86
Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен
оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі
принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік
қҧндылықтары бағасының дҥниетанымдық кӛрсеткіштері болып
табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің
жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар
жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік
ғылымдарда қолданылады: бақылау, теңеу, талдау және жинақтау,
дәріптеушілік, эксперимент,абстракіден нақтыға қарай ӛрлеу, индукция
мен дедукция; бҧлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана тҥседі.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз кҥрделі танымдық әдістемелер, ал
олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір
тәртібін белгілейтін әр тҥрлі әдіс–тәсілдерінің жиынтығынан тҧрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты қҧрамды
бӛлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тҧтас педагогикалық
білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне
байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды
алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне
байланысты. Кез–келеген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми
білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның
зерттеу объектісі, заттары мен қҧбылыстарының мәнін ашуға бағытталған
жан–жақты танымдық іс–әрекетінің бір тҥрі.
Достарыңызбен бөлісу: