Катон-Верстка-01. indd


ХАЙРУЗОВКА – ауыл, Новохайрузовка а.о. Антропотопним. Орыс  тілінен енген кірме атау. М1.: Хариузовка –



Pdf көрінісі
бет269/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ХАЙРУЗОВКА – ауыл, Новохайрузовка а.о. Антропотопним. Орыс 
тілінен енген кірме атау. М1.: Хариузовка – 1925 год, май – 1928 год 
июнь. Первая дата – для обеспечения Риддера электроэнергией, в 
указанное время, на реке Хариузовке начили строить ГЭС . Вторая 
дата – Хариузовская ГЭС вступила в строй действующих[167,231]. 
М2.: Хайрузов – жаңадан құрылған Большенарым ауданының 
аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің 
болыстығы[35,26б.]; М1.: 1958 жылы бірінші үй салынған[140]. М2.: 
Нарынның оң жақ жағалауында, Нұғыман ауылының қасында болған, 
орыстар қоныстанған[129].
ХАМИР – өзен, Катонқарағай ауд. М.: Хамир деп аталатын Бұқтырма 
өзенінің сағасы бар. Бұл ол баста хамар болуы керек. Бурят, қалмақ, 
монғол тілдерінде хамар сөзінің тура мағынасы мұрын, келтірінді 
мағынасы тұмсық, жартас, өзен суын екі жаққа бөлетін жар, таудың 
сілемі. Хамир өзені бойында осында айтылған нәрсенің бәрі де бар. 
Сондықтан біз хамир сөзінің түп - төркіні, бастапқы мағнасы хамарға 
келіп тіреле ме деп жорамалдаймыз.Өйткені, хамар сөзінен келген 
топонимиялық атаулар Отанымыздың көптеген аудандарында жиі 
ұшырайды [3,78 б].
ХОЛОДНОЙ КЛЮЧ – бұлақ, Солоновка а.о. Орыс тілінен енген 
кірме атау. Қазақ тіліне аударғанда «суық бастау» мағынасын береді. М: 
Назардан жанынан (мүмкін Назардан бастау алады) ағады. Қазақша 
атауы белгісіз[141].
ХОЛОДНЫЙ КЛЮЧ – сай, Солоновка а.о. Ойконим. Бұлақ атауы 
негізінде қалыптасқан. М: Бұлақ бар, суы мұздай[123].
ХРУСТАЛЬТАУ – тау, Өрел а.о. Атау хрусталь (зат есім) және 
тау (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Бірінші компонент 
хрусталь – орыс тілінен енген кірме сөз, бағалы тас мағынасын береді. 


289
Екінші компонент тау – жер бетінен жоғары, көтеріңкі өркештене 
тізбектеліп, созылып жатқан құнды, құзартты биіктік [56,39б.] ретінде 
сипатталады. Олай болса, тауда бағалы тастың табылуы атаудың 
қалыптасуына негіз болған. Жалпы атау кеңес кезеңіне тән болып 
табылады. М: Таудың басынан хрусталь қазғандықтан атап кеткен, 
қар басып жатқан жер[100]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет