Катон-Верстка-01. indd


БҮРКІТ – тау, Катонқарағай а.о. Бүркіт ұя салғандықтан осылай  аталған атау. М.:Катонқарағайға кірер жолда орналасқан [146]. БҮРКІТ



Pdf көрінісі
бет72/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БҮРКІТ – тау, Катонқарағай а.о. Бүркіт ұя салғандықтан осылай 
аталған атау. М.:Катонқарағайға кірер жолда орналасқан [146].
БҮРКІТ – шың, Белқарағай а.о. Бүркіттің ұясы бар биік шың. 
М.1. Бүркіттер сол жерде ұя салған. Аңшылар сол жерде таутекені 
атып алады [134]. М.2. Бүркіт – «...Кеуде. Алтайдың екінші биігі – 
Бүркіттің етегінде жатыр»[41,343б.]. М.3. Аман бол, қыран мекен 
– Бүркіт шыңы, Қатынсу, Бұқтырмадай басты өзені, «Баянда» өткен 
күндер есте мәңгі – мөлдір су, жұпар ауа – жақсы еді емі [25,370б..]. 
М.4. Сіз бар ғой, Сіз Алтайдың Мұзтаудан кейінгі биік шыңы, алайда 
«ағасынан» әлдеқайда зәрлі, әлдеқайда әщады – Бүркіттінің басына 
зәуімен шыға қалсаңыз (оның тақиялығында тапырақтауды ажалды 
пенденің табанына жазбапты) – бүткіл Сарбұлақ, Қоңқай, Маятекше, 
Қырыққұдық сілемдері көз алдыңыздан бар болмысымен, бар шырай-
келбетімен жарқырай ашылар; жарықтық табиғат-ананың әсем 
тостағының сыры кетсе де сыны кетпейтініне тағы бір мәрте көзіңіз 
жетер [40,105 б.]. М.5. Бүркіттің бүйірін тесіп шығатын Бүркіт 
өзенінде де биіктің мінезі бар: ертеңгісін көк күмбезін жарып ұшқан 
реактив самолеттей азынайды кеп, сәскеде тым-тырс үні шықпай 
қалады, кешкілік құмығып алыстан жеткен сарыны тәттімбеттің 
«Көкей кестісіндей» көкірегіңе сан қилы мұң ұялатады[170,456 б.]. М.6: 
Сол шыңның үсті бір киіз үйдің орнындай ғана. Төбесінен қарағанда 
құс, жануарларды көріп отыруға болады [103].
БҮРКІТ ҰЯ – жайлау, Өрел а.о. Бүркіттің ұя салуына байланысты 
қойылған атау. М.: Таудың артында Шағыл тас бар, сол жерге Бүркіт 
ұя салғаннан кейін солай аталып кеткен [154].
БҮРКІТ ҰЯСЫ – құз, Қатонқарағай а.о. Бүркіт ұя салатын құз 
осылай аталған [133].
БҮРКІТАУЫЛ - шың (3370 м), Катонқарағай а.о. Биік, қалың 
қатпарлы бүркіт тауы осылай аталған. М.1.Тасшоқы, әрине Бүркітауыл 


96
да емес, ол шыңға да арнайы бармасаң, қалың таудың қатпарынан 
көрінбейді [6, 19б.].
БЫЧИЙ ХВОСТ– қыстау, Новохайрузовка а.о. Жер көлемі бұқаның 
құйрығындай жіңішке, келте болғасын қойылған атау болуы мүскін. 
М.: Новохайрузовка ауылдық округінің ең соңғы нүктесі [144].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет