Капитал (лат capitalis бас) кең мағынада бұл табыс әкелетіннің барлығы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.11.2023
өлшемі2,33 Mb.
#122438
  1   2   3   4   5   6   7



 


КАПИТАЛ — (лат. capitalis — бас) — кең мағынада — бұл табыс әкелетіннің барлығы, 
немесе адамдардың тауарлар немесе қызметтерді өндіруге жасаған ресурстары. Тар 
мағынада – бұл іске салынған, өндіріс құралдары түрінде істеп тұрған табыс көзі 
(физикалық К.). Көптеген циклдар барасында өндіріске қатысатын капиталдық 
қаражаттар бөлігін білдіретін негізні К. мен бір цикл ішінде өндіріске қатысатын 
толығымен жұмсалатын айналымдағы К. ажыратады. Ақша К. деп соның көмегімен 
физикалық К. сатып алынатын ақша қаражаттарын түсінеді. «Капитал» термині 
«материалдық және ақша қаражатын экономикаға, өндіріске капииталды салу» 
мағынасында сондай-ақ капиталдық салымдар немесе инвестициялар деп те аталады. 
Капиталдың ең қарапайым түсінігі – активтер, немесе ақша әкелетіннің барлығы.
АКТИВТЕР — (от лат. activus — әрекет ететін) — кәсіпорын, фирма, компанияға 
тиесілі мүлік пен ақша қаражаттарының жиынтығы (иеленушілірінің қаражаттары 
салынған ғимараттар, имараттар, машиналар мен жабдық, материалдық қорлар, банк 
салымдары, бағалы қағаздар, патенттер, авторлық құқықтар, ақшалай бағалауға ие 
менішіктік). Сөздің кең мағынасында – ақшалай құнға ие кез келген құндылықтар. 
Активтерді материалдық (сезілетін) және материалдық еместерге (сезілмейтін) бөледі, 
соңғыларына зияткерлік өнім, патенттер, басқа кәсіпорындардың қарыздық 
міндеттемелері, ресурстарды пайдалануға ерекше құқықтар жатады. 
АҚША — кез келген нарықтық шаруашылықтың ең маңызды ұғымдарының бірі, олар 
тауарлар мен қызметтерге ауыстырылып, қарыздарды төлеу үшін де пайдаланылады. 
А. – жалпыға бірдей балама, ерекеше тауар, барлық басқа тауарлар құнының көріну 
формасы. А. айырбастау құралының, төлемдер, құнды өлшеу, байлық жинау, әлем 
ақшасының қызметтерін атқарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет