Каналдар, оларды жобалау және есептеу жолдары



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі104,04 Kb.
#13441
  1   2   3
Байланысты:
21,04,2020 Каналдың тірі көлденең кескіннің элементтері.


КАНАЛДАР, ОЛАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ.

4.1. Каналдарды жобалау ерекшеліктері.

Суғармалы жерлерде әртүрлі каналдар болады. Қандай да канал болмасын, ол суғармалы жерге суды дер кезінде, белгілі мөлшерде жеткізіп отыруы қажет. Каналдар ашык, түрде /кәдімгі жер каналы/, жабық түрде /құбыр/ болып келеді.

Каналдарды жобалаған кезде төмендегі кестелерде көрсетілген ерекшеліктерді еске алу қажет. Канал классификациясы, су өтімдері, қабырға көлбеуі, каналдың қалыпты көрсеткіштері, канал жолы және бермасы, бұрылыс радиусы т.б. Каналды 4 классификацияға бөлуге болады (4.1-кесте).

4.1-кесте. Каналдардың жұмыс істеу жағдайы және конструкциясы бойынша классификациялау.

Классификация бөлу жағдайы

Канал түрлері

Қолдану жағдайы және ерекшеліктері

1

2

3

Конструкция бойынша

Қапталмаған жер каналы

Қапталған жер каналы


Науа каналы



Өте аз су өтімді жерлердегі каналдар: ПӘК0,9. Су шығынын азайту үшін та- биғи әдіс-терді пайдаланады. Қабырға мықтылығы топырақты жуып шаймай- тын су ағу жылдамдығы реттеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Салынып жатқан мелиоративтік канал -дардың 70% су ағу жылдамдығын жо-ғарлатуға болады. Су шығынын азайту үшін жасанды немесе араласқан түрде жасалады.

Ыңғайсыз топографиялық және геоло-гиялық жағдайларда және үйме топырақ тарда суды көп өткізетін топырақтарда қолданылады.

Пайдалану жағдайына байланысты

Тұрақты:

негізгі түрлері

қосалқы түрлері

уақытша


Бас канал және оның тармақтары.

Ішкі шаруашылық каналдар, коллекторлар т.б.

Уақытша каналдар мен кәріздер.


Жұмыс жасау технологиясы бойынша

Тынымсыз жұ-мыс жасайтын каналдар.

Мезгілмен жұ-мыс жасайтын каналдар.



Бас канал және шаруашылық каналдар.

Ішкі шаруашылық каналдар, коллекторлар және кәріздер.




Орналасу жағдайы бойынша

Қазба канал
Үйме канал

Жартылай қазба,

Жартылай үйме
Қия жердегі канал


Биік орналасқан жерлерде, қия жерлерде салынатын каналдар.

Канал сай жерлерден өткен кезде қолдан үйме жасалады. Күріш суғару жүйесінде көл болады.

Қазылған жердегі топырақ каналдың жолын жасау үшін үйме ретінде пайдаланылады.

Канал қия жерден өткенде оның бір жағы үйме, бір жағы қазба болып келеді.



Канал негізінен үш су өтіміне есептелуі керек. Каналдың есептелген су өтімдері № 4.2-кесте бойынша қабылданады.

4.2-кесте. Каналдың есептелген су өтімдері.



Есептелген су

өтімдері.



Анықтау негіздері

Канал конструкциясының есепті элементтері.

Үлкен су өтімі

Су беру графигінің ең үлкен ординатасы.

Каналдың барлық гидравлика-лық көрсеткіштерін осы су өтімі арқылы анықтайды.

Кіші су өтімі

Су беру графигінің ең кіші ординатасы

Осы су өтімі бойынша канал бойында тұнба заттар отырып қалмау үшін су деңгейін анықтап тексереді.

Ең үлкен су

өтімі


Тасқын кезінде өтетін су графигінің ең үлкен мәні. Оны үлкен су өтімін 20-30 пайызға көбейту арқылы табады.

Осы су өтімі арқылы каналдағы тасқын кезіндегі су деңгейін табады. Канал жолы сол деңгейден жоғары болуын тексереді.

Канал қабырғасының көлбеуі (m0) канал тереңдігі 5 метрге дейін болса № 4.3-кесте бойынша қабылдаған жөн., ал одан терең болса гидротехникалық есептеу арқылы табады немесе суретте көрсетілген номограмма сызбасы бойынша анықтайды.

4.3-кесте. Топырақ түріне байланысты канал қабырғасының көлбеуі.



Грунт түрлері

Қабырға көлбеуі

ылғалды жағы

ылғалсыз жағы

1

2

3

Тау жынысты грунт

0-0,5

0-0,25

Жартылай тау жынысты грунт

0,5-1,0

0,5

Тас қиыршақты және құм қиыршақты

1,25-1,5

1,0

Сарыбаз топырақты ауыр салмақты

1-1,5

0,5-1,0

Сарыбаз топырақ жеңіл салмақты

1,25-2,0

1,0-1,5

Майда құм

1,5-2,5

1-2

Шаңаралас құм

3-3,5

2,5

№ 4.4-кестеде трапеция кесінді каналдардың қалыпты көрсеткіштері көрсетілген.

4.4-кесте. Каналдардың қалыпты көрсеткіштері (су өтімі 10 м3/с-ке дейін).



Каналдың құрылыс тереңдігі, м

Канал түбінің ені, м

Канал қабырғасының көлбеуі.

0,5-1,0

0,4; 0,6; 0,8;

1,0; 1,25; 1,50;

1,0-1,5

0,8; 1,0;

1,0; 1,25; 1,50;

1,5-2,0

1,0; 1,5;

1,25; 1,50; 1,75; 2,0;

2,0-2,5

1,5; 2,5;

1,50; 1,75; 2,0;

2,5-3,0

1,5; 2,5;

1,50; 1,75; 2,0;

Ескерту: Темірбетонды каналда құрылыс тереңдігі 0,25 м арамен қабылданады, ал монолитті бетонды каналда 0,1 метр арамен қабылданады.

Канал жолының және бермасының енін канал құрылысын салу кезіндегі технологиялық жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланатын техниканың сипаттамасы бойынша қабылдайды.

Канал жолының немесе бермасының жоғарғы деңгейі ені каналдағы үлкен су өтімі кезіндегі су деңгейінен (су өтімі 100 м3/с-ке дейін болғанда) № 4.5-кесте бойынша анықталады, ал су өтімі 100 м3/с жоғары болса теңдеумен анықталады.

4.5-кесте. Каналдағы ең биік су деңгейінен канал жолының және берманың биіктігі.



Каналдағы су өтімі, м/с

Қапталмаған каналда

Қапталған каналда

1

20

15

1-10

30

20

10-30

40

30

30-50

50

35

50-100

60

40

Егерде канал 5 метрлі тереңдіктен қазбада жасалса онда канал қабырғасы бойына орта аралық берма орнатылады. Ондай берма қабырғаның мықтылығын жоғарлатады. Берманың ені 1-3 метр шамасында болады да канал тереңдігіне байланысты әр 5 метр сайын салынады. Берма бойында тасқынды ағын суларды ағызып жіберетін кішігірім арықша жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет