Казахская головная архитектурно-строительная академия


ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет6/7
Дата25.11.2023
өлшемі296,35 Kb.
#125770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№7. лекция

өмір сүретін заттардың белгілері, аттары, ресми атаулары.

5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • XII-XIII ғасырларда схоластика «классикалық» деп аталатын өзінің кемелденген шағына жетті. Тарихи дәуірде Платон идеяларының орнын «христиандық аристотельшілдік» басады. Ол Оксфорд, Кембридж, Падун, Тулузи т.б. қалалар университеттерінде оқытылады, жетілдіріледі, шыңдалады. Оқу орындары арасында 1200 жылы негізі қаланған Париж университеті маңызды орынға ие болып, оның дін факультеті католик шіркеуінің басты теориялық орталығына айналады. Осы кезде ірі дін иесі, философ Фома Аквинский шығармалары кең танылады.
  • XIII-XIV ғасырлардағы соңғы схоластиканың көрнекті өкілдері Д.Скот пен У.Оккам сенім мен парасатты құқық негізінде теңестірді. Осы арқылы олар сенім парасаттан жоғары қойылған кемелденген схоластика іліміне қарсы шығады.

Схоластика (латынша scholastika – мектеп деген сөз) адамның парасаты,
ақылы, ойлау тәсілдері мен сенім ретінде қабылдаған идеяларын тұжырымдап,
айтылған жеке қорытындыларды дәлелдеуге талпынатын философиялық ойдың
бір түрі. Орта ғасырда схоластика өз дамуында үш түрлі сатыдан өтті.
Оның ерте түрі XI-XII ғасырларда жаңа платоншылар мен Августин
ой-пікірлерінің айтарлықтай әсерімен қалыптасты және келесі философтар:
Эриуген, Абеляр, Росцелин, Ансельм Кентерберинский есімдері кең танылады.

6. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Сол уақыттан бастап, бұл теорияны католик шіркеуі сөзсіз мойындайды. XIX ғасырдың аяғында ол қазіргі заманғы Ватиканның ресми идеологиясы ретінде мойындалып, неотомизм атауымен өмірге енеді. Осыдан кейінгі уақытта философия сабағы жүргізілетін барлық католиктік оқу орындарында осы ілім, жалғыз ақиқат философия есебінде оқытылатын болды.

  • Фома 1323 ж. қасиеттілердің қатарына қосылып, 1567 ж. бесінші «шіркеу оқытушысы» болып танылады. Негізгі еңбектері: «Теология жинағы», «Табиғаттың бастамалары», «Мәнмен өмір сүру туралы».
  • Ойшыл «Пұтқа табынушыларға қарсы жинақ» және «Дін ғылымы жинақтарында» еңбектерінде білім мен сенімнің, философия мен теологияның арасындағы қатынас, «екі ақиқат» тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін монотеистік діннің басты мәселесін өз бетінше шешеді.
  • «Құдайды ғана емес, ғаламның терең мазмұнын ашу үшін адам ақылы (құдай ақылымен салыстырғанда) өте әлсіз және шектеулі. Сондықтан ол сенімсіз іс тындыра алмайды. Дәлелдеу мүмкін емес христиан парыздарына ақыл жетпейді, бұл ақылға қарсы дегенді білдірмейді, ақылдан тыс, олар тек құдай ақылында толық ашылады, сондықтан адам ақылының күшімен дәлелденуі мүмкін емес», – дейді Фома.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет