Рационализмнің (ақыл-ой, парасат танымы) негізін қалаушылары, өйткені олар объективті шындықтың ұғымдағы бейнесіне жақын келді.
Парменидтің ойынша, оймен қамтылатындардың бәрі – болмыс. «Ойлау мен болу – бұл бір нәрсе». Мүмкіндік өмір сүреді, ал болмыссыз ой ештеңе емес. Болмыстың жоқтығы, бейболмыс (затсыздық) өмір сүрмейді, өйткені ол туралы ойлау және айту мүмкін емес.
Демек, болмыс пен бейболмысты (болмыстың жоқтығын) бір уақытта мойындауға болмайды.
Парменидтің таным теориясында «ақиқат» және «пікір» түсініктерінің айырмасын жасады. Пікір – бұл ішкі, қайшылықты, сезімдік, алдамшы көрініс. Ақиқат – мүмкіндік әлемі, болмыстың мәңгі және бірліктегі әлемі.
Антика философиясының танымал мектебінің бірі – Элей мектебі.
Оның философиялық көзқарастары Ксенофон(б.д.д. 580-490 жж.), Парменид
(б.д.д. 540-480 жж.), Зенон (бд.д. 490-430 жж.) ілімдері арқылы беріледі.
Парменид Болмыс ұғымын енгізе отырып оның қасиеттерін сипаттады: а) болмыс
пайда болған жоқ, ол ешқашан жойылмайды, өйткені оның табиғаты уақыттан тыс;
б) болмыс жалғыз және бүтін, бөлшектенбейді; в) болмыс шыңдалған,