105
ЕСІМҚАН ТОҒАЙЫ – ж.а., Белқарағай а.о. Кісі есіміне байланысты
қойылған атау. Мұндағы Есімқан – кісі аты.
ЕШКІҚЫРҒАН – ж.а., Жамбыл а.о. Көп ешкіні қасқыр тамақтап
кеткен оқиғадан кейін аталып кеткен жер атауы.
М.: Қасқырлар
малшылардың ешкісін қырғандықтан қойылған атау [105].
ЕШКІӨЛГЕН – ж.а., Аққайнар а.о. Ешкілер көп өлген жер
болғандықтан қойылған.
М.1. ..сонсоң, сорлылықтың бәрін
табыстырмас тағдырға телиміз, жылқылы ауылдан ұзап қалың
қарағайлы өңкиген жотаны аса беріп, сонау Ешкіөлгеннің баурайынан
сыңсыта шырқаған ән құйылды құлаққа! [25,98б.].
М.2. Жұлдыз ақты:
Ешкіөлгеннің ар жағына асып, алқараланып жатқан қара жерге қарс
кіріп кеткендей болды, маған жұлдыздар жауып тұрғандай сезілді
[18, 225б.].
М. 3. Жылқылы ауылдан ұзап, қалың қарағайлы өңкиген
жотаны аса беріп, сонау Ешкіөлгеннің баурайынан сыңсыта шырқаған
ән құйылды құлаққа![18,224 б.].
ЖАЗАБА – ауыл, Катонқарағай а.о. 1.-н.: Адамның мінезіне
байланысты қойылған атау болса керек.
Мұндағы «Жазаба» сөзі
жергілікті жерде – қырсық шалды, бәлеге жолықты мағынасын
береді [47, 536 б.].
М.1: Жазаба ауылына немесе Күршімдегі кенішке
кететін едім [35,78б.].
М.2: Кезінде 7 ауылды тақпақтап, ұйқастырып
айтатын. Соның ішінде Жазаба болатын [106]. 2.-н.: Язь балығының
атауымен байланысты болса керек. Сөйленімдегі я/ж дыбысының өзара
сәйкестіктеріне орай язь/жаз қолданысы көрініс тапқан [112].
Жазда Жақсылық жайлауы. Бірнеше бұлақтар бар. Бекалқаға асу
бар[99].
Достарыңызбен бөлісу: