Кремний органикалық (силикон) каучуктер – тұйық силоксандарды немесе сызықтық силоксандарды поликанденсациялау арқылы алынады. Полимерлер құрамы сызықтық түрде болады, мысалы:
R R R
-Si-O-Si-O-Si-O-...
R| R| R|
мұндағы, R,R /– метил, этил, фенил, винил жəне басқа радикалдар. Силикон каучуктары аязға, ыстыққа төзімді жəне жоғары қысымда
жұмыс істейтін резиналар алуға қолданылады. Силикон каучуктарынан алынған резиналар 600-700 -та ыдырайды, бірақ олар бірнеше секунд 3000 -қа төзеді.
Резина бұйымдарын дайындау. Қолдануына байланысты резиналар мынадай топқа бөлінеді.
-50+150 температурада қолданылатын, жалпы міндет атқаратын резианалар (шиналар, аяқ киім, ремендер, амортизатор жəне т.б.).
150 жоғары температурада қолданылатын температураға тұрақты резиналар (машина, ұшақ бөлшектері, электрқозғалтқыштар жəне т.б.).
Аязға тұрақты резиналар.
Озон, оттегі, қышқыл, сілті тұздар жəне т.б. химиялық реагенттерге тұрақты резиналар.
Бензин, керосин, мұнай, майға тұрақты резиналар.
Жылу изоляциялық материалдарға қолданатын газ толықтырғыш резиналар.
Рентген аппараттарының бөлшектерін дайындауға қолданатын радиацияға тұрақты резиналар.
Кабелдерді изоляциялауға жəне т.б. қолданылатын диэлектрикалық резиналар.
Резина бұйымдарын өндіру: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау сияқты үш негізгі сатыдан тұрады.
Шикі резинаның қоспасын дайындауға:
каучук пен ингредиент дайындау. Ингредиент резина қоспасының құрамына кіретін əртүрлі органикалық жəне минералдық заттар.
Компоненттерді өзара араластыру.
Алынған қоспаларды дайындау жəне формалау сияқты мынандай операциялар кіреді.
Резина бұйымдарын əрі қарай қолдану жағдайына байланысты əртүрлі мөлшерде резина қоспасының құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте жəне тропикте жұмыс істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндерді əртүрлі рецепті қоспалардан дайындайды. Сондықтан əртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның құрамы əртүрлі болады. Кестеде кейбір резина қоспаларының шамамен алынған құрамы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |