Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134). 2011
231
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ – ТЕОРИЯ ПЕРЕВОДА
Е. С. Адаева
АУДАРМАНЫ ЖАНРЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бір тілден екінші тілге аудару үдерісінде
мәтіннің жанрлық сипаты айрықша назар ау-
дартады. Аудармашының аударатын мәтінінің
жанрлық ерекшелігіне орай алдына қоятын мақ-
сат-міндеттері де әртүрлі болып келеді. Соны-
мен қатар әрбір жанрды аудару заңдылықтары-
ның өзіндік ерекшеліктері бар. «Әлем халықта-
рының жазба мәдениетінде барлық белгілері
жағынан теңбе-тең, барлық мәдениетке тән
жанр үлгілері (мәселен, ертегі, аңыз, көркем
әдебиет, мақала) немесе бір ғана халықтың ру-
хани мәдениетіне тән жанрлар (мысалы, қазақ
мәдениетіндегі қара өлең, айтыс үлгілері) бар.
Әр халықтың мәдениетіне, халық қауымдасқан
қоғамның әлеуметтік нормасына қарай мәтін
жанрының құралу, түзілу нормасы да әр басқа»
[1,38]. Мәтіннің жанрлық ерекшеліктері екі
түрлі материалдық-рухани мәдениетті, екі түрлі
тілдің ерекшеліктерін ұдайы салыстырып оты-
руды қажет етеді. Айталық қазақ халқының би-
лер мен шешендерінің сөздерін қазіргі таным-
дық-лингвистикалық деңгейде, қазіргі тіл нор-
маларына сай өзге тілге аударудың қиындық-
тары туралы көрнекті жазушы Ә.Нұрпейісов
өзінің 1997 жылы «Казахстанская правда»
газетінде жарияланған «Мысли, навеянные дея-
ниями великих предков» атты мақаласында бы-
лай дейді: «Я давно намеревался заказать рус-
ский перевод, дабы слова назидания Айтеке бия
через триста лет наконец стали достоянием и
для более широкого круга читателей. И с этой
целью ровно год назад отдал его на перевод
Герольду Карловичу Бельгеру. Я его знаю более
тридцати лет как человека пунктуального, как
литератора и переводчика, взыскательного и
требовательного к себе. К тому же он в совер-
шенстве владеет казахским языком. Дней через
десять, взяв из его рук уже готовый перевод, я
по своему обыкновению, как это всегда делаю,
сличил его с оригиналом, и к моему огорчению
перевод явно уступал оригиналу; как об этом
сам переводчик признался чистосердечно, под-
черкнув, что «Это непросто. Иногда немыслимо.
Иная ментальность. Иное мироощушение и
духоустройство».
Аударманы жанрлық тұрғыдан қарастыру –
бүгінгі аударматанудың өзекті мәселелерінің
біріне жатады. Қазақ аударматану ғылымында
теориялық пікірлердің басым көпшілігі негізінен
аударманың жалпы теориясын қамтып келді де
оның жанрлық ерекшеліктеріне бойлап бара
қоймайды. Аударманы жанрлық жағынан жіктеу
мәселесі біздің аударматанушы ғалымдарымыз-
дың еңбектерінде өткір айтылып жүрген маңыз-
ды мәселе. Мәселен аударматанушы ғалым
Н.Сағандықова өзінің «Художественный пере-
вод в жанровом аспекте» деген мақаласында:
«Аналитический подход к переводам произведе-
ний различных литературных жанров позволяет
выявить некоторые особенности интерпретаций
в жанровом аспекте. ... Как выяснилось, при пе-
реводе произведений различного литературного
вида необходимы свои методики, позволяющее
более выгодно, с позиции передачи смыслового
содержания, высветить необходимые элементы
и детали языковой системы оригинала»[2,45], –
деп жазады. Ал профессор Т.Есембеков көркем
аударма теориясының зерттеу нысандарын ай-
қындай келіп, көркем аударманы жанрлық,
стильдік тұрғыдан зерттеуді, оның поэтикасына
қатысты жайттарды арнайы қарастыруды ұсы-
нады.
Аударма барысында жанр табиғатының ерек-
шеліктеріне мән берудің маңызы зор. Жанр та-
биғатының көлемі, композициясы, кейіпкерлер
саны, сюжеті сияқты өзіндік ерекшеліктерімен
қатар оларды автордың қолдану, меңгеру ше-
берлігі де бар. Көркем аударманы зерттеу, оны
бағалау кезінде де осы аталған мәселелерге
тоқталмай кету мүмкін емес.Түпнұсқадағы осы
фактілерді ескермей, көркем мәтін аудармасына
аударманың жалпы ережелерін, әдіс-тәсілдерін
қолдану әдістемелік тұрғыдан да дұрыс бол-
майды.
Прозалық мәтіндер әдетте шағын, орта, кең
көлемді болып үш түрге бөлінеді. Академик
З.Қабдолов: «Шағын көлемді эпикалық түрге
жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір
шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод
мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер
232 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № (). 2011
жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқи-
ғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың
басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес,
кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан,
мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам.
Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын
қалпында көрінеді... Шығарманың сюжеттік
арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес,
қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тіз-
бектеледі; композициясы да – жинақы, үйірім-
ді, ширақ» екенін атап өтеді [3,224].
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түр-
лердің бірі – әңгіме. Әңгіме – қиын жанр. Алды-
мен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жи-
нақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды
бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі
өмір эпизодының өзі соншалық тартымды,
сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс. Осы
орайда аударма зерттеушісі Ә.Тарақовтың әң-
гіме жанрының аудармасы туралы мына пікірін
келтіре кету керек: «Аудармашы әңгіме жанрын
аудару барысында алдымен оны екі қырынан
қарастырады: 1) аталған шығармадағы автор
ойының толық қамтылғаны; 2) автордың әңгі-
меге тән құралдармен өзінің ойын айқын жүзеге
асыра алуы. Бұдан кейін ғана оның жазылу
мәнеріне, тіліне, стиліне көңіл аударылады.
А.Твардовскийдің белгілі орыс жазушысы
Ю.Трифоновқа: "Әңгімеден бастаңдар. Он бет-
тік әңгіме жазуға құлшынып көріңдер де, әке-
ліңдер деген сөзі проза жазумен айналысушылар
үшін әңгіменің ерекшелігін айқындайды. Әңгі-
менің маңыздылығы, өзектілігі, композиция-
сының нақтылығында, сюжеттік тартыстылығы,
өткірлігі автордың көркемдік-идеялық шешімі-
нің айқындылығы, кейіпкерлердің мінез-қы-
лығы әрі олардың нақты іс-әрекетте көрінуі,
диалогтың
барынша
тығыздығы» [4,138].
Л.Н.Толстой "бір әңгімеде бәрін айтумен әуес-
теніп кетпеңдер" деген ескертпе жасайды. Әң-
гіме шұбалаңқы болған сайын, оқырман ынтасы
кемиді. Ол қарапайым әрі қысқа, нағыз көркем-
дік жинақылықпен жазылуы тиіс. Сонымен бір-
ге ол өмірлік шындықтың көрінісін дәл, шы-
найы жеткізуімен де көркем. Алайда ондағы
көркемдік қиял, елестетудің өзі өмірмен өзек-
тесуі тиіс. В.Т.Короленко: "Қиялда да өмірлік,
көркемдік шындық болуы тиіс. Оқырман қиялға
да ақиқат тұрғысынан сене білуі керек" дейді.
Аудармашы аударылатын әңгімелердің түп-
нұсқасымен ғана емес, қаламгердің тұтастай
шығарашылығымен және оған қатысты әдеби
зерттеулер, сын мақалалармен де танысуы қа-
жет. Аудару кезінде оның тақырыбының қалай-
да түпнұсқамен сәйкес келуіне көңіл бөлінеді.
Сонан соң, стильдік, ырғақтық интонациясы
сараланады. Әңгіме, новелла – шағын жанр.
Аударма кезінде оны негізсіз қысқартып тастау
қате. Оның әрбір сөзі, тіркесі аудармалық нұс-
қада орын алғаны жөн. Сонан соң көркем де-
тальдардың барынша дәл баламалық сәйкесті-
гіне жетудің ерекшелігі зор. Аударылған шы-
ғарманың көркемдігі, мазмұн дәлдігі, стильдік
сәйкестігі – басты талабы. Осы орайда М.Әуе-
зовтің проза аудармашысына қажетті талабын
есте ұстаған жөн. "... ол (аудармашы) аударыла-
тын шығарма авторының стиліне өз стилін
байланыстырмайды. Сонымен бірге бұл аудар-
машы негізгі шығарма авторының тіл, ойлау
дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер
салады. Ол аудармаға сол шығарманың бар ма-
териалын біліп алып кіріседі, шығармада су-
реттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкер-
лердің дәуірімен, ортасымен терең танысып
алады...". Үлкен тәжірибеден туындаған бұл
тұжырым қашанда аудармашы қаперінде жүруі
тиіс.
Ал, повесть – орта көлемді эпикалық түрдің
үлгісі. «... орта көлемді эпикалық түрдің жұрт
таныған кейбір жанрлық сипаты – мұнда шағын
эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмі-
рінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан
кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла
суреттеледі. Сондықтан, әңгімеге қарағанда,
повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі,
ондағы өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса
басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі
де әлдеқайда табиғи, заңды, оқиғаға қатынаса-
тын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде
тіпті ондап саналады» [3,302].
Аудару кезінде повестің осындай сюжеттік-
композициялық ерекшеліктерін танып, бағалау
– жұмыстың сапалы атқарылуының кепілі
болып табылады. Басты ерекшелік – түпнұсқа-
дағы стильдік-мәтіндік құрылымды жеткізу.
Роман жанры шытырман оқиғалы, психоло-
гиялық, әлеуметтік-утопиялық, тарихи-детек-
тивті, ғылыми-фантастикалық т.б. бөлінеді .
ХVІІІ ғасырдан бастап роман жетекші жанр
болып қалыптасты. Ол барынша ауқымды сю-
жеттік сипатпен ерекшеленеді. Ондағы ең
бастысы жекелеген тұлғаның мінез-құлығының
белгілі ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста
дамуын көрсету. Әлеуметтік орта мінез-құлықты
ашудың аясы болып табылады. Сюжет –
кейіпкерлердің арасындағы тартысты дамытады,
мінез-құлықтың ішкі өзгерісін дәлелдейді.
Сондай – ақ "роман – өмірлік құбылыстар
кең шеңберде бейнеленетін, көптеген кейіп-
керлердің тағдыры бар күрделілігімен және
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134). 2011
233
көпқырлы сипатымен қарастырылатын баяндау
мәнеріндегі шығарма. Романның тағы бір қыры
авторға шындықты кеңінен көрсетуге мүм-
кіндік береді. Тек осы жанрда ғана анағұрлым
толық түрде заманның әралуан үрдісі, қоғамның
әлеуметтік әрі рухани дамуының маңызды
кезеңдері ашылуы мүмкін. Жанрдың құрылым-
ның өзі оқиғаларды кеңінен қамтуды талап
етеді"[4, 136].
Зерттеуші Ә.Тарақовтың көрсетуінше: «ро-
манды аудару барысында тәржімашы ең алды-
мен автор шығармасындағы заман тынысын,
өмір құбылыстарын қаншалықты кең қарымда
бейнелегеніне көз жеткізу керек. Романдағы
эпизодтар, авторлық ойлар, баяндаулар т.б.
көркем элементтер құрылымын дұрыс жеткізіп,
идеялық мазмұнды көмескілеп тұратын тұс-
тарын дәл көрсету – аудармашының басты
міндеттері».
Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен
пішіні біртұтас бүтін жатқан дүние. Оның идея-
сын, мазмұны мен ой тереңдігін немесе идея мен
формасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Демек, әр қайсысын әр түрлі әдіспен бөлек –
бөлек аударуға да болмайды. Проза шығарма-
ларын аударуда аудармашы бірінші кезекте
мазмұн мен түр үйлесімділігіне ерекше мән
береді. Белгілі ғалым И.А. Кашкиннің көр-
сетуінше: «Белгілі бір көркем шығарманы
жеткізуде ұлттық түр (форма) тілді бұрмалау-
мен немесе басқа грамматикалық нормалармен
орайластырумен жеткізілмейді, ұлттық түр ха-
лықтың ұлттық және әлеуметтік өзгешелігінің
ең негізіне тереңдей енуімен жеткізіледі».
Көркем аударманы біз ең алдымен көркем
шығарма деп білеміз. Демек аударма – шығар-
мада суреттелген обьективтік болмысты түп-
нұсқаның тілі арқылы реалистік тұрғыда ұға
отырып, екінші тілдің образдық жүйесі арқылы
шынайы бейнеленген нұсқасы. Олай болса,
обьективтік болмысты суреттеуде түпнұсқаға
қандай талап қойылса, оның аудармасына да дәл
сондай талап қойылады. Демек өмірдің белгілі
бір құбылысына реалистік көзбен қарап, оны
шынайы суреттеу үшін автор қандай құрал,
нендей тәсіл қолданған болса, соның бәрі
аудармашы үшін де заң. Реалистік тұрғыдағы
дәл аударма дегеніміздің мәнісін жалпы көркем
шығармаға қойылатын талаптарға байланысты
іздеуіміз керек.
Біз бұл мақалада аударманың жанрлық
мәселелеріне қатысты кейбір жайттарға ғана
тоқталдық.. Бұл туралы кеңінен сөз қозғау
болашақтың ісі.
________________
1. Алдашева А. Аударматану. – Алматы: Арда, 2006.
– 245 б.
2. Сагандықова Н. Основы художественного перевода.
– Алматы: Санат, 1996. – 207 с.
3. Қабдолов P. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ универ-
ситеті. 1992. – 399 б.
4. Тарақов Ә. Аударма әлемі. – Алматы:. Қазақ уни-
верситеті, 2009. – 242 б.
* * *
The genre matters of a translation are considered in this
article.
* * *
В статье рассматриваются проблемы перевода в
жанровом аспекте.
Г. М. Адамбаева
XIX ҒАСЫРДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Халықтар тарихы – ғасырлар бойы өсіп, өр-
кендеудің, жан-жақты дамудың көрінісі. Қазақ-
стан тарихындағы көп жылдар бойы айтылмай
келген осындай жағдайлардың бірі – Ресейдің
қазақ даласын отарлауы, соның ішінде отарлау
саясатының ең басты саласы – бұратана халық-
тарды шоқындыру саясаты. Түрлі дереккөздерде
көрсетілгендей, Ресей патшалығының да қазақ
халқын дінге шоқындыру арқылы орыстандыру
саясатын жүргізгені мәлім. XIX ғасырдың орта
тұсында Қазанда дінбасылық қызметте миссио-
нерлік қозғалысты қолдаушы аса қасиетті Гурий
болды. Гурийдің ұсынысы және қолдауы бойын-
ша 1867 жылы қазан айында Қазан кафедральды
соборында Қасиетті Гурий қауымдастығы ұйым-
дастырылып, шығыста миссионерлік қозғалыс-
тың тың дәуірі басталады. Қауымдастықтың ал-
ғашқы жалпы жиналысында Қасиетті Гурий
қауымдастығының жарғысы (уставы) қабылда-
нып, мұнда қауымдастықтың мақсаттары мен
міндеттері айқындалып көрсетілді. Қауымдас-
тықтың алғашқы 1868 жылға арналған бағдар-
234 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № (). 2011
ламасында мектептерге және өз бетімен оқуға
арналған православиелік діни кітаптарды бұра-
тана халықтар тілінде құрастыру, басып шығару
және тарату, сондай-ақ мұғалімдер мен пастыр-
лерге арналған мұсылмандық пен пұтқа табыну-
шылықты жоққа шығару мазмұнындағы көмек-
ші құралдар шығару жоспарланып, Советтің
алдына татар, чуваш және басқа бұратана
халықтар тіліндегі діни мазмұндағы кітаптарды
басып шығару жөнінде өтініш жасау және бұл
кітаптарды Петербург цензурасына ұсынылмай-
тындай етіп құқық берулеріне өтініштерін
көрсеткен. Сөйтіп, патша өкіметінің қолдауына
арқа тұтқан орыс православиесі өзінің шоқын-
дыру миссиясына құлшына кірісті.
Миссионерлік саясатты жүзеге асыру бары-
сында жұмыстанған арнайы топ мемлекет тара-
пынан керекті діни кітаптармен және басқа да
материалдармен, қаржымен қамтамасыз етілді.
Патша отаршылдары бодандыққа айналған бұ-
ратаналардың рухани болмысына терең бойлап
ену үшін миссионер-ғалымдардың алдына ол
елдің дініне қоса, сол елдің барлық ерекшелігін
жан-жақты меңгеруді талап етті. Ал миссионер-
ғалымдардың ең баса назар аударған және мұ-
қият іске асырған мәселелерінің бірі – баспасөз
арқылы миссионерлік идеяны таратып, насихат-
тау үшін арнаулы зерттеу жинақтарын, газет-
журналдар, аударма кітаптар шығару болды.
Сол кездегі аударма жұмысындағы қиындық
бұратана халықтар тілінде арнайы діни термино-
логияның жоқтығынан болды. Аудармашылар
өздерінің жұмысы барысында, яғни прав осла-
виелік діни мазмұндағы кітаптарды өзге тілдер-
ге аудару барысында мұсылман дінінің ұғымда-
рын қолданбауға, қайталамауға тырысты. Қазан
аударма комитеті 1850 жылға дейін оншақты
аударма жасап үлгерді. Сол жылы Қазан ар-
хиепископы Григорий Петерборға кетеді де,
аударма жұмысын жалғастыру мақсатында
Н.Ильминскийді өзіне шақыртады. 1857 жылы
православиелік діни мазмұндағы кітаптарды
татар тіліне аудару үдерісі аяқталады да, аудар-
маларды іс жүзінде тексеру басталады. Құдайға
құлшылық етуді татар тілінде бастамас бұрын,
аудармалардың сапасын тексеру мақсатында
шоқынған татарлар арасына барып, өзінің аудар-
маларын оқыған кезде, олардың шоқынған да,
шоқынбаған да татарлар үшін жарамсыздығына
көзі жетеді. Сол кезде Н.Ильминский миссио-
нерлік әдебиеттің аудармаларының бұратана ха-
лықтарға түсінікті болуы үшін олардың сөйлеу
тілінде жазылуы керектігін түсінеді. Және ол
аудармаларды араб әріптерімен емес, орыс
жазуымен беру туралы да ойға келеді. Осы са-
пары барысында шоқынған татар балаларына
орыс әріптерін қолданған кітап оқытып көріп,
осы әдісінің ұтымды екенін байқап, бұратаналар
үшін миссионерлік мазмұндағы түрлі кітаптар
аудармаларын орыс әліпбиімен жазу қажет
деген ойға мықтап бекінеді. Қазанға оралысы-
мен өзінің ойларын архиепископ Григорийге
мәлімдеме арқылы хатпен жолдап, «Библия-
ның» үзінділерін орыс әліпбиін қолдану арқылы
аударуға кіріседі. Діни академия басқармасы
оның бұл ойымен келісіп, жоғары діни басқар-
маға ұсыныс жасау үшін консисторияға қыз-
меттік хат жібереді. Бірақ академияның кейбір
басшылары Н.Ильминскийді мұсылмандыққа
тым жақын деп күдіктеніп, сөзге келіп қалуымен
байланысты 1858 жылы ол Орынбор шекара
комиссиясына аудармашылық қызметке кетеді.
Осы кезде ол қазақ тілін үйренеді. 1859 жылы
далалық бақылау инспекторы болып тағайын-
далады. Қазақ даласын аралай жүріп, ол қазақ
тілін терең үйренеді және осы еңбегінің нәти-
жесі ретінде «Материалы к изучению киргиз-
ского наречия» деген атпен қазақша-орысша
сөздігін бастырып шығарады.
Қазақтардың арасында бірнеше жыл тұру
оның осы халықтың сөйлеу тіліне деген құмар-
лығын арттырып, аударма саласында бұрынғы
кітаби тіл бағытынан бас тартып, жаңа әдістерге
бет бұрады. 1863 жылы «Священная история
по книге «Бытия», 1864 жылы «Премудрости
Иисуса сына Сирахова» кітаптарын осы жаңа
әдіске сай, яғни жалпыхалықтық сөйлеу тілінде
аударып шығады. Бұл аудармалардың тілі бұ-
рынғыларға қарағанда қарапайым, жатық, тіптен
сауаты жоқ адамдарға да түсінікті болды.
Осыдан соң Н.Ильминский «Об образовании
инородцев посредством книг, переведенных на
их родной язык» атты мақаласын жазды. Атал-
ған мақаласында автор бұратаналарды оқыту-
дағы ана тілінің роліне өзінің толық және айқын
көзқарасын білдіреді. Білім бұратаналардың
балаларына ұғынықты және сауатсыз бұқараға
ыңғайлы түрде берілуге тиіс. Бұл үшін ең тиімді
тәсіл − қалың бұқараға арналған пайдалы да
сауат ашу кітаптарын солардың ана тілінде
баяндау. Олардың тілін оқыған адам жеңіл ұға-
тындай, тек қана жеке сөздер мен грамматика-
лық құрылысы жағынан емес, ойдың логикалық
жағынан да жүйелі түрде құрылуы тиіс деп
көрсетеді [1, 20].
Аударма комитеті жиырма жыл бойына үз-
діксіз бұратана халықтар тілінде көптеген діни
кітаптарды, басқа да оқулықтарды аударып шы-
ғарып тұрды. Аударма комитеті өзінің басылым-
дарымен барлық мектептерді, шіркеулерді, діни
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134). 2011
235
ұйымдарды, мұғалімдерді және бұқара халықты
қамтамасыз етті. Дьякон И. Смолиннің айтуын-
ша 1913 жылға дейін миссионерлікті насихат-
тайтын көлемді кітаптар саны 261-ге, көлемі
кішкентай кітаптар 320-ға жетті [2, 38]. 1895 ж.
5 шілдедегі Түркістан епархиясының кеңесіндегі
протоколда Орынбор оқу округінің 115 дана
кітапты аударып, қазақ тілінде орыс әрпімен
басып шығарғаны тіркелген. Сонымен қоса про-
токолда бұл кітаптардың қазақ халқын право-
славие дініне кіргізуге үлкен ықпал ететіні,
сондай-ақ миссионерлер үшін таптырмайтын
көмекші құрал екендігі айтылады [3, 8.]. Ал Ау-
дармашылар комитетінің есебінде: «Перевод
священних и богослужебних книг на инород-
ческие языки – это единственное средство
ввести православие, а затем и русское просве-
щение в инородную массу» – деп көрсетілген [4,
7]. Берілген мәліметтерден қазақ даласында
христиан дінін уағыздауда аударманың қанша-
лықты қарқынды істелгендігі және оның саясат
жүргізудегі басты құрал болғандығы байқалады.
Миссионерлік діни әдебиеттердің орысша
нұсқасынан қазақша аударманы жасаушылар-
дың алдында қалың бұқараға түсінікті, жалпақ
тілмен түсіндіру, дегенмен де тілдің дұрысты-
ғын және халықтығын, яғни тілде күнделікті
қолданыста бар сөздік қорды пайдалану мақ-
саты тұрды. Сондай-ақ мәтінді аударып берген-
де оның мазмұны өсиеттік сапада болуы көз-
делді. Кітаптарды аударушылардың қай-қайсы
болмасын қазақ тілін өзге тіл әсерінен шама
келгенше таза сақтау мәселесіне баса назар ау-
дарған. Аудармадағы мәтіндердің сөйлем құры-
лыстары жатық, баяндау жүйесінде ғылыми
стильге тән нақтылық, жинақылық байқалады.
Мысалы: Тағы адет бар: шеркеуде, ÿйде,
Ќудайдын, Онын äÿліелеринин сÿреттерин ќоип,
алдына туруп басурамыз. Соларды «икона»
дейди.− Есть еще обычай: в церквахъ и домахъ
поставляемъ изображенія Бога и святыхъ Его и
покланяемся имъ.Эти изображенія называются
святыми иконами. (Шын динне уйрототун
кнеге, 1901 ж, 62-63-б). Даустын белгисин буква
дейди, саннын белгилерин цыфра дейди. (Жазуга
ÿйрöтöтÿн кнеге, 11-б).
Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай,
сол кезеңдегі қазақ халқына бейтаныс сөздерді,
ұғымдарды мағынасын ашып ғылыми тұрғыда
түсіндіру болған. Аудармашы орыс сөйлемдерін
сөзбе-сөз аударуды мақсат етпеген, сөйлемдер-
дің қазақ оқушысына түсінікті болу жағына
барынша күш салған сияқты. Мысалы, мына бір
сөйлемді алып қарайтын болсақ, қазақша мәтін-
де « Христіандардын журт ишинде айалга
тійисти берген сыбагасы толуп жатыр. Олар
жас басынан-ак школга берилип, неше тÿрлÿ
билим öнерге, окуга ÿйрöнÿп, тöрелик шенге
нендей зор орунга сайланады да.» – деп беріл-
ген. Ал орысшасында: « У христіанъ женщины
пользуются большими правами. Онђ съ юныхъ
летъ обучаются разным и нђкоторыя самымъ
высшимъ наукамъ.» (Айал жайында− О жен-
щине, Казань,1903. 28-29-б)
Миссионерлік аударма әдебиеттерде сол
замандағы қазақ оқырмандарына бейтаныс түр-
лі тақырыптарға қатысты ұғымдар көбінесе су-
реттеме, түсіндірме жолымен, сипаттама түрінде
аударылып берілген. Мұндай түсіндірулер бірде
айтылған ойға түсінік берсе, енді бірде айтылған
ойды нақтылай түседі. Жаңа сөздер мен термин-
дердің мағынасын түсіндіру яғни, деген сөздер-
дің көмегімен жүзеге асырылады.
Мысалы: Символъ дегенимиз «белги» деген
соз. (Шын динге уйрететин кнеге, 3-б). Жетин-
ши куни Кудай бар истеринен тыныштанып
токтап иш нäрсе-де кылмады, сол себептен бу
кун суббото деп аталады, ол еврейлер тилинде
тыныштык, жа дем-алу деген сöздÿ билдиреди.
(Священная история Ветхого Завета, 3-б). Сен
езгини Богоматерге тійистише данктаймыз.
Богоматерь – Іисус Христос туган Кыз Мария.
(Требник, 183- б). Е Кудай Алдамыз, Сенин ÿшÿн
азаптанып öлген кырык езгилерди есине алып,
аспаннан бастарына сулу венецдер ендиргендей,
буларды-да есинде уста. Венец– қазақша
«таж». (Бұл да сонда, 84-б ). Сол китабты
«Евангелие» дейди. Евангелие дегени «куаныш-
ты жарья» деген сöз. Іисус Христоска нанган-
ды «Христианин» дейди.(Первоначальные све-
дения о христианской вере, 34-б). Кудайга жа-
гымды öткен адамдарды Святой дейди. Свя-
той деген äÿліе деген сöз.(Бұл да сонда, 36-б).
Алтарь – кансыз курбандык оруны.(Айал
жайында, 19-б). Гаремъ деп Мукäмбäт динин
устаушылардын кöп катындары туратын
бöлек ÿйлер аталады. (Бұл да сонда, 35-б).
Достарыңызбен бөлісу: |