Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


Педагогикалық зерттеу әдістер жүйесі



Pdf көрінісі
бет50/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

 
3.Педагогикалық зерттеу әдістер жүйесі 
      Қазіргі уақытта педагогикалық әдістер жҥйесін реттеуде кейбір жолдар 
анықталды. Жалпы алғанда олардың барлығы жҥйелі тҥрде ортақ сипатты 
3 топқа бӛлінеді: 
1. Ғылыми зерттеудің барлық жалпы әдістері – диалектикалық. Бҧл топта 
педагогика  мен  психологияның  әдістер  жҥйесі  әдіснамаға  және  кез-
келген  ғылыми таным  әдістеріне  сай  келеді. Диалектикалық  әдіс  басқа 
да барлық зерттеу әдістерінің негізі ретінде қатысып отырады. 
2. Педагогика  мен  психологияда  қолданылатын  және  де  басқа  да  ғылым 
салаларына  ортақ  болып  келетін  зерттеу  әдістері.  Бҧл  әдістерді  жиі 
жалпы ғылыми логикалық таным әдістері деп атайды. 
3. Педагогика ғылымының ӛзіне ғана тән жекелеген әдістер. 
Соған сәйкес, жинақтау деңгейі ғылыми әдістерді жіктеуде критерий 
(кӛрсеткіш)  болып  табылады.  Бірақ,  әдіс  дегеніміз  –  таным  мен 
тәжірибеде  белгілі  бір  нәтижеге  жетудің  жолы  және  ол  әрқашанда  бір  – 
бірімен жҥйелі байланысқан екі сипатқа ие: объективті және субъективті, 
ал  педагогикада  жекелеген  зерттеу  әдістерін  толық  ретті  негіздеме 
бойынша жіктеу қабылданған. 
Сонымен, мысалы, Э.И. Моносзон тҧжырымы бойынша, егерде кез-
келген  педагогикалық  зерттеулер  ҥш  деңгейде  жҥзеге  асатын  болса  – 
эмпирикалық,  теориялық  және  әдіснамалық,  соған  сәйкес  зерттеу 
әдістерін жіктеуді ҧсынады. 
Оның  пікірінше,  бірінші  деңгейде  ғылымның  жаңа  фактілері 
орнатылуы  керек  және  соның  негізінде  оларды  жалпылай  отырып 
эмпирикалық заңдылықтары дәлелденеді. Екінші кезеңде – негізгі жалпы 
педагогикалық заңдылықтар кӛрсетіліп, тҥсінік беріледі, яғни ол алдыңғы 
ашылған  фактілерді  тҥсіндіруге  кӛмегін  тигізіп,  жағдайдың  болашағын 
кӛруге  және  айтып  беруге  мҥмкіндік  береді.  Ҥшінші,  яғни  әдіснамалық 
деңгейде 
эмпирикалық 
және 
теориялық 
зерттеулер 
базасында 
педагогикалық  қҧбылыстарды  зерттеу  әдістері  мен  жалпы  принциптері 
кӛрсетіліп,  теория  қҧрылады.  Сӛйтіп,  осындай  жолмен  автор 
педагогикалық  зерттеу  әдістерін  эмпирикалық,  теориялық,  әдіснамалық 
деп бӛледі. 


89
 
 
В.И.  Загвязинскийдің  пайымдауынша,  педагогиканың  зерттеу 
әдістерін  әртҥрлі  белгілер  бойынша  топтастыруға  болады.  Жекелеген 
жағдайда,  қолданылу  тҥріне  қарай  қайта  қҧруға  бағытталған  теориялық 
қорытындылау бойынша нақты материалдарды жинақтау әдісі деп бӛледі. 
Басқа да жағдайда, алдын-ала зерттеу әдісі, тҥсіндіру, болжамдау, тҥзету, 
жинақталған  материалдарды  статистикалық  ӛңдеу  және  т.б.  әдістерге 
бӛледі.  Сонымен  қатар  ол  педагогикалық  қҧбылыстардың  мәнін  ашуда 
тереңдете  зерттей  отырып  екі  әдістер  тобын  бӛліп  кӛрсетеді  – 
эмпирикалық  және  теориялық  зерттеулер.  Алғашқы  топтағы  әдістер 
тәжірибеге, практикаға, экспериментке және т.б., ал екінші тобы сезімдік 
шындықты абстрактілеуге, модель қҧруға және т.б. негізделеді. 
Осы  сипаттағы  педагогикалық  зерттеу  әдістерін  жіктеуді  В.П. 
Давыдов      жҧмыстарынан  байқауға  болады.    Жекелеген  жағдайда,  оның 
пайымдауы бойынша педагогикадағы зерттеу әдістерін эмпирикалық және 
теориялық деп бӛлуді дҧрыс санайды. Себебі, бҧл ғылымның әдістемелік 
жҥйесінде  жалпы  ғылыми  логикалық  зерттеу  әдістері  (Э.И.  Моносзон 
бойынша  олар  әдіснамалық  зерттеу  әдістері  деп  аталған),  атап  айтқанда 
анализ (талдау) және синтез (біріктіру), индукция (жалпыдан жекеге) және 
дедукция  (жекеден  жалпыға),  салыстыру,  жіктеу  және  т.б.,  жҥйелі  тҥрде 
әңгімелесу,  эксперимент,  іс-әрекет  қорытындысын  талдау  және  басқа  да 
осы  ғылымның  дәстҥрлі  әдістеріне  еніп  отырады.  Педагогика  мен 
психология  оқулықтарының  кӛбінде  жалпы  ғылыми  логикалық  зерттеу 
әдістері  бҧрынғы  уақытта  кӛп  қарастырылмаған.  Тек  соңғы  уақыттарда 
монография,  оқулық  және  оқу  қҧралдарында  осы  айтылған  әдістерді 
педагогикалық  зерттеулерде  жҥйелі  тҥрде  қолдану  қажеттілігіне  кӛңіл 
аудару  керектігі  ерекше  айтылуда.  Бҧл  да  тҥсінікті  жағдай,  себебі 
зерттеудің  логикалық  мәдениеттілігі  оның  нәтижесінің  мәнділігін 
жоғарылатады.  Бҧл  жағдай  ӛзінің  кӛріністерін  соңғы  уақыттағы 
педагогика  мен  психология  саласында  қолданысқа  ие  болып  жҥрген 
кҥрделі  зерттеу  әдістері  кезеңінде  ерекше  байқалады,  атап  айтқанда 
кӛпфакторлы  талдау  әдісі,  ҧқсастықтар  әдісі,  дәйектеу  әдісі,  модельдеу 
әдісі  және  т.б.  Қарастырылып  отырған  логикалық  әдістер,  ойлау 
қҧралдары  дәстҥрлі  педагогикалық  әдістердің  қҧрамдас  бӛлігі  ретінде 
дәстҥрлі  әдістер  кӛпшілігін  шартты  тҥрде  эмпирикалық  әдістер  тобына 
жатқызуға  болады.  Тәжірибе  жҥзінде  олар  сол  және  басқа  да 
педагогикалық  фактілерді  қарапайым  табуға  қарағанда  ӛзінде  теориялық 
талдау  сәтін  де  қарастыра  отырып,  эмпирикалық  тҧрақтылықтан 
айтарлықтай жоғары болып келеді. 
Жоғарыда айтылғандарға қоса, В.П. Давыдов педагогикалық зерттеу 
әдістерін  шартты тҥрде  эмпирикалық  және теориялық зерттеу  топтарына 
бӛліп  қарайды.  Бҧл  шарттылық  әдістер  жҥйесінің  мәнін  ашуда  тереңірек 


90
 
 
зерттеуге және зерттеушілік еңбектің мәдениетін жоғарылатуға мҥмкіндік 
береді. 
Ол  зерттеудің  теориялық  әдістер  тобына  –  теориялық  анализ  бен 
синтез,  абстрактілеу  мен  нақтылау,  индукция  мен  дедукция,  модельдеу 
әдісі,  ал  эмпирикалық  әдістер  тобына  –  бақылау,  әңгіме,  сҧрақтама 
әдістері (сауалнама, сҧхбат, тестілеу, социометрия), эксперимент және т.б. 
жатқызады. 
Айтылған  әдістер  тобымен  қатар  В.П.Давыдов  пен  В.И. 
Загвязинский  пайымдаулары  бойынша  педагогикалық  зерттеу  әдістерінің 
қосалқы  тҥрлері,  атап  айтқанда  ғылыми  жҧмыстың  нәтижесін 
қорытындылаудың  математикалық  және  статистикалық  әдістерін 
жекелеген топқа бӛлуге мҥмкін болады дейді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет