Катон-Верстка-01. indd


ШАШТЫ – жайлау, Ақсу а.о. Ойконим. Асу атауы негізінде  қалыптасқан[112]. ШАШТЫ



Pdf көрінісі
бет279/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШАШТЫ – жайлау, Ақсу а.о. Ойконим. Асу атауы негізінде 
қалыптасқан[112].
ШАШТЫ – жайлау, Қатонқарағай а.о. Ойконим. Асу атауы негізінде 
қалыптасқан[148]. М.: Әлдеқашан сүйегіне қына шығып кеткен әкемнің 


298
жайлаудағы жұртын көрсетемін деп тәтемнің жетелеп келе жатқан 
түрі мынау... Шашты деді[170,56б.] ... Содан Шаштыға жеткенше 
бір минут аяқ суыттырған жоқ. Әлде егерь, әлде объездчик, жап-жас 
қатыны бар сақалы қауғадай, өзі еңгезердей бір шал жалғыз үй отыр 
екен[170,57б.] ... Шаштының қарағайынан ит тұмсығы өтпйді, оның 
қайсысы қарағай, самырсыны қайсы екенін сайтан біліп пе, ана ағашты 
бір құшақтап, мына ағашқа бір жармасып қу жанымды қоярға қоныс 
таппай жүгіргенімде арт жағымнан шап беріп ұстап алды да бетімді 
көкірегіне басып, басыма күпәйкесін жаба салды да жүрелеп отыра 
кетті[170,58б.].
ШӘКЕН БҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Антропотопним. М.: «Бәйкісіден 
тараған төрт атаның бірі – Бұрқаттың баласы Шәкен би бір сыдырғы 
ғана дәулеті бар, батыл тұлғалы, бүкіл Қаратайға, соның ішінде 
Дәулет руына сыйлы адам болған. Мекен-қыстауы – қазіргі Еңбек 
ауылының батысында, Ирек асуының алқымындағы суы қысы-жазы 
не қатпай, не ортаймай сылдырап жатқан әулие бұлақтың басында. 
Жұрт оны Шәкен бұлағы дейді. Осы бұлақты бойында Шәкеннің 
қыстауы болған, бүгінде «Шәкен көңі»атанып жүр»[41,152б.]; М.: 
Еңбектің дәл ортасы, Бәйкісінің қыстауы болған. Қыстаудағы бұлақ 
та осылай аталады[154].
ШӘКЕН БҰЛАҚ – қыстау, Өрел а.о. Антропотопним. М.: «Шәкен 
бұлағы», «Шәкен көңі». Мәмететкен кейінгі ел тізігін ұстаған оның 
аталас інісі, Дәулет ішіндегі Байкісі атаның баласы Шәкен Бұрқатұлы. 
Бидің өз елінде беделді болғандығынан болар Еңбек пен Шыңғыстай 
ауылдарының аралығында «Шәкен бұлағы», «Шәкен көңі» делініп, 
ол кісінің есіммен күні бүгінге дейін аталып келе жатқан жер- су 
аттары бар [35,21б.] М.: Еңбектің дәл ортасы, Бәйкісінің қыстауы 
болған, Әбдікәрім болыстың ұрпақтары [154].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет