Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Мектеп құжаттары мен оқушылардың  қызмет нәтижелерін зерттеу



Pdf көрінісі
бет63/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
3. Мектеп құжаттары мен оқушылардың  қызмет нәтижелерін зерттеу 
         Психологиялық-педагогикалық 
зерттеуде 
қолданылатын 
эмпирикалық  әдістерге  озық  педагогикалық  тәжирибені  зерттеу  және 
жинақтап  қорыту,  педагогикалық  қҧжаттар  мен  адамның  қызмет 
нәтижесімен  байланысты  әдістер  тобы  жатады.  Яғни,  қҧнды  материал 
оқушылардың  шығармашылық  туындыларын  зерттеу  әдісімен  де 
алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық 
және бақылау жҧмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған 
қосалқы  бӛлшектер,  кейбір  пән  дәптерлері.  Мҧндай  жҧмыстар 
оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір 
саладағы  ептілік  және  дағды  жетістіктерінің  деңгейін  кӛрсетеді.  Мектеп 
қҧжаттарымен  танысу  әдісін  қолдана  отырып,  оқушының  жеке  ісі, 
дәрігерлік  карта,  кҥнделік,  жиналыс  не  отырыс  хаттамалары  және  сол 
секілді  мектеп  хат-қағаздарымен  танысу  арқылы  зерттеуші  оқу-тәрбие  , 


121
 
 
білім  игеру  процесін  ҧйымдастыру  практикасында  нақты  қалыптасқан 
объектив жағдайлар жӛніндегі ақпараттармен қаруланады.  
Қызмет  нәтижесін  зерттеу  әдісі  адамның  білімінің,  дағдысы  мен 
іскерлігінің,  қызығушылығы  мен  қабілеттілігінің  қалыптасуын,  тҧлғаның 
психологиялық сапасы мен қасиетінің дамуын зерттейді. 
В.И.Загвязинскийдің  пікірінше,  зерттеуші 
адаммен 
тікелей 
байлынысқа  тҥспейді,  тек  бҧрынғы  қызметінің  нәтижесі,  немесе 
зерттеушінің қарым-қатынасқа араласу ҥрдісінде байқалған ӛзгерістермен 
жҧмыс жасауы, бҧл әдістің негізгі ерекшелігі болып табылады. 
Бҧдан  адамның қызметінің   нәтижесін  зерттеу,  кең мағынада,  оның 
ӛмірлік  кӛзқарастарына  ӛзгеріс  әкелген,  алға  жылжытқан,  қҧндылықтар 
жҥйесін,  қарым-қатынасын  ӛзгертуге  мҥмкіндік  берген  іс-әрекетінің 
нәтижесі  екенін  аңғаруға  болады.  Мысалы,  зерттеу  объектісі  шығарма, 
бақылау  және  тексеру  жҧмыстары,  суреттер,  жеке  пәндер  бойынша 
дәптерлер,  әр  тҥрлі  ҥлгілер  және  т.б.  болып  табылады.  Соның  ішінде, 
балалардың  салған  суреттерін  қарап,  олардың  суретшілік  ӛнерге 
қабілеттілігін, шығармашылық мҥмкіндіктерінің даму деңгейін анықтауға 
айтарлықтай  жәрдем  болады.  Егер  сурет  салу  барысында  балалардың  әр 
тҥрлі тҥстерді пайдалануына мән берсек, олардың психикалық сапасы мен 
қасиеттерінің  дамуы туралы қосымша ақпарат алуға болады. 
Балалар  іс-әрекетінің  нәтижесін  талдау  әдісін  қолдану,  шын 
мәніндегі, ӛнерді талап етеді. Зерттеуші объективті нәтиже бойынша жеке 
ҥрдісті  емес,  сондай-ақ  іс-әрекеттің  ӛтуін,  оның  уәжін,  қҧрамдас 
бӛліктерін, баланың, топтың мінез-қҧлқын қайта қалпына келтіруі қажет. 
Бҧған  қоса,  қызмет  нәтижесін  зерттеу  іс-әрекеттің  жеткен  деңгейін  және 
алға  қойған  зерттеу  міндеттерін  орындау  ҥрдісін  бағалауға  мҥмкіндік 
береді.  Бҧл  ретте  «баланың  белгілі  бір  іс-әрекетке  дайындық  деңгейін, 
тапсырмалардың  сипаты  мен  оның  орындалу  жағдайы  туралы  мағлҧмат 
алу  маңызды».  Бҧндай  мағлҧматтарды  ала  отырып,  зерттеуші  тҧлғаның 
адалдығы,  мақсатқа  жетудегі  бірбеткейлігі,  жҧмысты  орындаудағы 
ынтасы мен шығармашылығы, яғни тҧлғаның дамуындағы ілгерлеушілікті 
бағалай алады. Алынған мағлҧматтар баланың қызмет нәтижесінде кӛрініс 
берген  қабілеттіліктерін,  мҥмкіндіктерін  және  оның  сезімі  мен  ниетін 
зерттеу кӛрсеткіштерін қайта ҧғыну мен бағалауға негіз болады. 
Қызмет  нәтижесін  зерттеу  әдісі  бақылаумен,  педагогикалық 
сынақпен  және  т.б.  ҧштастыру  зерттеушіге  әр  тҥрлі  іс-әрекеттің  тікелей 
қызмет  еті  ҥрдісіндегі  ерекшелігін  және  жҥйелігін  зерттеуге  мҥмкіндік 
береді.  Бҧл  жекелеген  іс-әрекеттердің  орындалу  механизмі  туралы 
мағлҧмат  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  тҧтас  қызметті  жҥзеге 
асыруға  жағдай  жасайды.  Қызметтің  жекелеген  нәтижесіне  кездейсоқ 
жағдайда  қол  жеткізу  мҥмкін  болатындықтан,  бір  баланың  әр  тҥрлі  іс-
әрекетінің нәтижесін талдап, сараптаған дҧрыс. 


122
 
 
Балалар  іс-әрекетінің  нәтижесін  сақтау,  оны  салыстыру  баланың 
шығармашылық  және  басқа  да  қабілеттіліктерінің  даму  динамикасын 
бағалауды қамтамасыз етеді. 
Іс-әрекеттің  нәтижесін  зерттеу  әдісіне  педагогикалық  қҧжаттарды 
(есеп, нормативті және т.б. қҧжаттар) зерттеуді жатқызуға болады. Жҧмыс 
барысында зерттеуші әр тҥрлі қҧжаттарды зерттейді: мінездеме, жеке ісі, 
дәрігерлік 
карта, 
автобиография, 
оқушы 
кҥнделігі, 
бақылау 
жҧмыстарының  жорналдары,  білім  мекемелерінің  басшыларының 
бҧйрықтары  мен  қаулылары,  жиналыстар  мен  дӛңгелек  ҥстелдің 
хаттамалары  және  басқалар.  Бҧл  қҧжаттарды  талдау  оқушы  тҧлғасының 
даму  динамикасын  анықтауға,  ресми  пікірлерді  салыстыруға,  білім  беру 
ҥрдісін  ҧйымдастырудың  қалыптасқан  жай-кҥйін  анық  сипаттайтын 
шынайы мәлімет алуға мҥмкіндік береді. 
Қҧжаттармен, соның ішінде педагогикалық зерттеулердегі мәтінмен 
жҧмыс жасаудың бір әдісі ретінде, арнайы сайлау жолымен нақты ақпарат 
алуға  мҥмкіндік  беретін  контент-талдау  әдісі  қолданылады.  Контент-
талдау  (content  –  содержание,  analysis  -  разложение)  –  мәтіндердің  және 
басқа  да  ақпарат  тасушылардың  (видеожазбалар,  сҧхбат,  ашық 
сҧрақтардың  жауабы,  сауалнамалар  және  т.б.)  ерекше  сипаттамаларын 
анықтауға  мҥмкіндік  береді.  Мазмҧнды  талдаумен  салыстырғанда, 
аталмыш  ғылыми  әдіс  кейбір  сапалық  белгілерге  –  шынайылық, 
дәйектілік, сай келетін ақпарат алуда қолданылады. 
        
                                       Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
1. Тест тҥрлерін атаңыз. Тестілеуге қойылатын талаптар қандай? 
2. Жобалау тестілерін жасау және қолдану ерекшеліктерін атаңыз. 
3. Мектеп қҧжаттары және оқушылардың щығармашылық жҧмыстарын 
зерттеудің маңызы мен алатын орны? 
4. Зерттеу жҧмысыңыздың тақырыбына, мақсатына сәйкес тестілеу әдісін 
қолданыңыз. Оны аудиторияда ӛткізу әдістемесін кӛрсетіңіз. 
5. Контент-талдау дегеніміз не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет