Карагандинская государственная медицинская акакдемия


Академиялық адалдық саясаты



бет2/13
Дата14.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#93090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Силлабус Биостатистика

3.2Академиялық адалдық саясаты: Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларыныңжауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (№ 29 8.10.2020 ж.) бойынша анықталады.
Академиялық адалдық принциптері:
1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;
2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;
3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;
4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.


Білім алушылардың академиялық адалдықты бұзу түрлері:
- плагиат;
- сөз байласу;
- алдау;
- бағаларды, бағаланатын жұмыс деректерін, құжаттарды фальсификациялау;
- бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен сатып алу / алу;
- ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану;
- сыбайлас жемқорлықтың көрінісі;
- аралық және қорытынды аттестаттау кезінде онлайн прокторинг рәсімін бұзу.

Плагиат

- авторлығын растамай немесе дереккөзді көрсетпей басқа дереккөздерден алынған материалдарды ішінара немесе толық иелену;
Плагиат әртүрлі формаларда көрінуі мүмкін:

  • тиісті тыныс белгілерін (тырнақшаларды) пайдаланбай және/немесе дереккөзді көрсетпестен дереккөзден цитата алу;

  • дереккөзді көрсетпей дереккөзді өзгертіп жазу

  • авторға сілтеме жасамай, біреудің идеяларын немесе дәлелдерін қолдану;

  • толық немесе ішінара басқа студент жазғанжазбаша жұмысты ұсыну;

  • интернеттен алынған курстық / дипломдық жұмысты ұсыну;

  • басқа курс үшін тапсырма ретінде орындалған курстық жұмысты ұсыну






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет