелетін ҥрдістің сипатына, енгізілуі 
мҥмкін  жаңашылдықтың  ерекшелігіне,  тәжірибенің  оны  қабылдауға 
дайындық 
деңгейіне 
байланысты. 
Зерттеудің 
бҧл 
кезеңінде 
жаңашылдықтың мазмҧнды жағы анықталады, жаңашылдықтың уақыттық 
шегі  мен  техникасы  анықталады.  Бҧл,  мысалы,  жаңа  білім  беру 
бағдарламаларын  жасау  және  сынау,  оқытудың  дәстҥрлі  емес 
технологиясы және әдістемесі, оқушыларды тәрбилеуде және дамытудағы 
сәттіліктерді бағалау және ынталандыру тәсілдері болуы мҥмкін. 
Аталмыш  зерттеу  кезенін  іске  асыруда  бҧрынғы  кезеңдерде    не 
жасалынды, қандай жағдай жасалды, қандай зерттеу мәселелері шешілді, 
қандай  міндеттер шешімін  тапқан жоқ, тәжірибелік-ізденушілік жҧмысқа 
қатысушылардың  іскерлігі  мен  зерттеу  амалдарының  деңгейі  қандай 
екенін жете тҥсіну талап етіледі.  
Зерттеу  жобасында  қойылған  кӛзқарастар  мен  амалдарды  қол 
жеткізілген  нақты  нәтижемен,    қиыншылықтармен,  жаңалықпен, 
қателіктермен  салыстыру  пайдалы.  Кейбір  жағдайда,  бастапқы 
белгіленген  бағдарламадан  ауытқуға,  кері  шегінуге  тура  келуі,  жаңа 
қиындықтар  мен  қайшылықтар  туындауы,  міндеттерді  шешудің  жаңа 
тәсілдері ашылуы мҥмкін. Бҧндай жағдайда ӛткен кезеңдерде шешілмеген 
міндеттерді  ағымдағы  кезеңге  ауыстыруға  тура  келеді.  Бҧл  жҧмыстың 
нәтижесі  тҥзетулер    енгізілген,  мәселені  шешудің  жолдары  кӛрсетілген, 
жалпы  ниетті  жҥзеге  асыру  туралы,  зерттеудің  қисынын  және  тәртібін 
нақтылайтын байытылған ҧсыныстар болуы мҥмкін.  Бҧл кезеңдегі есепке 
алынбаған  жағдайлардан  бӛлек,  ендіру  қҧжаттарын,  зерттеу  тәртібінің 
бірізділігін,  олардың  ҥйлесімін  бӛлшектеп,  пысықтау  қажет.  Айталық, 
бірінші  жаңа  бағдарламаны  ендіріп,  одан  кейін  сәйкес  технологияны 


78
 
 
енгізуге  болмайды.  Оларды  кешенді  енгізу  керек.    Зерттеудің  іздену-
тҥрлендіруші  кезеңінің  нәтижесін  болжау  ҥшін,  ғылыми  болжамды 
ҧсынуда  пайдаланылатын  тәртіпке  ҧқсас  рәсім  туралы  сӛз  қозғау  қажет. 
Мҥмкін дәл осы кезеңде ойдың қҧрылымдық элементі қалыптасып, алдағы 
жҧмысқа импульс  беретін «шоқ» жылт етеді. Бҧл ерекше амал (мысалы, 
ҧлдармен  қыз  балаларды  әр  тҥрлі  бағдарлама  бойынша  физиологиялық 
және зияткерлік дамуын ескере отырып, бӛлек оқыту) әлі қол жетілмеген, 
бірақ мҥмкін болатын нәтиже және т.б. туралы тҥсінік болуы мҥмкін.  
Тәжірибелік 
тҥрлендіру 
дайындық 
жҧмысы 
жҥргізілген 
жаңашылдықты «іске қосуды» жорамалдайды: жаңа пәндер, жаңартылған 
бағдарлама, оқулықтар, технологиялар, оқу және тәрбилеу қҧралдары.  
Кейінгі  жҧмысты  тҥзету,  алынған  нәтижелерді  талдаудан  және 
зерттеу  тәртібі  мен  аппаратының  тиімділігінің  бағасынан  туындайды.  
Тәжірибелік  жҧмысқа  (кемшіліктердің  орнын  толтыру,  бағдарламаны 
тҥзету, дара амалдарды нақтылау) зерттеу әдісі мен қисынына ӛзгерістер 
енгізіледі.  
Педагогикалық    эксперимент,  зерттеу  ізденушілік-тҥрлендіруші 
кезеңінің  шеңберінде  әдістемемен  қарастырылған  жҧмыстың  едәуір 
кҥрделі  және  ҧзақ  бӛлігі.    Экспериментті  жҥргізу  ҥшін  зерттеушінің 
қызметінің барлық кезеңдері жазылған арнайы бағдарлама жасалады.  
-  Жеке міндеттерді және мақсатты,  сынақты,  жҥргізу техникасын,  оны 
ӛткізудің  тҥрленген  және  тҥрленбеген  жағдайларын,  тәуелді  және 
тәуелсіз  ӛзгермелі  базаны  таңдау  ,  сыналушы  және  қадағаланушы 
топтардың таңдау ерекшелігін  негіздеу;  
-  Бақылаудың  қажетті  санын,  зерттеу  қҧралдарын  пайдалану  ретін, 
сынақтың  математикалық  моделін,  нәтижелерді  тіркеу  және  жинақтау 
тәсілі және формасын жоспарлау және т.б.  
-  Эксперименттің  мәліметтерін  талдау  және  ӛңдеу;  ғылыми  болжамды 
тексеруге  қажетті  есептік  ӛзгерістерді  есептеу,  зерттеу  нәтижесін 
тҥсіндіру; 
Экспериментті  жҥргізуде  басты  назар  жағдайлар  мен  фактілерге 
аударылады.    Фактілер  -  зерттеудің  қҧрылыс  материалы.  Олар  нақты 
болуы  және  жаңашылдығымен,  мазмҧндылығымен  ерекшеленуі  тиіс. 
Ғылыми факт жалпы  фактіге  қарағанда, қҧбылыстың  сыртқы  кӛрінісімен 
шектелмейді,  белгілі  бір  дәрежеде  оның  ішкі  байланысын,  қозғаушы 
кҥшін,  қозғалыстың  механизмін  ашады.    Бҧндай  қайшылықтар 
қҧбылыстың 
ӛзіндегі 
тҧрақтылықты, 
ҧқсастықты 
анықтаумен 
толықтырады. Мысалы, оқу ҧжымындағы оқушылар арасындағы шиленіс 
ерекше,  бір-біріне  ҧқсамайды.  Бірақ  мҧқият  қарастырсақ  бҧл 
шиеленістердің  жолы,  әдеттегідей  себептері  табылады:  бір-бірінің 
психологиялық  ерекшеліктерін  білмеу  және  тҥсінбеу,  ықпал  етудің 


79
 
 
әсіресе,  сендірудің  психологиялық-педагогикалық    қҧралдарын  тиімді 
қолдана алмауы және т.б.  
Деректерді  талдаудың  ғылыми  амалы  оларды  жан  жақты,  барлық 
жағдайда,  дара  ішкі  диалектикалық    байланыстарының  кӛптілігімен 
қарастыруды талап етеді.  
Деректерді  жию  және  жинақтау  -  психологиялық-педогогикалық 
зерттеудің  жауапты  кезеңдерінің  бірі,  себебі  тек  қана  ғылыми  деректер 
белгілі  теориялық  қорытынды  жасауға  мҥмкіндік  береді.    И.П.  Павлов, 
жас  зерттеушілерге  былай  дейді:  «Зерттей,  сынай,  бақылай  отырып, 
деректердің  сыртында  қалмауға  тырысыңыз.  Олардың  пайда  болуына, 
ішкі қҧпиясына ҥңілуге талпыныңыз. Оның басшылық етуші заңдылығын 
іздеңіз».  
Зертеу әдістемесін іске асыру алдын ала теориялық және тәжірибелік 
тҥйін жасауға мҥмкіндік береді. Бҧл тҥйіндер келесідей болуы қажет: 
-  Біріншіден,  жҥргізілген  зерттеудің  негізгі  қорытындысы  жан  жақты 
дәлелденген, талдап қорытылған болуы; 
-  Екіншіден, мақсатқа сай және заңды болуы; 
-  Ҥшіншіден,  жинақталған  деректерді  талдау  мен  жинақтап  қорытудың 
қисынды салдарының туындауы; 
-  Тӛртіншіден,  бҧқаралық  педагогикалық  тәжірибеге    ендіру  ҥшін 
шынайы және ресми мақҧлдануы. 
Тҥйінді    тҧжырымдау  ҥшін  жиі  кездесетін  2  қателіктен  аулақ  болу 
қажет:  кӛлемді  эмпирикалық  деректерден  тым  шектелген  тҥйін 
тҧжырымдау;  мардымсыз  деректерді    орынсыз  әсірелеп,  маңызды  тҥйін 
жасап,  ілгері баспай, бір орныда тҧрып қалу.   
Алынған 
дҧрыс 
нәтижелерді, 
сондай-ақ, 
қателіктер 
мен 
қателіктердің себебін  бағалау  және  тҥсіндіру,  алдын ала теориялық және 
тәжірибелік тҥйін тҧжырымдауға мҥмкіндік береді.  Бҧл тҥйіндерді белгілі 
теориялық  ережелер  мен  тәжірибелік  амалдың  жалпы  жҥйесінде  ҧғыну 
қажет.  
Алдын  ала  жасалған  тҥйіндер  нақтыланып,  тәжірибелік  жҧмыспен 
тексеріледі.  Зерттеу  әдістемесінің  бҧл  элементін  бағаламауға  болмайды. 
Ӛкінішке  орай,  зерттеушінің  бастапқы  нәтижелерді  соңғы,  аяқталған, 
әсіресе,  бір  мәнді  шешімдер  тҥрінде  тҧжырымдауы    жиі  кездесетін 
жағдай.  Асығыс  шешімдер  пайдадан  гӛрі,  кӛбі  зиян  алып  келеді, 
ғылымның  беделін  шектейді.  Сондықтан  зерттеудің  негізгі  нәтижесін 
тәжірибелік  тексеру  міндетті.    Нәтижелерді  осылай  тексеруден  кейін 
теориялық  тҥйіндер  негізінде  тәжірибелік  ҧсынымдар  жасауға,  оларды 
сәтті  іске  асырудың  жағдайын  анықтауға  мҥмкіндік  туады.    Бҧл 
ҧсынымдар 
зерттеу 
мәліметтерінен 
туындап, 
психологиялық-
педагогикалық тәжірибе ҥшін нақты және айқын болуы маңызды.  
 


80
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет