Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №5 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: Қанайналымы физиологиясы Хаттама құрастыру



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123902
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Аяулым С 15

Рецепторлар/медиаторлар
Рецепторлар гормондармен байланысатын белок табылады. Бізде жүйке ұштарын екіге бөліп қарастырамыз адренергиялық және холинергиялық . Адренергиялық жүйке ұштарынан: адреналин, норадреналин бөлінеді. Олардың альфа және бетта рецепторлары болады. Альфа қан тамыр қабырғасын тарылтады; бетта мен байлагысқан гормон қан тамыр қабырғасын тарылтып қысымды жоғарлатадын. Холинергиялық жүйке ұшынан ацетилхолин медиаторы болініп ол қан тамыр қабырғасын диаметрін кеңітеді қысымды төмендетеді. Сонымен қатар тін базофилдерінен бөлінетін гепарин гистамин қан тамырын кеңітіп қан өту жылдамдығын тһмендетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жқлынның кеуде сегементтерінде орналасады сонымен қатар олар п.ж.ж қарама қарсы яғни антагонист қасиет көрсетеді. Қан тамырларын тарылтып қысымды жоғарлатады, қан ағу жылдамдығын арттырады.
Вазопрессин немесе антидиурездік гормон (АДГ) — гипофиздің артқы бөлігінде түзіледі, қалыпты мөлшерде қантамырларына әсер ете алмайды, әсер ету үшін оның қандағы деңгейін жоғарылату керек. Бұл артериолаларды тарылтады. Вазопрессин әсіресе қан қысымы төмендеген кезде көбірек бөлінеді. Қан қысымының жоғарылау себебі қантамырларының тарылуына ғана емес, сондай-ақ денедегі су қоры сақталып, қан көлемінің артуына байланысты. Өйткені АДГ бүйректің жинағыш түтіктерінде судың кері сіңуін күшейтеді.

Ренин - бүйректің юкстагломерулалық құрылымында түзілетін фермент. Ол әсіресе бүйректе қанайналымы нашарлап, қысымы төмендеген сәтте көбірек бөлінеді. Ренин қан құрамындағы ангиотензиногенді ыдыратады, мұның нәтижесінде қантамырларына әсері төмен амгиотензин-І (декапептид) пайда болады. Өкпеде пайда болып қанайналымына ілігетін екінші дипептид- карбоксипептидаза ферменті ангиотензин-І-ді ангиотензин-ІІ-ге, яғни октапептидке айналдырады. Ангиотензин-ІІ-нің әсері адреналиннен 50 есе күшті. Ол қан тамырын қатты тарылтады және норадреналин медиаторының бөлінуін жеңілдетеді, бүйректе альдостерон гормонының түзілуін үдетеді. Бұл гор­мон бүйрек түтікшесі арқылы Na-ионының денеге кайта сіңуін күшейтіп, суды сыртқа шығармай денеде ұстап қалады, мұның нәтижесінде қантамырларында қан мөлшері артып қысымы жоғарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет