Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №2 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: Қантамырлар физиологиясы хаттама құрастыру



Дата20.12.2023
өлшемі17,85 Kb.
#141566
түріСабақ


КАРДИОВАСКУЛЯРЛЫ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
ҚАНТАМЫРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Хаттама құрастыру:

1тапсырма.


Гемодинамика дегеніміз- тамыр бойындағы әртүрлі аймағындағы гидростатикалық қысымының салыстырмалы айырмашлығына сәйкес тамырлар бойыымен қанның ағып өтуі,яғни жоғарыдан төменге қарай жылжуы.


Кестені толтыру «Гемодинамика параметрлері».



Параметрі

Қантамырлардың әртүрлі бөлімдегі маңызы

Қан қысымы

Артерияда қан қысымы жоғары,венада төмен,үздіксіз ағып тұрады.Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі процестерді қамтамасыз етеді.

Артериядағы қанның қысымы ең алдымен жүректің қызметіне яғни оның систолалық ж/е минуттық қан көлеміне байланысты.Артерия тамыры жүректен алыстаған сайын қан қысымы төмендейді.













Қанағысының жылдамдығы

Көлемдік жылдамдық – бірлік уақыт ішінде
қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін
қаннның мөлшері (мл/с).

Қан ағысының көлемдік жылдамдығын тәжірбие жүзінде кесілген қан тамырын арнайы аспапқа тіркелу арқылы анықтаймыз.

Сызықтық жылдамдық – қан түйіршігінің бірлік уақыт
ішінде өтетін жолы (мм/с).
Аортада – 30-50 см/с.
Қуыс венада – 20-25 см/с.
Капиллярларда – 0,03-0,05 см/с

Қанағысының сызықтық жылдамдығын тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы қысымдарын тамыр саңылауының ауданына бөлу арқылы есептейміз.

Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы
қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен
бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23
с немесе 27 систола

Қанның қан шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатыннын шынтақ венасына бояу радиоктивтік натрий изотопын не лобелин енгізу арқылы білуге болады.

Тамырлардың шеткі кедергісі

Тамыр тонусы

Тамыр созылғыштығы, тамыр саңыолауы,қанның тұтқырлығына байланысты.

2 тапсырма. Кестені толтыру«Қантамырлардің өзіндік рефлекторлы реттелуі. Өзіндік рефлекстер»

Рефлексогендік аландар/ орналасуы

Қантамырларға әсері

Қолқа тамыры

Депрессорлық жүйке вазомоторлық орталықтың депрессорлық бөлімін қыздырып прессорлықбөлімінің тонусын төмендетуден қантамырлар кеіейтеді.

Синокаротид тамыры

Қан қысымының көтеріліп төмендеуінен қозады,қолқа алаңынан пайда болған қан қысымын әдеттегі деңгеймен жеткізеді,тамыр тарылады.

жүрек-тамыр

қан ағысын тездетеді.

Өкпе тамыр

кіші шеңберде қан іркіліп қалған кезде тітіркендіреді.

3 тапсырма.Кестені толтыру «Қантамырлардің өзіндік рефлекторлы реттелуі»



Рецепторорлардың орналасуы

Қантамырларға әсері

Аорталы

Жүйкелік артерияларының қан қысымының жоғарлауы синустың каротидті барорецепторларын қоздырады, бұл орталықтың қозуына әкеледі де вагус нерві мен жүректің тежелуі байқалады.

Синокаротидті

Қан қысымының көтерліп төмендегенінде қозады да қан қысымын әдеттегі деңгейіне жеткізеді

Жүректік

Орталық веналық қысымның жоғарлауына байланысты жүректің жиырылу күші мен жиілігінің жоғарлауы.

4тапсырма. Қантамырлар қызметінің гуморальды реттелуі.



Вещество

Қантамырларға әсері

Адреналин

a-адренорецепторлармен әрекеттесе қаңқа еттерінен атериолалары тарылады,ал b да-қан тамырлары кеңейеді.

норадреналин

хромаффин тканьдерінде көп болады,адренорецепторлармен әрекеттеседі.

Вазопрессин

артериолаларды тарылтады.

Серотонин

қан тамырын тарылтады,капиллярдың эндотелиін ісіндіреді,серотонин көбейіп кетсе қантамырларды кеңейтеді.

Ренин-ангиотензин
жүйесі

йонның денеге қайта сіңуін күшейтіп суды сыртқа шығармай қояды ,қантамырларында қан мөлшері артып қысымы жоғарлап кетед.

Гистамин

гистамин капиллярларды венула,вена тітіктерін кеңейтеді,капиллярлармен венулалар қабырғасын селдіретіп заттардың өтуін жеделдетеді.

Ацетилхолин

артерия мен венаны кеңейтеді,тез бейтарапталады,холинэстераза ферметті ыдыратады.

Брадикинин

қантамырларды кеңейтеді, карбоксипептидаза ферметті ыдыратады.

Простагландиндер

адреналинге қарсы әсер береді,қан тамырларын әсіресе артериолаларды кеңейтеді.

Тканьде жиналған көптеген метоболиттер

АТФ,АДФ,АМФ,К+ иондары.бәрі қан тамырларын кеңейтеді.

5 тапсырма . Гемодинамика параметрлерінің кейбір көрсеткіштерін есептеу
Жұмысқа қажетті:
1. Пальпация әдісімен ЖЖЖ есептеу. Зерттелушінің эмоционалды реакциясын шеттеу мақсатында, есептеуді бірден емес ,тамырды қысқаннан кейін 30 сек, кейін жүргізеді.
2. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау.. Систолалық (СҚ) және диастолалық (ДҚ) кысымның көлемін анықтау.


СҚ-бір систола кезінде жүректен шығатын қан көлемі (ЖЖЖ мин. 70 – 75 рет болғанда 65 – 70 мл тең).
ДҚ-жүректің артериялардың ішіне артериялардың ішіне қан қысым жасайтыны, яғни жүрек қанның артерияларға белсенді түрде шығарылмауы


Савицкий бойынша гемодинамиканы есептеу


А. ОДҚ есептеу.
ПҚ- пульстық қысымды, және ОДҚ орташа динамикалық қысымды формула бойынша есептейді:

. ПҚ=СҚ-ДҚ(мм.с.б.б.)


ОДҚ=ПҚ/3+ДҚ (мм.с.б.б.)
Сау адамдарда ПҚ 35-тен 55-ке шейінгі мм с.б.б. арасында ауытқиды. Онымен жүректің жиырылғыштық қасиеті байланысты.
Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) прекапиллярлардағы қанайналымды көрсетеді, бұл өзінше бір қанайналым жүйесінің потенциалы, ол тіндер капиллярына түсетін қан жылдамдығын анықтайды.
ОДҚ жасы ұлғайған сайын 85-тен 110-ға шейін мм с.б.б. жоғарлайды. Әдебиеттерде ОДҚ -70 мм с.б.б. төмен болса онда гипотония деп, 110 мм с.б.б. жоғары болса — гипертония деп жазылған. АҚ ең тұрақты көрсеткіші болып, ОДҚ түрлі әсерлерден азғантай ғана өзгереді. Физикалық жүктеме кезінде ОДҚ-ның өзгерісі 5-10 мм с.б.б. жоғарламайды, ал ОҚ бұл жағдайда 15-30 мм с.б.б. жоғарлайды. ОДҚ-ның өзгерісі, 5-10 мм с.б.б. жоғары болса, онда бұл қанайналым жүйесінің бастапқы кезеңінің бұзылысы болып табылады.


Нәтижесі:
ПҚ=СҚ – ДҚ, қанның соққылық көлемі мен артериялық жүйенің резервтік сыйымдылығының қатынасын көрсетеді (35-40 мм.с.б.).


ОДҚ=қанның үздіксіз жылжу жылдамдығын, қуаттылығын көрсетіп, тұрақты деңгейде сақталады ОДҚ = ДҚ + 1/3 ПҚ, (90мм.рт.ст.)


Қорытынды:
Пульстік және орташа динамикалық қысымның қалай өлшенетіні және сол арқылы қалай жүректің жиырылғыштық қасиетінің байқалатыны туралы айтылды.


Б. СҚКмен МҚК
Систолалық қанайналым көлемі (СҚК), немесе систолалық лақтырылыс (қанның соққылық көлемі) жүрекпен систола кезінде лақтырылатын қан көлемімен анықталады,. Бұл көлем жүректің жиырылғыштық функциясын көрсетеді.
Қан айналымның минуттық көлемі (жүректің минуттық көлемі немесе жүректік лақтырылыс) бұл жүрекпен 1 минут ішінде лақтырылатын қан көлемі.

Клиникада қантамырлар арқылы жүрекке катетер кіргізіп, тікелей МҚК –ң және СҚК аңықтауға болады. Лабораторияларда реография әдісін пайдаланады.. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты.


: СҚК пен МҚК анықтау Старра формуласы бойынша, СҚ,ПҚ,ДҚ, ЖЖЖ көрсеткіштерін зерттелетін адамның жастық ерекшелігін ескере отырып есептеледі:
СК= 101 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ ― 0,6•Ж
Мұнда ПҚ және ДҚ ― пульстық және диастолалық кысым мм.с.б.б.., Ж― жасы
7-15 жастағы балалардың соққы көлемін есептеу үшін модифицир. (Н.А.Романцева, Н.С.Пугина): Старр формуласын колданады
СК = 40 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ + 3,2•А
Минуттық қан көлемің есептеу формуласы:
МҚК= СК•ЖЖЖ
мұнда СҚК- қанның систолалық көлемі, ЖЖЖ –жүрек жиырылуының жиілігі немесе пульстік жиілік.
Тыныштықта сау адамда МҚК орташа 4,5-5 л тең. Физикалық жүктеме кезінде МҚК 4-6 есе өседі. Сау адамдарда МҚК жоғарлауы СҚК-ның жоғарлауына байланысты.
Жаттықпаған мен науқастарда МҚК жүрек ырғағының жиілеуіне байланысты жоғарлайды.
Артериалық қысымды өлшеп МҚҚ және СҚ анықтаныз.
Нәтижесі:


СҚ(ҚСК) =101+0,5*40-0,6*78-0,6*12=67


МҚК=67*70=4690(4,7л)
Корытынды: Науқас адам мен сау адамның жүрек ырғақтылығын және минутына соғылатын жүрек соғуын есептеу арқылы жүрек ауруларын байқауға болады.


Орындаған студент :Әбдімүтәліп Шұғыла_ топ:017____факультет: ТФП



Тақырып қабылданды, мерзімі

___________оқытушының қолы




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет