Капкадерова Камила Байкаловна
Журналистика факультеті
1 курс Кино&Медиа
1-тапсырма
Мобильділік- жылжымалылық жекеліктің немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік жіктен екіншісіне өтуін, ауысуын, әлеуметтік тұғырдың өзгеруін білдіреді. Әлеуметтік мобильділік ұғымын енгізген – П.Сорокин. Әлеуметтік мобильділік көп мәнді жәйттерге тәуелді болатын әлеуметтік өмірдің маңызды көрсеткіші. Әлеуметтік мобильділік тік және көлбеу болып бөлінеді. Тік жылжымалылық өрлеуші және құлдыраушы түрлеріне бөлінеді. Бұл әлеуметтік мәртебенің жоғарлауын немесе төмендеуін көрсетеді. Көлбеу жылжымалылық бір әлеуметтік деңгейдегі өзгерістерді білдіреді. Мысалы, қарапайым құрылысшы айлығы бірдей, бірақ үйіне жақын зауытқа ауысады. Керісінше тік жылжымалылық осы жұмысшының немесе оқытушының басқа қалаға, айлығы жоғары орынға баруын көрсетеді.
Әлеуметтік стратификация- қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
Әлеуметтік тап- айтарлықтай ірі көлемді талдамалық бірлік ол қоғамдағы елеулі, шегіне жеткен жалпы өзгерістерді зерделеуге арналған және қазіргі заманғы қоғамдағы ғаламдық өзгерістерді зерттеуге арналмаған. Сондықтан сарапшылар талдаудың неғұрлым нақты және икемді бірлігін (страта) немесе топ ұғымына бөліп қараған. Топтар - еңбек сипатындағы айырмашылық қажеттіліктерге оларды қанағаттандыру құралдарындағы және өндірістен тыс қызметі құрылымындағы айырмашылықтарға әкеп соғатын кезде, бөлінген және біртекті емес еңбек нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастық.
Әлеуметтік топ- жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады.
Орта тап- әлеуметтік стратификация жүйесінің маңызды бөлігі саналатын қоғамның салмағы басым осы тобы бүгінде қай елде болмасын көптігімен ерекшеленеді. Тұрмысы жоғары және төмен тұратындардың ортасындағы белсенділер – орта таптың азаюы ел экономикасының құлдырауымен тікелей байланысты болады екен. Айтар болсақ, біздің елде орта тап туралы түсінік әлі де болса лайықты сипатқа ие болмай отырған сыңайлы. Себебі, еліміздегі жағдайы жақсы деген тұрғындардың шын мәніндегі тұрмыс деңгейі шетел азаматтарының төменгі табының критерийлерімен сәйкес келуі әбден мүмкін. Жалпы, орта таптың әр елде әралуан болатындығын ескеру қажет.
Мобильділік каналы- олардың арасында
индивидтер жоғары және төмен орын ауыстыра алатындай әртөрлі қуыстар, люфтер, мембраналар болады. Солардың ішінде П. Сорокин
әлеуметтік циркуляция каналдары пайдаланылатын әлеуметтік
институттарға – армияға, шіркеуге, отбасына, меншікке ерекше көңіл бөлді.
Армия әлеуметтік мобильділіктің каналы ретінде бейбіт жағдайда емес,
көбіне соғыс жағдайында көрінеді. Ол кезде атағын көтерген адамдар бейбіт
кезде де жеткен деңгейін одан әрі билікке, байлыққа жету үшін пайдаланады.
Мобильділік кедергілері (барьеры)- жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.
2-тапсырма
Әлеуметтік мобильділікке мысалдар- жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның сатылар саны немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.
Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Мысалы, кеңестер одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.
Тік мобильділік- жеке адамның немесе әлеуметтік обьектінің бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуге ықпалын тигізетін өзара әрекеттер жиынтығы.
Көлденең мобильділік- көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аударуды жатқызуға болады.
Жоғары ұмтылған мобильділік- жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы кәсіби вертикалдық мобильдік, әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы экономикалық вертикалды мобильдік, жатады.
Төмен қарай мобильділік- жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Ұрпақаралық мобильділік- ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.
Ұрпақішілік мобильділік- ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.
Жеке мобильділік- индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.
Топтық мобильділік- топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар, шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар, мемлекетаралық соғыстар, азамат соғыстары, әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы, шаруалар көтерілісі, ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер, империяны құру жатады. Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.
3-тапсырма
Огюст Конт- француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады. Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады.
Эмиль Дюркгейм- Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтану ғылымында алатын орнының ерекше екендігін ескере отырып, Джордж Ритцер мен Джеффри Степницки оның көзқарасына ерекше көп көңіл бөлген. Осыны ескере отырып, тағы да осы ғалымның көзқарасын толықтырып кетуді жөн көрдік. Дюркгейм әлеуметтанудың идея ретінде ХІХ ғасырдағы Францияда қалыптасқанын атап өткен.
Герберт Спенсер- Спенсердің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді.
Достарыңызбен бөлісу: |