Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Экспериментті жүргізуде  ұсынылатын  тәжірибелік  кеңестер



Pdf көрінісі
бет67/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

4. Экспериментті жүргізуде  ұсынылатын  тәжірибелік  кеңестер. 
Педагогикалық    эксперимент  зерттеу  болжамының  дҧрыстығын 
дәлелдеу  ҥшін  қажет  зерттеу  әдістерінің  кешеніне:  бақылау,  сҧрау,  іс-
әрекет нәтижесін талдау т.б.  негізделеді.  
Педагогикалық      экспериментті  тиімді  жҥргізудің    маңызды  
шарттары:  

 
қҧбылысты алдын ала мҧқият талдау, эксперименттің міндетін, зерттеу 
аумағын  барынша кӛп білу мақсатында бҧқаралық тәжірибені білу;  

 
болжамды    нақтылау.  Бҧнда  болжам    бҧл  қҧралдың  ҥрдіс  нәтижесін 
жақсартады  деп  сендірмей,  оның    белгілі  жағдайда  таңдап 
алыңғандардың ішінде ең тиімді болатыны  туралы  болжайды; 

 
эксперименттің  міндетін  мҧқият    тҧжырымдау;    қҧбылыс,  қҧралдар 
зерттелетін, нәтиже  бағаланатын белгілерді анықтау;  

 
эксперименттің  міндеті    мен  мақсатын  ескере  отырып,  сыналатын 
нысандардың  қажетті  санын,  сонымен  қатар  қажетті    ҧзақтығын 
анықтау;  

 
эксперимент  барысында  зерттеуші    мен  сыналушы    нысан  арасында  
ҥздіксіз    ақпарат    алмасуды    ҧйымдастыра  білу.  Зерттеуші    зерттеу  
қҧралдары  мен  әдістері,  оларды    пайдаланудың  нәтижелері  туралы  
хабарламамен  шектеліп  қоймай,  психологиялық-педагогикалық  ықпал 


129
 
 
ету барысында туындайтын қиыншылықтарды,  кҥтпеген  жағдайларды, 
маңызды  аспектілері  мен  тетіктерін,  зерттелетін    қҧбылыстың  
динамикасын ашуға мҥмкіндік алады;  

 
сынақтан    шығарылған    қорытындылар  мен  ҧсыныстардың  қол  
жетімділігін, олардың  әдеттегі, дәстҥрлі  шешімдерден  артықшылығын  
дәлелдеу.  
       Эксперименттің  бағдарламасы    зерттеу  мерзімін,  қҧралдарын,  ретін, 
тәртібін    қарастыратын  шаралар  жҥйесін    ҧсынады.  Эксперименттің 
бағдарламасын  жасауда    зерттеуші  тӛмендегідей    сауалдарға    жауап 
беруі қажет.  

 
эксперимент  жҧмысының    пәні    не,  педагогикалық  ықпалдың 
табыстылығын    қандай  маңызды  белгілері  (қасиеті,  сипаты,  салдары)  
бойынша  анықтауға болады?  

 
эксперимент мәні неде, педагогикалық ықпалдың нақты  қайсысы сынға 
ҧшырайды? 

 
ақпарат алумен  ӛңдеудің қандай  әдісі қолданылады? 

 
сынақтың қисынды  сҧлбасы  қандай  болады?  

 
сынақтың нәтижесі  қалай  рәсімделеді және бағаланады? 
Осы  айтылғандардан  педагогикалық  эксперименттің  жҥзеге  асырылуы 
қиындық тудыратын кешенді әдіс екені белгілі.  
Экспериментке  дайындық  барысында  зерттеуші алдында  екі сҧрақ  
туындайды:  
Сыналатын  нысандар  (экспериментке  қанша  сыналушыны  кірістіру  
қажет,  қанша  педогог  қатысу  керек,  сынақ  жҧмысы  қанша  оқу  орнын 
қамтуы  қажет  және  т.б.)  қалай    таңдалуы    тиіс?  Сынақтың  ҧзақтығы 
қандай болу керек? 
Бҧл мәселелерді  шешу  ҥшін мынадай   тәжіриелік кеңестер ҧсынуға 
болады:  
А)  Бақылау және сыналушы топтарда сыналушлардың саны кӛп болғаны 
дҧрыс.  Екінші  жағынан,  бҧл  топтар    шексіз    ҥлкен  болмауы  міндетті, 
себебі  бҧл жағдайда  сынақты  басқару  қиындай тҥседі. Дегенмен, егерде  
экспериментті    жҥргізу    барысын    қадағалау  мен  басқару    сапасы  
айтарлықтай    тиімді  болса,  ғылым  мен  тәжірибе  сынақтың  кеңдігімен 
ҧтады.  
Бҧнымен  қоса,  экспериментке  қатысатын  адамдардың  ауқымы  кең 
болуы  тиіс.  Мысалы,  зерттеуші  орта  білім  беретін    барлық    мектептерде  
ҧсынғысы келетін  зерттеу  шаралардың жаңа жҥйесін  тексерсе, сынаққа  
қалалық және  ауылдық    мектептердің    тәрбиеленушілері  қатысуы  қажет. 
Егер,  зерттеуші  бҧндай  ауқымды  зерттеу    ӛткізуге    мҥмкіндігінің  
жоқтығын  тҥсінсе, ол зерттеу міндетін  нақтылап,  нысандардың  мҥмкін 
болатын    санын  алады:  тек  қалалық    немесе  ауылдық  мектептің  бірін  
таңдау,  тек  тӛменгі,  ортаңғы    немесе  жоғары    сыныптарды  таңдау. 


130
 
 
Осылай,    эксперименттің  міндеті  мен  зерттелетін    нысанның    саны  бір-
бірімен    тығыз    байланыста    болып,  бір-біріне  ықпал  етуі  мҥмкін. 
Дегенмен,  шешуші  элементі  алдын  ала  алынған  эксперименттің    міндеті 
болып табылады.  
Әрі  қарай  зерттеуші      сыналатын  нысандардың  санын  қажетті 
мӛлшерге  дейін  азайтады.  Мысалы,  ауылдық  мектептерден  он  емес,  екі 
немесе  бір  мектеп,  тӛменгі  сыныптардан  ҥш  емес,  екі  немесе,  тіпті    бір 
сынып    таңдауы  мҥмкін.  Бҧндай  қажетті    аз  таңдауды    қалай  жасауға 
болады?  Бҧл  ҥшін  зерттеу    тақырыбының  мәнін  ҧғыну  қажет.  Егер, 
математика,  әдебиет  немесе  басқа  пән  бойынша    белгілі    бір  тақырыпты 
оқыту әдістемесінің тиімділігін  тексеру қажет болса,  бір сыналушы мен 
бақылау 
сыныбымен 
шектелуге 
болады. 
Сыналушы 
сыныпта 
қҧрастырылған  жҥйеге сәйкес, қажетті  ӛзгерістер  болады, ал қадағалау 
сыныбында    әдеттегідей  оқу  ҥрдісі  жҥріп  жатады.  Сыналушы  сыныптың 
ҥлгерімі  бойынша      бақылау    сыныпты    басып  озбайтындай    әдеттегі 
болуы маңызды.  
Егер,  зерттеуші  қазіргі  мектеп    оқушыларының  тӛмен    ҥлгерімінің 
әдеттегідей  себебін    анықтағысы    келсе,  оған,  мысалы,  қала,  ауыл  
мектептеріндегі  әр    жастағы    топтың    оқушылары    жӛнінде  ақпарат  
жинауға тура келеді. Мысалы, бір  экспериментальды зерттеу барысында 
ҥш  мың  оқушыны  қамтуы  қажет  болды.  Бірақ  кездейсоқтық  жолмен  ҥш 
мыңның  ішінен  250  адам  таңдалып  алынады,  мҧнда    тӛмен    ҥлгерімнің 
себептері қайталанады. Бҧл 250 оқушы  туралы мәліметті терең зерттеуге 
негіз болды. 
Ережеге  сай,  дидактиканың  мәселелерін  зерттеу  жағдайында  
бақылау  және  сыналушы  топта  60  адамнан  тӛмен  болмауы  қажет. 
Респоденттің  осындай  санында  ғана,  ҥлкен  сандар  заңдылығы  бедерлі 
кӛрініс беріп, сәйкесінше, зерттеудің есептік дәйектілігіне жетуге болады.  
Тәрбиелеу  мәселесіне  байланысты    эксперимент    туралы  сӛз 
қозғасақ,  мҧнда  сынаққа  30-40  адам  қатыстырылуы  мҥмкін.  Әдетте, 
сынаққа  толық  қалыптасқан  ҧжым  -  оқу  сыныбы,  жас  шамасына 
байланысты  біріккен  топ  қатысуы  қажет.    Егер,  зерттеуші  тҧтас  жас 
шамасына  байланысты біріккен топқа ҧсынымдар жасаса,  экспериментке 
жас  шамасының  барлық  ӛкілін  қосу  керек.    Осылай,    эксперимент 
нысандарын  таңдаудың  бірегей,  стандартты  шешімі  жоқ  және  болуы 
мҥмкін емес.  Сынаққа таңдалып алынатын нысандардың санын азайтумен 
қоса,  олардың  санын  кӛбейтудің  алдын  алған  дҧрыс,  соңғысында  сынақ 
жҥргізуші  тым  шаршайтындықтан,  сынақ  барысын  терең    талдамай, 
дәйексіз ҧсынымдар жасайды.  
Б)    Экспериментке    қажетті  мерзімді  анықтай  отырып,  тым  қысқа 
мерзімнің  дәйексіз  ғылыми  ҧсынымдарға,  жеке  педагогикалық 
факторлардың рӛлі мен мәнін тым асыра сілтеуге  әкелетінін есте сақтаған 


131
 
 
жӛн.  Ӛте  ҧзақ  мерзімді    эксперимент  зерттеушіні  басқа  міндеттерді 
шешуден  алаңдатады,еңбекті  кӛп  қажет  етеін  жҧмыс.  Сондықтан,  әр 
зерттеу жҧмысында  эксперименттің  ҧзақтылығын дәлелдеу қажет.  
Бҧл,  біріншіден,  бҧрын  жҥргізілген  осы  тектес    экспериментті 
талдау;  екіншіден,    эксперименттің  мақсаты  мен  мәнін  мерзімімен 
байланыстыру  жолымен    мҥмкін  болады.Егер,  мысалы,  тӛмен  сынып 
оқушыларының оқу материалдарын қабылдауының ерекшелігін зерттейтін 
болса,    бірінші,  екінші  және  ҥшінші  сынып  оқушыларын  қамтып, 
зерттеуді    ҥш  жыл  жҥргізген    дҧрыс.  Сәйкесінше,  басқада  жас 
мӛлшеріндегі  топтар  ҥшін    эксперимент    ҧзақтығы  таңдалады.  Бҧл 
мерзімді  қысқартуға  болады,  егер  зерттеуші    экспериментті  бір  уақытта 
барлық  жас  шамасы  бойынша  топта  жҥргізу  мҥмкіндігі  болса,  немесе 
зерттеу  жҥргізіліп  жатқан  сыныптар еш  айырмашылықсыз,  бірдей  болса. 
Кӛріп  отырғанымыздай,    эксперименттің  ҧзақтығы  мен  сыналушы 
сыныптардың  саны  ӛзара  бір-бірімен  байланысты,  және  зерттеушінің 
қандай белгі бойынша таңдау жасау керектігін анықтауы ӛте маңызды.  
Егер    эксперимент  барысында    оқытудың    дәйекті  білімнің 
қалыптасуына  ықпалы  зерттелсе,  нақ  сол  оқу  пәнінің  әдеттегі  және 
қҧбылмалы  бӛлімдерін  қамту  қажет.  Егер,  бір  тақырыпты  оқытудың 
әдістемесі зерттелсе, әрине, эксперименттің ҧзақтығы оны игерудің толық 
кезеңіне созылады.  
Егер  қандайда  болсын  педагогикалық  қҧралдың  ойлау,  ерік, 
мотивациялық  пен  эмоциялық  сфераның    дамуына  ықпалы  зерттелсе, 
сынақ  бір  жылдан  кем  емес  уақытқа,  әдетте,  екі  жылға  созылуы  қажет, 
себебі,  қысқа мерзімде тҧлғаның психикалық ӛзгерісін табу қиын.  
Тҧлғалық  қасиетті  тәрбилеу  жӛнінде  де  осыны  айтуға  болады. 
Мҧнда,  әдетте,  жағымды  жаққа  қарай  ӛзгерістер  бақылау  ҥшін,  бір-екі 
жыл қажет болады. А.С. Макаренконың   «жару»  әдісін қолданудың  әсері 
мол  болса  да,  зерттеуші  тәрбиелеу  шаралары  жҥйесінің  беріктігін 
дәлелдеу  ҥшін,  ҧзақ  уақыт  бақылауды  және  алынған  нәтижені  бекітуді 
жалғастыра беруі қажет.  
Соңында педагогикалық зерттеудегі педагогикалық  эксперименттің 
нәтижесін  шексіз  даралаудың  қажеті  жоқтығын  есте  сақтаған  жӛн.   
Себебі, олар міндетті тҥрде басқа зерттеу әдістердің кӛмегімен тексеріліп, 
бекітілуі тиіс.    Эксперимент жҧмысының тиімділігі әсіресе зерттеушінің 
шеберлігіне, әдіснамалық пен әдістемелік  білімділігіне  байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет