Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Озық педагогикалық тәжірибені  зерттеу, жинақтау, талдау және



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

2. Озық педагогикалық тәжірибені  зерттеу, жинақтау, талдау және 
тарату 
Озық  педагогикалық  тәжірибе  ҥлгілерін  қарастырудың  кезеңдері. 
Ғылыми  жҧмыстың  бҧл  кезеңінде  озық  жобалар  туралы  дәйекті 
ақпараттар  кӛзін  анықтау  маңызды.  Артынша,  зерттелетін  нысандар 
таңдалып  алынады,  зерттеушімен  жоба  авторының  арасында  тиісті 
қҧқықтық  байланыстар  рәсімделіп,  зерттеушінің  кейінгі  іс-әрекетін 
жоспарлайтын  бағдарлама  әзірленеді.  Озық  жобаларды  таңдаудың 
алғышарттарын  белгілейтін,  яғни  қандай  да  бір  педагогикалық 
туындыларды озық жобалардың қатарына енгізуге негіз болатын сараптау 
аппаратын анықтау екінші кезең жҧмысы болып табылады. 
Озық  педагогикалық  тәжірибелерді  зерттеу  туралы  деректерге 
қысқаша  тҥсінік.  Барлық  деректерді  мынадай  топтарға  бӛлуге  болады: 
жазбаша тҥрде сақталатын деректер; есте сақтау арқылы жеткен деректер; 
ауызша жеткен деректер және бастысы, сырттай бақылау мен бейнелеуге 
болатын нақты іс-әрекет. 


150
 
 
Ғылыми сараптауда кӛпшілікті қолжазба тҥрінде берілетін деректер 
қызықтырады.  Олардың  қатарына:  1.  Педагогикалық  жаңалықтардың 
қатарын  ҥздіксіз  толықтырып  отыратын  педагогтардың,  ғалымдардың, 
жоғары  оқу  орындары  басшыларының  әр  тҥрлі  ғылыми-әдістемелік 
конференцияларға  дайындаған  баяндамалары.  Оларды  зерттеп,  талдау 
зерттеушілердің  негізгі міндеті.   2.  Педагогтардың  озық тәжірибелерімен 
таныстыру  жергілікті  білім  беру  басқармаларының,  оқу  орындарының 
әдістемелік  қызметінің  ғылыми  конференцияларға  дайындаған  арнайы 
басылымдары,  әдістемелік  қҧралдары,  есеп  берулері,  сызбалар  мен 
иллюстрациялар,  дидактикалық  кӛрнекі  қҧралдар,  техникалық  және  оқу-
әдістемелік  қҧралдар  арқылы  жҥргізіледі.  Бҧл  педагогтар  тәжірибесімен 
таныстырудың  ауызекі  ҥлгісі  болып  табылады.  Тәжірибеде  ғылыми 
жаңалықтармен  бӛлісудің  бірнеше  тҧрақты  әдістері  қалыптасқан. 
Олардың қатарына жоба авторларының кеңестермен жиындарда, шеберлік 
сабақтарда,  мектеп  және  жоғары  оқу  орындары  аралық  әдістемелік 
конференцияларда, тәжірибе алмасу семинарларында, ҧстаздардың білімін 
жетілдіру курстарында сӛйлеген сӛздерін жатқызуға болады. 
3.  Педагогтардың  кҥнделікті  қызметінде  пайдалануға  мҥмкіндік  беретін 
педагогикалық  тәжірибенің  барлық  қҧнды  деректері  сақталған  ғылыми 
жинақтар.    
Мҧғалімдердің  кәсіби  шеберлігі,  яғни  оқыту-тәрбиелеу  ҥрдісін 
ҧйымдастыру  озық  педагогикалық  тәжірибелерді  танып  білудің  ҥшінші 
тобы болып табылады.   
           Дегенмен,  педагогикалық    ҧжымдағы  бағалы  тәжірибені  анықтау 
бастапқы қадам. Одан кейін байқалған қҧбылысты анықтап, мәліметтерді 
ӛңдеу, талдау, тҥсіндіру, жиналған деректерді бағалау ҥшін келесі кезеңге 
ӛтеді. Бҧл мақсатта, негізінен педагогикалық ҥрдіске қатысушылардың іс-
әрекеттері,  әдіс-тәсілдері,  жҥргізілген  хаттаманың  толық  мазмҧнын 
біріктіретін  стенографиялық  бейне  пайдаланылады.  Зерттеу  барысында 
зерттеу  пәніне  назар  аударып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  зерттеу 
қҧбылысына  қатысты  толық  ҥрдісті  бақылау  қажет.  Бҧл  ретте,  ең 
тиімділері 
педагогикалық 
қызметке 
байланысты 
тҥсірілген 
кинотҥсірілімдер мен бейнежазбалар.  
Жалпы  басылымдардағы  ғылыми  жаңалықтар    мазмҧны  бойынша 
ғылыми  басылымдардағы  деректерден  айтарлықтай  ӛзгеше  болмайды. 
Ғылыми  басылымдарда  мәліметтер  қысқаша  конспект,  дәйексӛз, 
анықтамалар, 
формальды-логикалық 
ҥлгі 
бойынша 
берілген 
кӛрсеткіштерді салыстырулар тҥрінде жарияланады.  
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеуде жетістікке жетудің бірден 
бір  шарты  қажетті  кӛлемде  сапалы,  дәйекті  мәліметтер  жинақтау  болып 
табылады.  


151
 
 
Озық  педагогикалық  тәжірибеге  қатысты  барлық  жинақталған 
деректер  мен  мәліметтерді  ғылыми  жҧмыстың  қисынына  қарай  ӛңдеу 
қажет.  Педагогикалық  тәжірибе  ҥлгілерін  ӛңдеудің  негізгі  мақсаты  
жинақталған  деректерді  бір  жҥйеге  келтіріп,  мҧғалімнің    кәсіби  іс-
әрекетінің нәтижесін бағалау болып табылады.  
Жинақталған деректерді бір ретке келтірудің  негізгі жолы  - жіктеу 
болып  табылады.Педагогикалық  кӛрсеткіштерді  жіктеудің  кең  тараған 
тҥрлері: координата бойынша жіктеу, мағына - мазмҧны бойынша жіктеу 
және  ӛзін-ӛзі  дамытуға  қажетті  мәліметтер  бойынша  жіктеу.  Координата 
бойынша  жіктеуде  зерттеуші  бірыңғай  мақсаттарды  біріктіретін    ҥлкен 
координаталық жҥйе қҧрады. 
Бҧл  әдісті  қолдану  кезінде  келтірілген  мәліметтерді  кӛрнекі 
бейнелейтін    матрица  қҧрылады.  Бҧл  ӛз  кезегінде  тәжірибені  толық 
бағалау  ҥшін  қажетті  жекелеген  элементтердің  жҥйелік  -  қҧрылымдық 
бейнесін жасауға мҥмкіндік береді.  
Деректерді  мағына  -  мазмҧны  бойынша  жіктеу  ӛзгеше  жҥзеге 
асырылады.  Бҧнда  зерттеуші  алдымен  тақырып  бойынша  негізгі 
тҥсініктерді  айырып  алады.  Осыдан  кейін  тәжірибеге  байланысты 
жинақталған деректермен мәліметтерді тиісті салаға жіктейді.  
Ғылыми  жаңалық  ашушы  белгілі  бір  педагогтың,  педагогикалық 
ҧжымның  тәжірибе  жҧмысын  сараптауда  келесі  бӛлімдерден  тҧратын 
сҧлба  жасалады:  педагог  туралы  жеке  мәліметтер:  жасы,  мамандығы, 
педагогикалық  жҧмыс  ӛтілімі,  ғылыми  зерттеу  барысында  жетекшілік 
жасаған  топтары;  іс-әрекетімен  қызметі  туралы  сипаттама:  жҧмысын 
жоспарлауы,  білім  беру  барысында  әдістемелік  қҧралдарды  пайдалануы 
және т.б. 
Тәжірибенің  мәнін  пайымдау  және  зерттеушінің  эвристикалық 
қабілеттіліктерін  дамыту  ҥшін  «контент  -  сараптама»  тҥрінде  ӛзін-ӛзі 
дамыту классификаторы ерекше қызығушылық тудырады. 
Педагогикалық  тәжірибенің  мазмҧнын  ашушы  ӛңделген  деректерді 
ғылыми  талқылаудың  соңы  -  талдап,  қорыту  болып  табылады.    Талдау 
дегеніміз  нақты  педагогикалық  міндеттерді  жемісті  жҥзеге  асыру  ҥшін 
қажетті  педагогикалық  ойларды  дҥниеге  әкелу.    Озық  педагогикалық 
тәжірибенің  ілгерлетуші  қорытындысы,  зерттеуші  ашқан  педагогикалық  
қҧбылыстар болуы мҥмкін.    
Талдау қорытындысы: жаңашылдығы мен қоғамдық 
маңыздылығына қарай бағалау (мысалы, жаңашылдық немесе 
тҥрлендіруші), бағытталуына қарай (тәжірибе кімге арналған, пайдалану 
шарттары), сонымен қатар тәжірибенге тҥзетулермен толықтырулар 
енгізу, одан әрі жетілдіру және дамыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет