Катон-Верстка-01. indd


ШАҚШАБАЙ – ж.а., Үлкен Нарын а.о. Антропотопним. М: Кісі  атымен аталған атау[153]. ШАҚЫ



Pdf көрінісі
бет275/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАҚШАБАЙ – ж.а., Үлкен Нарын а.о. Антропотопним. М: Кісі 
атымен аталған атау[153].
ШАҚЫ – ж.а., Өрел а.о. Шақы – «қошқар мүйізінің түп жағынан 
бастап жыл сайын пайда болатын сақина іспеттес дөңгелек сызықтар» 
[57,210 б.] деген мағына береді. Жергілікті халық тілінде «шақы» сөзі 
«ат байлайтын» орын мағынасында сипатталады. М: Айтқан Шоқыдан 
кейінгі жер. Ат байланған жер. Шақы әлі күнге дейін тұр. Күртінің 
үстінде орналасқан[100].
ШАЛБАР БҰЛАҒЫ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Атау шалбар (кірме 
сөз, зат есім) және бұлақ (зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған. 
Бұлақтың сыртқы пішініне байланысты берілген атау. М: Судың ағысы 
балақ сынды көрінеді[163]; [107]. 
 ШАЛБАРСАЙ- сай, Жамбыл а.о. Ойконим, бұлақ атауы негізінде 
қалыптасқан[120].
ШАМБАЛА – ж.а., Катонқарағай ауд. Шамбала – Гималай таулары 
мен Гоби шөлі арасында болған жерде айтылған мифтік будда патшалығы. 
«Шамбала» атауы санскрит мәтіндерінен алынып, «тыныштық орыны», 
«жерұйық» дегенді білдіреді. Атау кеңес кезеңінде Шамбала туралы 
миф негізінде қалыптасуы мүмкін. М.: ...Кейіннен, Астанаға қайтып 
келген соң Интернеттен әлгі сапарда естіген Шамбала туралы дерек 


295
іздер біраз ақпаратты ақтарғанбыз. Шамбаланың орысша мағынасы 
«Беловодье» дегенге, қазақшасы «жерұйық» деген ұғымға келеді екен. 
Жер үстіндегі Шамбала - көкорай майсалы мамыражай қоныс, үйрек 
ұшқан қаз қонған сулы да нулы мекен[7,18б.].
ШАНАҚАТЫ – ауыл, тарихи атау. Катонқарағай а.о. Атау шана 
(зат есім) және қатты (етістік) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Атаудың қалыптасуына өңірде орын алған оқиға негіз болған. М1.: 
«Шанақатты деп ауылдың аталуының өзіндік себебі де бар ауылдың 
маңындағы өзеннің суы мұз болып 1 метрден аса биіктікте қатуына 
байланысты, мұздың үстінен өзеннің бетіне бірнеше шақырымдай 
жерге аяздың қысымымен қызыл су тарап, жайылып жататын. Міне, 
ертеректе ат-шанамен сол өзеннің үстінде келе жатқан адамның 
шанасы бір орыннан қозғалмай, қатып қалған екен. Әлгі адам атын 
шешіп мініп ауылға барып, ертеңінде өзенге келіп шанасын мұздан ойып 
алыпты. Осы оқиғадан кейін ауылдың аты «Шанақатты» аталып 
кеткен деседі»[41,149б.]. М2.: Қыз берген домбыраның шанағы ұшып, 
Шанағаты жер аты содан қапты [7,87б.]; [163], [107].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет