Байланысты: КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі
3.Зерттеудің тарихи - педагогикалық әдістері Тарихи-әдіснамалық қағида негізінде педагогикалық зерттеуде
педагогикалық қҧбылыстардың дамуын бақылап және салыстырып
отыруға мҥмкіндік беретін салыстырмалы-тарихи әдіс қалыптасып,
белсенді қолданылып келеді. Мысалы, аталмыш әдіс шеңберінде білім
деңгейін сараптау, бҧл ҧғымның қалыптасуын, даму кезеңдерін, білім беру
тҧжырымдамасының пайда болуын, жеке тҧжырымдамалардың қҧрамдас
бӛліктерінің ҧқсастығы мен айырмашылығын, ӛзгерісін бақылауға,
бҧрынғы білім тҧжырымдамаларының шектеулілігі мен біржақтылығын,
жаңа теорияға қандай элементтерінің қосылғанын кӛрсетуге мҥмкіндік
береді. Басқаша айтқанда, ӛткенді терең зерттей отырып, салыстырмалы-
тарихи талдау білім берудің қазіргі мәселелері туралы тҥсінікті
толықтырады. Тарихи әдіс педагогика тарихын зерттеуде қолданылады.
Педагогикалық ғылымның бҧл саласы нақты тарихи жағдайда оқыту-
тәрбиелеу мекемеле-рінің пайда болуы, жай-кҥйі және дамуын тҥсіндіреді.
Сонымен қатар, тарихи-педагогикалық зерттеулерде әр тҥрлі жалпы
ғылыми қисынды әдістер (талдау, синтез, жіктеу, индукция, дедукция,
салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи) және педагогика тарихы ҥшін
ерекше рәсімдер, мҧрағат қҧжаттары, ресми қҧжаттар, есеп берулер,
оқулық және оқу қҧралдары қолданылады. Қосымша ақпарат кӛзіне
естеліктерді, кҥнделіктерді, халықтық кӛркем туындыларды жатқызуға
болады. Сондықтан, педагогика тарихын зерттеуші жалпы тарихты,
фәлсафаны, мәдениеттануды және басқада тарихи білімді игеруі қажет.
Сонымен, зерттеу әдісі ретінде историзм ӛткен қҧбылыстарды
сипаттауға әкеледі. Ол қҧбылыстардағы ӛзгерістердің ішкі бӛліктерін,
дамудың нақты кезеңіндегі себептік байланыстарды анықтауға,
қҧбылыстың ескі қасиетінен жаңа қасиеттің пайда болуын бақылауға
мҥмкіндік береді.
Зерттеу барысында педагогикалық қҧбылыстардың тарихи дамуын
қисынды талдау, және керісінше, қисынды жҥргізілетін теориялық талдау
қҧбылыстың тарихи дамуын тҥсіндіреді. Бҧл әдістер ӛзара ӛрбіп, бірін-бірі
толықтырып отырады.
Зерттеуге байланысты, таным қандайда бір әдістің біріне мән береді,
бірақ деректерді қарапайым сипаттау мен хронологиялық тізбектеуден
аулақ болған жӛн. Себебі, дамудың заңдылықтарын ашу, қажеттілік пен
кездейсоқтықты айыру, тарихи деректерді тҥсіндірудің ғылыми негізін
жасау, педагогикалық теория мен тәжірибенің болашағын зерттеу қажет.
Қазіргі педагогикалық ҧғымына әрине, оның тарихы да енді. Тек
тәрбиелеудің, оқытудың және басқа да педагогикалық тҥсініктердің
98
ӛткенін білу арқылы оның келешек дамуын анықтауға болады. Қисынды
және тарихи талдаудың бірлігі педагогикалық зерттеу ҥрдісіндегі
міндеттерді сапалы шешуді қамтамасыз етеді.