Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43

Литература
 
1.  Э:  Этика  и  этикет  в  бизнесе:  Дэйв  Кол-
линз. – Москва: Феникс, 2006. –160 с. 
2. Business English: Textbook / Бизнес-ан-
глийский: С. А. Шевелева, М. В. Сквор-
цова. – Москва: Филоматис, 2007. – 352 с. 
3. English for Businessmen / Английский 
язык для делового общения (комплект из 
2  книг + CD-ROM). – Москва:  Филома-
тис, 2010. – 552 с. 
4. Nonverbal Business English / Невербаль-
ный деловой английский язык: Н. Л. Грей-
дина. – Санкт-Петербург,  Восток-Запад, 
АСТ, Харвест, 2006 . – 144 с. 
 
 
 
5.  И. Н. Кузнецов. Деловое общение: Учеб-
ное  пособие. – Москва:  Дашков  и  Ко, 
2007. – 528 с. 
6.  Курс делового английского языка: Рейчл 
Армитаж-Амато. - Санкт-Петербург: Мир 
книги, 2007. – 192 с. 
* * * 
Ағылшын  тілі – халықаралық  қарым-қатынас  тілі. 
Тілмен  қатар  біз  оқытылатын  тіл  елінің  тарихы  мен 
мәдениетін білуіміз қажет. Мақалада ағылшынның тәлім, 
жүріс-тұрыс  ерекшеліктері,  яғни  ағылшын  этикеті  ұғы-
мына  кіретін  барлық  мәселелер  қамтылған.  Ағылшын 
қоғамының басты өзгешелігі – адамның әлеуметтік ортаға 
тәнділігінің  көрсеткіші,  оның  сөйлеу  этикетіне  деген 
көзқарасы.  Бұл  ретте  басты  ролді  қалыптасқан  сөздің 
айтылу мәнері орындайды, дұрыс айтумен шатастырмаған 
жөн.  Сөзді  дұрыс  айту – алған  білімнің  белгілі  деңгейін 
айғақтайды.  Бірте-бірте  қалыптасқан  айтылу – адамның 
таңдаулы топ қатарына тиістілігін куәландырады.   
* * * 
English language – language of the international dialogue.  
Besides language we should know history, culture of the 
studied country. 
In given article we will result some features of English 
behaviour, dialogue, generally, that can contain in itself 
concept of English etiquette. The important feature of an 
English society is also the attitude to speech of the person as 
to the index of its social accessory. The huge role in this sense 
plays the found pronunciation: it should not be mixed with 
proper one. The proper pronunciation testifies only to the 
certain level of the received formation. The found 
pronunciation specifies an accessory to the selected circle. 
 
 
 
 
Drtjtyjyu 
 
 
dfjkujki 
Aнглийский этикет

158 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
ЖАС ҒАЛЫМДАР 
МОЛОДЫЕ УЧЕНЫЕ 
 
 
 
 
 
 
Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы мифтік көріністер 
А. Әзизова  
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты, Алматы, Қазақстан 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  жазушы  Қабдеш  Жұмаділовтің  көркемдік  әлеміндегі  мифологиялық 
көріністер  қарастырылады.  Мифологиялық  көріністердің  бірі  түс  көру,  көрген  түсті  өмірдегі 
оқиғаларға байланысты жори отырып болшақты болжау әдісі жазушы шығармаларынды өте сәтті 
қолданылғаны  айтылады.  Мақалада  жазушы  шығармаларының  ішіндегі  шоқтығы  биіктеу 
көрінетін «Соңғы көш» және «Таңғажайып дүние» романдарындағы мифтік көріністер сараланып, 
қолданылу екершеліктері жайында сөз болады. 
  
 
Қазіргі  қазақ  әдебиетінде  мифке  қызығу-
шылық релизммен постмодернизмге дейінгі әр-
түлі  эстетикалық  бағыттағы  жазушылардың 
көбіне  тән,  ол  әңгімеден  романға  дейінгі  түрлі 
жанрлық нышандарда жүзеге асырылып келеді. 
Миф  әр  түрлі  көркем  бағыттар  мен  жанрларда 
нығайып  қана  қойған  жоқ,  көркем  мәтіннің 
барлық дейгейіне енуде. Фольклорлық дәс-түр-
лердің  бұл  түрі  Қабдеш  Жұмаділовтің  шығар-
маларында  да  кеңінен  қолданылған.  Жазушы-
ның  қай  шығармасын  алып  қарасақ  та  фоль-
клорлық  дәстүрлерді  орынды  қолдана  алғанын 
аңғарамыз.  Сондай  шығармаларының  бірі  де 
бірегейі  «Соңғы  көш»  романы. "Соңғы  көш” – 
табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін 
сақтап  қалған  көшпелі  жұрттың  өмір  атты 
керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат ар-
палысы. 
Расында  Қабдеш  Жұмаділовтің  шығарма-
шылығында  «Соңғы  көш»  дилогиясының  ала-
тын орны ерекше. Бұл шығарма – шынайы тол-
ғақтан, нағыз жан мен тәннің жарасынан туған 
асыл дүние. 
Жазушы  осы  романында  да  шығарманың 
атауынан бастап, басты кейіпкерлердің болаша-
ғын,  алдағы  тағдырын,  ертеңгі  күндерде  күтіп 
тұрған өзгерістерді түс арқылы кейіпкердің өзі-
не де, оқырманға да жеткізіп отырады. Шығар-
мада түс көру, оны жору, болашақты түс арқылы 
болжау  деген  мәселе  қазақ  өнерінде  бұрыннан 
қолданылып келе жатқан әдіс. Ғалым Г.Пірәлиева 
шығармадағы  түс  көруді  талдау  мәселесі  жө- 
 
нінде: «Мифопоэтиканың эстетикалық деңгейі-
нің  биіктігін  байқататын  әдеби  түс  көруді 
талдау мәтінде символдық, мифологиялық, ин-
формациялық,  сәуегейлік,  психоаналитикалық, 
т.б. қызмет атқарады. Әсіресе, кейңпкердің жан 
диалектикасын,  әр  түрлі  жағдайдағы  көңіл-
күйін, эмоциялық сезімдік құбылыстарын қада-
ғалай зерттейтін психологиялық арнайы бейне-
леу құралдарының бірі болып саналатын әдеби 
түс  көруді  талдау  көркем  туындылардағы  сю-
жетке  арқау  болумен  қатар  суреткердің  ойлау 
сапасының  даралық  сипатын  да  танытады»  де-
ген пікір айтады [5,248].  
Түстің мақсатқа қарай қалай қолданыс табуы 
мен қалай ойнатып, құлпыртса да икемге көне-
тін  көркемдік  мүмкіндігі  шексіз.  Тек  ол  әр  қа-
ламгердің шеберлігіне, ішкі еркіндігіне, қабілет 
қарымына байланысты.  
Жазушы шығармада Қанағат бидің түсін бы-
лай жеткізеді: «... Жақында бір түс көрдім. Қы-
зық  түс...  Қазақтың  «Ақтабан  шұбырындысы» 
әлі  аяқталмаған  секілді.  Осы  ел  біраз  жылдан 
кейін  батысқа  қарай  жөңкіле  ме,  қалай?...  Баяғы 
сендер  асып  келген  асумен  қайран  ел  тағы  да 
көшетін шығар. Егер ондай заман туа қалса: кө-
зің  ашық  жігітсің  ғой,  мына  ел  өзіңе  аманат! 
Адастырмай  құтты  орнына  қондырарсың... » - 
дейді би. Бұл жерде жазушы бидің түсі арқылы, 
оның  жорамалы  арқылы  халықтың  болашағын 
болжатып  тұр.  Расында  би  түсінде  көргендей, 
өзі  дүниеден  өткеннен  кейін  артында  қалған 
халқы  бірнеше  жылдардан  кейін  бір  кездері  
 
© 2012 al-Farabi Kazakh National University 

159 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
біраз  халық  шекара  асып,  ауып  келеген  ізімен 
кейін  қарай  жөңкіле  көшеді.  Би  айтып  кеткен 
көш! «Ақтабан шұбырындының» соңы. Оны да 
шығарма соңында бас кейіпкерлердің бірі Нұр-
бектің аузынан шыққан сөзбен  жеткізеді оқыр-
манға: «Сең бұзылды, ұлы көш басталды ғой... 
Естимісің?  Ақыры  халықтың  өзі  жол  тапты... 
Қол-аяққа  түскен  бұғаудан  құтылатын  заман 
туды. Сабыр-шыдамның шегіне жетіп, тәк-тәк-
пен  әрең  отырған  халық  бір-ақ  күнде  от  тиген 
қамыстай  дүрк  көтерілді.  Ауыздан-ауызға  та-
рап,  желдей  жүйіткіген  бір  ғана  сөз  бар.  Ол – 
көшу... Ұлы көш! » [4,496]. 
Осы жерде бас кейіпкер Естайдың да іс-әре-
кетінен  ежелден  келе  жатқан  салт-дәстүріміз-
дің  бірін  байқаймыз: «... Алдымен  зираттың 
басына  келіп,  әке  рухымен  қоштасты. «Қош 
бол,  Көке!  Бір  кездері  өзің  арман  еткен  ұлы 
көш  басталды.  Сол  көшке  ілесіп,  халықпен 
бәрге мен де кетіп барамын. Бұдан кейін туған 
жерге  қайта  оралудың  сәті  түсе  ме,  жоқ  па? 
Өзіңді осынау төбе басында жалғыз тастап кет-
кенімді кешіре көр. Сенің молаң енді менің жү-
регімде»  деді  осы  бір  сөздерді  дұғасындай  кү-
бірлеп».  Ата-баба  рухына  құран  бағыштау,  өл-
ген адамның рухымен тілдесу және тағы басқа 
осы  секілді  іс-әрекеттер  ежелден  қалыптасқан, 
қазіргі уақытта да қаймағы бұзылмай сақталып 
келе  жатқан  фольклорлық  дәстүрлер  қатарына 
жататын  салттар.  Шығарма  атауына  байла-
нысты  соңғы  түйінді  сөзді  де  Нұрбектің  аузы-
нан естиміз, ол бір кездері Қанағат бидің өмір-
ден  өтер  алдында  ел-жұртының  алдында  өзі 
көрген түсін айтып, сол түсіне байланысты айт-
қан  болашақ  туралы  болжамының,  жорамалы-
ның  өмірде  шынға  айналып,  дәлелдене  түсуі. 
«үшеуінің  ішінде  алдымен  тіл  қатқан  Нұрбек 
болды: - Қазақтың  «Ақтабан  шұбырындысы» 
осымен  аяқталар  ма  екен?  Әй,  ең  соңғы  көш 
осы  болар...», - дейді.[4,527].  Ия,  расында  бұл 
қазақ  даласында  қаймағы  бұзылмаған  көшпен-
ділердің соңғы көші болатын.  
Көріп  отырғанымыздай    автор  шығарманың 
негізгі  мазмұнын,  атауының  шығу  поэтикасын  
қазақтың мифологиялық әдісі арқылы, яғни түс 
көру,  оны  жору  арқылы  оқырманға  жеткізіп 
отыр. Міне, осының өзінен жазушының шығар-
маны  жазу  барысындағы  фольклорлық  дәстүр-
лерді қолдануының ерекшелігін байқаймыз. Екі 
томдық  романда  тағы  басқа  да  бірнеше  бас 
кейіпкерлердің  болашағы  түс  көру,  соны  жору 
арқылы көрінеді. «Бір қызық, шырма-шату түс 
көрді... Баяғы жас кезі екен дейді, бостандықта 
жүр  екенмін  дейді.  Ауыл  үстінде  Қаражалда 
отырған  тәрізді.  Бұл  бір  топ  адаммен  Ақтасты 
кенерлеп,  Қайрақтыны  жайлаған  Шөтік  ішіне 
қайындап  барған  екен  дейді...  Қыздардың 
арасында  ақ  үкісі  бұлғақтап,  Күміс  те  келе 
жатқандай.Осы қызға баяғыда бір рет үйленген 
сияқты  едім  деп  ойлайды.  Енді  бір  мезетте 
асыр салып  жүгірген балалардың ішінен өзінің 
екі  ұлы  Үрістем  мен  Дастанды  көреді. «Бәсе, 
мен  Кұміске  әлдеқашан  үйленгенмін,  мынау 
менің  балаларым  ғой», - Нартай  ішінен. Әбден 
сағынған ұлдарына құшағын жайып тұра ұмты-
лады. Бірақ ана екеуі «көкелеп» келіп мойнына 
асылудың орнына, қашқақтап жоламайды. Мұны 
танымайтын сыңай көрсетеді... Енді бір қараса, 
қолына  ұстап  келе  жатқаны  көкпар  емес,  жар-
қылдаған  қайқы  қылыш  болып  шығады. 
Соңында  қапталдай  шапқан  елдің  қолында  да 
бір-бір қылыш... Оқ жаңбырдай жауып тұр екен 
дейді. «Баймұрат!  Баймұрат!  Азаттық  үшін, 
туған  ел  үшін  алға!»деп  айқайлағысы  келеді, 
бірақ үні шықпайды. Кенет дауыстары жер жа-
рып, соңында ұрандап келе жатқан жұрттан да 
ешбір  сарбаз  қалмапты. ... Кенет  қалың  түнек-
тің арасынан мылтығын кезей ұстаған жау сол-
даты шыға келеді. Жеңіске мастанған жау күл-
кісінен  жексұрын  не  бар  екен  дүниеде? «Ат-
сайшы енді, иттің баласы! Не қып тұрсың?» деп 
ақырады  зығырданы  қайнаған  Нартай...  Ол  өз 
даусынан  өзі  шошып  оянады.  Ол  біразға  дейін 
жаңағы  көрген  түсін  еске  түсіре  алмай,  ақыры 
жобасын құрастырғандай болады. Қазақ жақсы 
түс көрсе, біреуге айтып жорытқанша асығады. 
Жаман  түс  көрсе, «Тәйірі,  түс  түлкінің  боғы 
емес  пе?»  деп  қолды  бір-ақ  сілтейді.  Нартай-
дың қасында түс жорытатын да ешкім жоқ еді. 
Не үшін екен, соңғы кезде осындай бір түстерді 
жиі  көретін  болып  жүр...  Әйткенмен,  бүгінгі 
түсі  ұнамады  өзіне.  Қанша  ырымшыл  болма-
ғанымен,  түсінде  жау  қолында  қалуын  жақсы-
лыққа  жори  алмады».[4,69].  Нартай  батырдың 
түрмеде  жатқан  кезіндегі  көрген  түсі  өткені 
мен бүгінін және ертеңін дәл көрсетіп, саралап 
береді,  ол  жерде  жас  кезіндегі  ойын-сауықты, 
отбасын көрсете келе, ел үшін, жер үшін жанын 
шүберекке  түйіп  шайқасқан  кездерін  көреді, 
соңында  өмірінде  болмаған  қызық  жайттарды 
көреді,  бұл  сарбаздарымен  бірге  қашып  келе 
жатыр екен, бір кезде сарбаздары да жоқ болып 
кетеді  де,  өзі  жау  қолында  қалып  қояды,  жау 
батырды атып өлтіргісі келеді. Осы көрген түс-
тері  батырдың  болашағынан  хабар  беріп  тұр-
ғандай.  Өйткені  алдағы  өмірінде  тура  осындай 
шытырман  оқиғалар  күтіп  тұр  еді.  Өміріндегі 
ең  жақыны,  бауыр  еті  балаларының  өзі  батыр-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы мифтік көріністер 

160 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
ды көпшілік алдындағы ашық сотта әкелерінен 
теріс  айналып,  елдің  алдында  әкелеріне  қарсы 
сөз сөйлейлі, батырға бұл өте үлкен ауыр соққы 
болады,  өзінің  туған  жерінде  болып  жатқан 
жиында  ең  болмаса  құлындарымды  бір  көріп, 
маңдайынан  иіскесем  деп  тұрған  әке  өз  ұлын 
көргенде есінен танып қала жаздады: «... Бірақ 
Нартайдың көретін сұмдығы әлі алда екен, бұ-
ған деген  жан азабының ең  ауырын  да  аяныш-
тысын да әдейі соңына  сақтапты. Өзінің  үлкен 
ұлы  Үрістемді  әлдекім  қолтығынан  жетектеп 
сахнаға  алып  шыққанда,  Нартай  есінен  танып 
қала  жаздады.  Бір  көріп  маңдайынан  иіскеуге 
зар  болып  жүрген  Үрістемі  ғой...  Тәңірім-ау, 
бұған  не  айтқызбақ  сонда?  О,  қу  құдай,  ендігі 
көрсетейін дегенің осы ма еді?!... Манадан бері 
сыр бермей тұрған Нартайдың осы тұста жүйе-
жүйесі босап, басы айналып, тізесі бүгіліп кете 
жаздады.  Баласының  сөзі  құлағына  еміс-еміс 
қана  жетеді. – Иә,  ол  халықтың  жауы...  Сон-
дықтан  менің  де  жауым.  Бүгіннен  бастап  мен 
оны  әке  деп  есептемеймін.  Мен – халықтың 
баласымын...  Нартайдың  құлағы  шыңылдап, 
бұдан  ары  не  айтып  тұрғанын  естіген  жоқ.  Бір 
заматта  есін  жиып  қараса,  ұлы  сөзін  бітіріп, 
кетіп  бара  жатыр  екен.  Ол  өзін  ұстай  алмай: - 
Үрістем,  құлыным...  келші,  маңдайыңнан  бір 
иіскейін! – деді даусы жер астынан шыққандай 
тарғылданып.  Қаны  қашып,  қағаздай  ағарып 
кеткен  Үрістем  не  істерін  білмей,  орта  жолда 
сенделіп тұрып қалғанды. Әлдекім қолтығынан 
шап беріп ұстады да, ішке қарай ала жөнелді». 
[4,164].  Бұның  бәрі  батырдың  өзі  түсінде 
көрген оқиғалардың өңінде шынға айналуы еді. 
Өзінің  бауыр  еті  баласының  өзіне  қарсы  сөз 
айтуы әке күтпеген оқиға болды, осы жағдайды 
да батыр түсінде көрген. Түсінің соңындағыдай 
батырдың  ажалы  жау  қолындағы  қарудан  бо-
лады.  Елі  үшін  аянбай  жылдар  бойы  жауымен 
шайқасқа  түсіп  келген  батырды  Қытай  өкіметі 
батырды  өзінің  туған  елі  алдында  атып  өлті-
реді. Қарап отырсақ романдағы басты кейіпкер-
лердің бірі Нартай батырдың тағдыры да оқыр-
манған фольклорлық дәстүрдің бірі – түс көріп, 
оны жору арқылы жетіп отыр.  
Қабдеш  Жұмаділов  С.Сейфулиннің  өмірі 
туралы    жазған  «Ақынның  ақырғы  күндері» 
атты  әңгімесінде  де  түс  көру,  түс  арқылы  бол-
жау  әдісін  қолданады.  Осы  әңгімеде    ақының 
өлім  сәтінің  тақалып  қалғанын  түс  көруі  ар-
қылы сезуін шебер жеткізеді. Жазушы баяндау 
тәсілі  арқылы  ақын  түсін  былайша  суреттейді: 
«Сол    күні  кешке  ақын  бір  қызық  түс  көрді. 
Бұрынғы түстері шырма-шату, бұлыңғыр болу-
шы  еді,  бұл  жолғысы  өңіндегідей  ап-анық. 
Арқаның  кең  даласы  екен  дейді...  Ел  жайлауға 
қарай  бет  алған  секілді.Ұбақ-шұбақ,  сәнді 
көш...  Ер-тұрманы  жарқылдаған  үкілі  қыздар, 
сәйгүлік мінген жігіт-желең. Ақынның астында 
өзі өлеңге қоса беретін ақ боз аты бар... Содан 
бір мезгілде көп ауыл көл жағалай  қонып жат-
қан  сияқтанады.  Жағалауы  қамыспен  жұрын-
далған  шалқар  айдын.  Әупілдек  көлі  тәрізді. 
Көл  бетінде  аппақ  аққулар  жүзіп  жүр...  Кенет 
дүние дүрлігіп кетеді. Көл бетін өрт шалғандай. 
Өрт  емес,  қанға  боялған  аққуларды  біреулер 
жағалаудан оқ жаудырып атып жатқан секілді... 
Ақын  «аққуды  атуға  болмайды»  деп  айқайла-
ғысы  келеді.  Бірақ,  қанша  зорланса  да,  үні 
шықпайды...  Сөйтіп,  батығырылып  жатып, 
оянып  кетті.  Өне  бойын  сұп-суық  тер  басып 
кетіпті.  Таң  атып  қалса  керек,  камера  іші  ала-
кеуім. «Қайбір  жақсылық  дейсің», - деді  ақын 
іштей күбірлеп». [6,7]  «... Бұл заманның түсі де 
жан шошырлықтай», - дейді жазушы бір жерін-
де. Жазушы әдеби түс көруді талдаудың табиғи 
мүмкіндігін,  көркемдік  қызметін  суреткерлік 
шеберлікпен қолдана отырып, кейіпкердің ішкі 
әлеміне еркін енудің таптырмас құралы ретінде 
қолданады. Заманның аяқ асты құбылғанын қа-
ламгер  кейіпкердің  түсі  арқылы  береді.  Жазу-
шы  қазақтың  «киелі  құсы  аққуды  атуға  бол-
майды, атса бір кесапат болады» деген ырымын 
түс  арқылы  береді,  сонан  соң  бұл  түсті  ақын-
ның өзіне жорытады. Ақын үш күннен соң жен-
деттердің  қолынан  қаза  табады.  Әңгіменің  ше-
шімі  осылайша  түйінделеді.  Қаламгердің  бұл 
тарихи  әңгімесі,  басқа  әңгімелеріндей  емес, 
осылай  өкінішпен  аяқталады.  Бұлардан  шыға-
ратын  қорытындымыз - көркем  әдебиеттегі 
кейіпкердің  түс  көруін  сюжеттік  желіге  арқау 
ету қаламгердің шығармаларында кеңінен көрі-
ніс тапқан,өте сәтті қолданылған. 
Жазушының «Тағдыр», «Соңғы көш», «Ата-
мекен», «Прометей алауы», «Дарабоз», «Таңға-
жайып  дүние»  атты  романдарындағы  бір  ерек-
шелік – тарихи  дерек  көздерінің  дәлдігі  мен 
оқиға  орнының  нақтылығы  болса,  екіншісі – 
көшпелі  ұлт  руханиятының  тұрмыстық  этно-
графиялық  мәдениеті  дәстүрлі  сипатымен,  қа-
нық  ұлттық  бояуымен  көрініс  табуында.  Осы-
ған  орай  әр  кейіпкердің  ұлттық  болмыс-бітімі, 
мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, наным-сенімі, парасат-
пайымы көшпелі тұрмыс мәдениетінің даналы-
ғына сай көркемдік айналымға түскен. 
Қазақ  көркем  әдебиетінде  ғұмырнамалық 
шығармалардың саны көп емес еді. "Соңғы көш” 
және  ғұмырнамалық  роман  «Таңғажайып  дү-
А. Әзизова 

161 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
ние» – ғасырлар  бойы  аузынан  "тәубасы”  мен 
"қанағаты”  түспеген,  ешкімге  ұқсамас  төлтума 
мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша 
жұртқа  гуманизм  мен  шынайы  демократияның 
жарқын  үлгісін  көрсеткен,  өмірге  адамның  қо-
нақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай 
үшін,  арам  өлер  тай  үшін”  бет  жыртыспауға 
үндеген,  жаны  жайсаң,  жүрегі  мәрт  жұрттың 
шынайы тарихы. 
Расында  Қабдеш  Жұмаділовтің  шығарма-
шылығында  «Соңғы  көш»  дилогиясының  ала-
тын орны ерекше. Бұл шығарма – шынайы тол-
ғақтан, нағыз жан мен тәннің жарасынан туған 
асыл  дүние.  Жазушының  жаны  мен  тәніне 
түскен жаралардың тыртығы ақ қағаздың бетін 
ғана тырнап қойған  жоқ, оқырманның жүрегін 
де  осқылады.  Дилогияны  оқыңыз,  қайталап 
оқыңыз, сонда сіз Қадештің талантына ғана бас 
иіп  қоймайсыз,  оның  төтенше  тағдырына  да 
тәнті  боласыз.  Соншалықты  алапат,  сұрапыл 
сәттерді автордың өз басынан кешіргеніне  кү-
мәніңіз  қалмайды. «Соңғы  көшті»  қазақ  әде-
биетінің мәуелі бағында оқыстан бой көтерген, 
бізге бейтаныс та құнарлы  топырақтан нәр ал-
ған  зәулім  шынар  деп  қабылдаймыз.  Осы  ро-
манды  оқи  отырып  өзге  елде  қалған  қандаста-
рымыздың  тыныс-тіршілігімен  танысып  қана 
қоймай,  өз  елімізде  ұмыт  болуға  айналған, 
алайда  шетелдегі    халықтың  өміріндегі  қазақ-
тың қаймағы бұзылмаған, ата-бабамыздан мұра 
болып  келе  жатқан  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпта-
рымызды,  ырым-жоралғыларымызды,  табиғи 
таза, пәк түсініктерін кездестірмеміз. Таза, пәк 
түсінік,  ойлау,  болжау  дегеніміз  көрген  түс, 
болған  оқиғаны  болашақпен  байланыстыра  бол-
жап,  сол  божамға  сәйкес  іс-әрекет  жасау  және 
тағы басқалар.  Бұл дилогия – тек автор талан-
тының  ғана  өресін  танытатын  шығарма  емес, 
бүгінгі әдебиетіміздің төбелер, жоталар, таулар  
жүйесіндегі беделді ориентир  шыңдардың бірі. 
Шетелдегі  қазақтардың  тағдыр  талайы  ту-
ралы  білу – әлі  де  зәру  мәселелердің  бірі.  Бұл 
түгіл  жалпы  «кеңестік  дәуірде  туған  тарихи 
романдарға  объективті  түрде  баға  берілді»  деп 
бүгінде ешкім де айта алмаса керек. 
Қорыта айтқанда жазушы шығармаларынан,  
 
 
 
 
оның  ішінде  «Соңғы  көш»  пен  «Таңғажайып 
дүние» романдарынан  өзге елдегі қандастары-
мыздың бастан кешкен сан-алуан тағдырларын, 
сол  қилы  замандағы  түрлі  тағдырды  оқырман 
жүрегіне  жеткізу  үшін  ежелгі  мифологиялық 
көріністерді  сәтті  қолдануын  айқын  көреміз. 
Сан  тағдырлы  кісі  келбетін  сомадау,  ата  жұрт-
тан  алыс  жатқан  ағайынның  алмағайып  өмірін 
көркем  сөзбен  шежірелеп  беру  осы  кітаптың 
басты  мұраты.  Жазушының  өзі  айтқандай,  біз 
енді қазақтың ең соңғы батырын, ең соңғы биін, 
ең соңғы көшін, ең соңғы аруын, ең соңғы жай-
лауға  шығуын  жазушы  шығармаларынан  ғана 
оқып білетін боламыз. Шүкірлік етеміз, осынау 
дүниелердің  із-тозсыз  кетпей  жазушы  қаламы 
арқылы таңбаланып қалғанына. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.  Жұмаділов Қ. «Соңғы көш» осылай туған // 
Қазақ әдебиеті, 1981. – 11 б. 
2.  Жұмаділов Қ. 8 томдық шығармалар жинағы. 
– 5 т. – Алматы: Қазығұрт, 2005. –  536 б. 
3.  Жұмаділов Қ. 8 томдық шығармалар жинағы. 
– 4 т. – Алматы: Қазығұрт, 2005. –  504 б. 
4.  Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы: 
Ғылым, 1993. – 325 б. 
5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. 
– Алматы: Ана тілі, 1991. – 287 б. 
6.  Жұмаділов  Қ.  Ақынның  ақырғы  күндері // 
Қазақ әдебиеті. 22 желтоқсан. –   2000. – №51. 
* * * 
В  статье  рассматриваются  мифологические  сюжеты 
художественного  мира  известного  казахского  писателя 
Кабдеша Жумадилова. Отмечается удачное использование 
метода  предвидения  будущего  через  толкования  сна  в 
неразрывной  связи  с  жизненными  событиями.  В  статье 
пранализированы  мифологические  сюжеты  и  приемы  их 
использвания на материале романов «Последнее кочевье» 
и «Удивительный мир».  
* * * 
In this article examined mythological subjects artistic 
world known kazakh writer Kabdesha Zhumadilova. The 
successful use of method of foresight of future through 
interpretations sleep is marked in indissoluble connection with 
zhizennymi sobyatiyami. In the article of pranalizirovany 
mythological subjects and receptions them ispol'zvaniya on 
material of novels the «Last camp» of nomads and «Surprising 
world» 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы мифтік көріністер
 

162 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Төлеу Көбдіков лирикасындағы ұлт-азаттық сарын 
К. О. Таттимбетова  
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың II курс магистранты,  Алматы, Қазақстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет