Карпаева Меруерт Казбековнаның «түрдегі квадраттық функцияларына есептер шығару» тақырыбына өткізген сабағына рефлексиялық есебі



Дата12.05.2023
өлшемі15,6 Kb.
#92331
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ есеп


Карпаева Меруерт Казбековнаның « түрдегі квадраттық функцияларына есептер шығару» тақырыбына өткізген сабағына рефлексиялық есебі

Мұғалімнің сабақта өз тәжірибелерін жетілдіруге арналған жұмыстары оқушының мақсат, мүдделерін айқындайды. Жаңаша оқытуда жеті модульды ықпалдастыра отырып оқыту, оқушының қызығушылығын арттыру болып табылады. Қандай жұмыс болсын жоспарлауды қажет етеді. Осы негізде мен курста үйренген теориялық мәліметтерімді іс жүзінде орындау үшін мен бесінші сыныпқа қысқа мерзімде жоспарланған түрде сабақ өткіздім. Тақырыбы « түрдегі квадраттық функцияларына есептер шығару» деп аталды. Жалпы сабақтың мақсаты квадрат функция ережелерін, анықтамаларды, алгоритмді , тиісті ережелерін білу. Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту болды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде Шаттық шеңбері «Үтік және балға» жаттығуы арқылы психологиялық ахуал тудырып, оқушыларға сәттілік тіледім. Топқа бөлу – фонарик әдісі арқылы парабола, гипербола, түзу бар суреттер таратып топқа бөлдім, топ ережесін құрдық. Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айттым. Топтар : Парабола, гипербола, түзу болды. «Жол шетіндегі таңбалар» әдісі арқылы үйге білген тапсырманы оқушы өзі тексерді. Өткен тақырыпты қайталау кезінде «Ұяшықтар» әдісі арқылы тақтада платформада берілген сұрақтарға жауап берді. Тақырыпты терең түсіну мақсатында «Кім жылдам» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасалды. Әр топтан оқушылар шығып, оқулықтағы тақырыпқа берілген есептерді шығарды. Шығарылу жолын түсіндірді. Оқушылардың білім деңгейін ескеріп, жұптық жұмыста жеңілден күрделіге қарай есептер берілді. ЕБҚ оқушыға бөлек тапсырма беріп, жақсы оқитын оқушыдан бағыт бағдар алды. Топтық жұмыста «Ең үздік шешім» әдісі арқылы әр топқа үлестірмелі тапсырмалар таратылды. Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы көрсетілді. Топтар сағат тілі бағытымен алмастырып, тексерді. Постерлер астына смайлик жапсыру арқылы топтар ақылдасып,басқа топтарды бағалады. Интерактивті тақтаға «Қатесін тап» болды. Оқушылар топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Белгі арқылы талдады. Оқушылар еске түсіреді, талдайды. Ережелер сұралды. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырды. Топтық талқыға салды,ойланды.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырды. Ізденді. Топтар бірін – бірі бағалады . Пликерс құралымен сабақты қорытындылау кезінде тест орындады. Оқушылар есепті шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалады, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалады. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылды. Сабақ соңында стикерлер таратып беріліп, сабақ бойынша алған әсерлерін жазды.


Сабақтың өн бойында Жером Брунердің "Орман өсіру" әдісі бойынша ұдайы тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық негізінде дамуларын қолдап отырдым. Бұл орайда бағдарламаның жеті модульінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Ол үшін мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс. Қорыта келгенде, сабақтың тиімді әрі нақты түрде жоспарлануы нәтижесінде, біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, әр оқушының, соның ішінде математиканы төмен деңгейде меңгеретін оқушының қарапайым тапсырмадан күрделі тапсырмаларға көтерілуіне толық жағдай жасайды, сабақта мүлдем қатыспай отыратын оқушылардың ынта жігерін оятады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет