2. Педагогикалық тестілеу түрлері
Педагогикалық тестілеу тҧлғаның білімін, іскерлік, қабілеттілік,
тҧлғалық қасиеттің даму денгейін, сонымен қатар олардың бекітілген
ережелермен
нормаларға
сәйкестілігін
немесе
зерттелушіде
қарастырылатын қасиеттің ертерек дамуын салыстыратын стандартты
сҧрақтар мен тапсырмаларды пайдаланатын зерттеу әдісі.
Тестілеу - зерттеушіге белгілі бір қызмет ҧсынады: ол тапсырма
орындау, сурет салу, кӛрініс туралы әңгімелеу және қолданылатын әдіске
байланысты басқа да іс-әрекеттер болып табылады. Зерттеуші адам
бойындағы қасиеттердің даму деңгейі туралы қорытынды жасайтын
белгілі бір зерттеу жҧмысын жҥргізеді.
Тесттер мынадай белгілермен сипатталады: дәлдігі (зерттеушіге
кездейсоқ жайттардың әсер етпеуі); ҥлгілігі (тапсырмада қандай да бір
қиын,
кешенді
қҧбылыстың
орын
алмауы);
стандарттылығы
(зерттеушілердің қасиетін немесе ҥрдіс нәтижесін талдауда біртекті
талаптармен ережелердің болуы).
Тестілеудің 3 негізгі саласы бар:
1)білім беруден тестілеу
2)кәсіби тестілеу
3)психологиялық тестілеу
Барлық 3 салада да келесі тест тҥрлері қолданылады: жеке тҧлғалық,
жобалық, интеллект (зияткерлік) тесті, жетістік тесті, креативтік тестілер,
ӛлшемді-бағыттаушы тестілер.
Жеке тҧлғалық тестілер – жеке тҧлғаны жан-жақты ӛлшейтін
психодиагностика әдістері: белгілеулер, қҧндылықтар, қарым-қатынас,
эмоциональдық (кӛңіл-кҥйі) уәждік және тҧлға аралық қасиеттер, мінез-
қҧлықтық типтік тҥрлері. Әдетте жеке тҧлғалық тесттер 1)шкалалар мен
сҧрақтар; 2)әр тҥрлі жағдайларға байланысты тесттер мен перцептивті,
конгнитивті немесе бағалау тапсырмаларының негізінде пайдаланылады.
Тҧлғалық сҧрақ-жауаптардың тҧлғаның әр тҥрлі ерекшеліктерін
бағалауға арналған тҥрлері бар: а)тҧлғаның мінез-қҧлық ерекшеліктерін
118
анықтайтын сҧрақтар; б) типологиялық сҧрақтар; в) іс-әрекеттің-
қҧбылыстың себебін анықтайтын сҧрақтар; г) зерттелушінің
қызығушылықтарын анықтайтын сҧрақтар.
Жобалау тестілері – [латын projection – алға лақтыру ] –
тҧлғаны
зерттеу әдісінің бірі. Зерттелушінің ерекшелігін анықтау және
тҥсіндірудің жолы. Аталмыш әдіс жобалық әдістемелердің жиынтығымен
жҥргізіледі. Олардың ішінде: а)ассоциативті (мысалы Роршахтың
аяқталмаған сӛйлемдер тестісі және т.б.) б) тҥсіндірмелі (мысалы,
кӛріністе бейнеленген әлеуметтік жағдайларды тҥсіндіруді талап ететін
тестіле); в) экспрессивті (психодрама, адамның немесе жер бетінде
тіршілік етпейтін жануардың суреті жәнет.б.)
Зияткерлік тесттің сан алуан тҥрі қабілеттілікті сынау тестісі ретінде
қабылдануы мҥмкін. Стенфорд-Бике тестісі, Векслер межесі және әр тҥрлі
топтағы зияткерлік тестілер білім беру мекемелерінде академиялық
қабілеттілікті анықтау тестісі ретінде қабылданады. Себебі олардың
кӛмегімен оқушы немесе студенттің академиялық ҥлгерімін анықтауға
болады. Ғылымға не тілге ерекше қабілеттілікті анықтау ҥшін арнайы
тестілер қҧрастырылады.
Тесттің мынадай негізгі тҥрлері ажыратылады:
Жетістік тестісі - іскерлік, білім, дағдылану деңгейін анықтауға
арналған кәсіби, біліктілік мазмҧндағы тесттер. Мысал ретінде, бірыңғай
мемлекеттік емтиханды айтуға болады.
Қабілеттілік тестілері арнайы таңдалған стандартты тапсырмалар
жиынтығын қҧрайды. Ол қызметкердің тапсырмаларды орындауда
қабілетімен әлеуетін бағалауға мҥмкіндік береді. Қабілеттілік тестілері
белгілі бір іске қабілеттілік деңгейін бағалау ҥшін қажет.
Тестілер вербальды (ауызша мағыналы) және вербальды емес
(айшықты, суретпен, кескінмен), яғни сӛзсіз болып ажыратылады.
Осылай, тест әрқашан тҧлғаның қандайда бір психологиялық қасиетінің
кӛрінуін және оның дамуы мен қалыптасу деңгейін бағалаумен
байланысты.
Дҧрыс қҧрастырылған тест келесідей қҧрылымдалуы қажет:
- Тапсырмалардың жиынтығы;
- Зерттелуші ҥшін тестімен жҧмыс жасау ережелері;
- Сыналушы ҥшін нҧсқаулық;
- Тестімен ӛлшенетін қасиеттердің теориялық суреттемелері;
- Қасиеттерді ӛшеу межесі;
- Меже бойынша бағалау әдісі.
Тестілеу әдісі, тҧлғаны зерттеуде даулы және кең таралған әдісі
болып табылады. Бҧл әдістің даулылығы неде? Тестілеуде қандайда
қиыншылықтар байқалады? Оның кең етек жаюына не кедергі?
119
Біріншіден, әдеттегі жағдайда тестілеуден жоғары ҧпай алған адам,
қауіпті жағдай туындағанда кҥйзеліске шыдай алмай, жҥйкесі сыр беруі
мҥмкін. Әрине, тестілеуді ақиқатқа, шындыққа балау ҥшін, тестілеу
кезінде зерттелушіге қарбалас жағдай тудырып, тестілеуге берілген
уақытты қысқартуға болады, бірақ айтарлықтай қиындықтар тудырады.
Екіншіден, тестілеу рәсімінің сипатын біле отырып, зерттелушіге
ҧқсас тестілерді шешіп, дайындалуға, ал кейбір жағдайда нәтижесін алдын
ала білуге болады. Бір сӛзбен айтқанда, кейбір қатысушылар ӛздерінің
қабілет-қарымына
емес, тапқырлығына,
пысқтығына, қулығына,
байқағыштығына қарай жоғары нәтиже кӛрсетуі мҥмкін. Қатысушының
тағдыры тестілеуге неғҧрлым қатысты болса,оның қулығы, икемділігі
соғҧрлым жоғары болады. Бҧндай жағдай тест қҧрастырушыларды әр
тҥрлі қулыққа барып, мысалы, бірін-бірі қайталайтын тест сҧрақтарын
жасауға итермелейді. Дегенмен, жоғары сапалы тест қҧрастыру оңай емес,
ал соңғы нәтижені есептеп, салыстыру одан да қиын.
Ҥшіншіден, қазіргі тестілеудің нәтижесі біраз уақыттан кейін, дәл
сол зерттеу нәтижесімен салыстырғанда ӛзгеше болуы мҥмкін. Бір сӛзбен
айтқанда, психологиялық-педогогикалық зерттеу тҧлғаның дамуын толық
бақылай алмайды, тек мардымсыз болжау мҥмкіндігіне ие болады.
Тӛртіншіден, тестілеу әдісімен бірге жҥретін кӛптеген ӛлшемдер,
тҧлғаның қасиетін анықтауда жетекші болмайды. Олар кӛп жағдайда
тҧлғадағы ӛзгерістерді тіркейтін жҥйке жҥйесінің жеке қызметі болып
табылады. Айталық, ҧзақ және мҧқият тестілеу жолымен математикалық
тәуелділікті анықтау қабілеті дамыған адамдарды таңдап алуға болады.
Тестілеудің дәйектілігі - тҧлғаны ауық-ауық тестілеуде берген
жауаптарынның бір-бірімен сәкестілігін кӛрсететін сипаттамасы.
Мысалы, белгілі Айзенк тестісіне бірнеше кҥн, айға ҥзіліс жасап, қайта
оралса, қойылған сҧрақтардың барлығының жауабы алғашқысымен сәйкес
келе бермейді. Тестілеу әр тҥрлі жағдайда жасалса, сәйкессіздік ерекше
бедерлі болады. Әрине, тестілеу ҥшін тыныштық қажет. Жҥйке жҥйесіне
әсер ететін сыртқы жағдайлардан арылған жӛн. Дегенмен, бҧның бәрі екі
тҥрлі уақытта жасалған тест нәтижесінің сәйкестілігіне кепіл болмайды.
Алғашқы және соңғы тестілеу нәтижесінің арақатыстық шамасы
тестілеудің дәйектілігін анықтайды. Дәйектілікті % пайызбен ӛлшейді.
Бҧнда қатысушы бірдей жауап берген сҧрақтың пайызы есептелінеді.
Тестілеудің жоғары дәйектілігінің арақатыстық шамасы 0,6-0,9%
аралығында анықталады.
Тестінің анықтығы - қҧбылыстың қасиетін, сапасын ӛлшеуге
жарамдылығы. Айталық, математикалық заңдылықтарды табуға арналған
тестіні шешуде 5 қатысушы тӛмендегідей нәтиже кӛрсетті.
120
Зертелушілер
Дҧрыс
анықталған
заңдылықтар
саны
Топтағы орны
Сарапшылардың
бағалауы бойынша
берілген орын
А
5
4
3
Б
10
1
1
В
7
3
4
Г
3
5
5
Д
9
2
2
Қатысушыларды сарапшылар да бағалады. Сарапшылар бағасы екі
жылдық бақылауға негізделді. Жан жақты зерттеу негізінде
сарапшылардың
пікірі
қалыптасты.
Әрине,
ол
математикалық
заңдылықтарды ашу қабілеттілігінің деңгейі нақты кӛрсетті. Тестілеудің
нәтижесімен шындықтың толық сәйкес болуы мҥмкін емес. Тестінің ешбір
тҥрі мҥлтіксіз нәтиже бермейді.
Анықтылық - тестілеу нәтижесі және тҧлғаның зерттелетін
қасиетінің нақты дамуының арасындағы арақатыстық шамасын есептеу
жолымен анықталады. Бҧл жағдайда Спирменнің арақатыстық
шамасымен анықталған анықтылық 0,9-ға тең. Бҧл жоғары кӛрсеткіш.
Осылай, тестілеу әдістемесі психологиялық-педагогикалық зерттеудің
тиімді қҧралы болуы мҥмкін.
Дегенмен, тестілеу әдісінің мҥмкіндігін жоғары бағалауға болмайды.
Олар басқа да әдіс-тәсілдер жиынтығымен қатар қолданылуы қажет.
Тестілеудің жеке тҥрін емес, олардың жиынтығын пайдаланып, дәлдігімен
анықтылығына қол жеткізу, зерттеушілердің біліктілігін кӛтеру орынды.
Осының бәрі психологиялық-педагогикалық зерттеуде тестілеу әдісін кең
пайдалануға алғышарт болады.
Достарыңызбен бөлісу: |