108
ЖАЛҒЫЗБЕТ ЖАЙЛАУЫ – жайлау. Жердің ерекшелігіне
байланысты жазық беті көрінетін болған соң қойылған атау болса керек.
Бұл жерде Жалғызбет / Жазықбет болып өзгеріске түскен көрінеді.
М.1. «Бет» сөзі – таулы, қыр-қыратты жердің құлама жағы, беткейі
[45,299 б.]. М.: Қалың ағаштың арасында жазық бет болған. Сол
жерде малдар жайылған [156].
ЖАЛҒЫЗКҮҢГЕЙ – жайылым, таудың беті, Алтынбел а.о. Күннің
шуағы түсетін жалғыз жер болғандықтан қойылған атау. Мұндағы
«Жалғыз» сөзі біреу, жалқы деген мағынада қолданылатыны белгілі.
М.1. Күңгей – күннің шуағы мол түсетін жер [50, 510 б.].
М.: Таудың
беті. Алтай тауының бөлігі [121].
ЖАЛҒЫЗКҮҢГЕЙ – тау, Өрел а.о. Күннің шуағы мол түсетін
жалғыз күнгей жер болғандықтан қойылған атау.
М.: а Арғы Жалғыз
Күңгей және Жалғыз күңгей деп бөлінеді[100].
М.:ә. Жердің ыңғайына
байланысты қойылған атау [118].
Достарыңызбен бөлісу: