Бас редактор: Ш. Құрманбайұлы
Жауапты редактор: Қ. Есентаев
97 бет
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
ЖАҢА СӨЗ ЖАСАМ НЕГІЗДЕРІ
Бас редактор бағамы Ш.Құрманбайұлы.
Салалық терминдер жүйесі – ғылым тілінің негізі
КӨКЕЙКЕСТІ
Н.Шүленбаев. Терминжасамды жандандырған конкурс
С.Ерғали. Терминологияны дамытуға арнайы тетік керек
ТАЛҚЫ
ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Қосымша
Терминқор негізі
РЕСМИЕТ
Республикалық терминология комиссиясының шешімі
Ш.Құрманбайұлы
САЛАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІ Салалық терминология – ғылым мен техниканың, өнербілмінің немесе басқа да адам қызметі мен кәсібінің белгілі бір саласындағы арнаулы ұғымдар атауларының жиынтығы.
Машина жасау саласында ғыш/-гіш, қыш/-кіш үлгісімен жасалған терминдер: бекіткіш (крепеж), бергіш (датчик), екшегіш (сепаратор), жаққыш (кисточка), жалғастырғыш (муфта), жонғыш (фреза), кескіш
Лингвистика саласындағы -м, -ым, -ім үлгісімен жасалған терминдер: айтылым (артукуляция, произношение, произнесение), естілім (перцепция, перцептивный), жайғасым (позиция), жасалым (новообразование)
Іс жүргізу және мұрағат ісі саласында -ма/-ме үлгісімен жасалған терминдер (ісқағаз атаулары): анықтама (справка), баяндама (доклад), деректеме (реквизит), көшірме (копия)
Егер барлық арнаулы сала терминологиясын тілдік тұрғыдан да осы тектес етіп жүйелеп таңбалай алсақ, салалық терминология ұлттық сипатқа ие болады.
Нұрлан Шүленбаев Терминжасамды жандандырған конкурс «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы жариялаған «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық онлайн конкурс жайында айтады.
Терминжасам процесіне байланысты менің ұсыныстарым:
терминдерді мейлі маман ұсынсын, мейлі қарапайым адам ұсынсын терминалаңға тіркеп, мамандар мен халық талқысына жанжақты түсуі, оларға қатысты пікір айтылуы қажет;
жалпы халыққа, мамандарға ұнаған терминдер салалық мамандар мен тілші мамандардан құралған сарапшылар талқысынан өтуі тиіс.
сарапшы пікірін алған терминдер уәкілетті органдар (ЖОО, ҒЗИ, әкімдік және т.б.) тарапынан да талқыланып, қарастырылуы орынды;
бұл кезеңнен өткен терминдерді Тіл білімі институтының ғалымдары талқылап, мақұлдап барып, Терминкомға бекітуге ұсынғаны дұрыс;
барлық кезеңде талқыланған дайын терминді ғана Терминком бекітіп, оны кейіннен барлық ақпарат құралдарында жариялағаны жөн.