Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата22.12.2016
өлшемі2,7 Mb.
#281
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54

 
 
139
Пользователи животным миром при общем пользовании обязаны:  
1)  соблюдать  требования  законодательства  Республики  Казахстан  в  области  охраны, 
воспроизводства и использования животного мира;  
2) не допускать ухудшения среды обитания животных;  
3)  выполнять  иные  требования  по  охране,  воспроизводству  и  использованию  животного  мира, 
предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.  
Помимо  закрепленной  в  ст.23  Закона  «Об  охране,  воспроизводстве  и  использовании  животного 
мира»  классификации  пользования  животным  миром,  подразделяющейся  на  общее  и  специальное 
пользование, в законе указана еще одна классификация – по цели использования. 
Согласно ст.24 на территории Республики Казахстан допускаются  следующие виды пользования 
животным миром:  
1) охота;  
2)  рыболовство,  включая  добывание  водных  беспозвоночных  животных  и  морских 
млекопитающих;  
3)  использование  в  хозяйственных  целях  животных,  не  относящихся  к  объектам  охоты  и 
рыболовства;  
4)  использование  животных  в  научных,  культурно-просветительских,  воспитательных  и 
эстетических целях;  
5) использование полезных свойств и продуктов жизнедеятельности животных. 
 
 
1.  Закон  РК  «Об  охране,  воспроизводстве  и  использовании  животного  мира»  от  9  июля  2004  года  //  Казахстанская 
правда. – 2004. –   20  июля. 
2. Бринчук М.М. Экологическое право России (Право окружающей среды). - М.: Юристъ, 1998. 
3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. Особенная часть: учебник. – Алматы: HAS, 2007.  
4. Экологическое право /под ред. Ю.Е. Винокурова. – М.: Изд-во «Экзамен», 2005. 
5. Кузнецова Н.В. Экологическое право. – М.: Юриспруденция, 2000.  
6. Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. – Караганда: Арко, 2001. 
7. Тундикбаев А.Д. Правовая охрана животного мира в Республике Казахстан: дисс. канд. юрид. наук. - Алматы, 2004. 
 
 
А.Б. Сопыханова 
 
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТАБИҒАТТЫ  ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ 
ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  заңдарын жетілдіру  мәселелері,  оның 
ішінде  рекреациялық  табиғатты  пайдалану  құқығы  туралы  нормаларды  жетілдіру,  оларды  халықаралық 
нормалар мен стандарттарға сәйкестендіруді талап етеді. 
Ол  үшін  бірқатар  халықаралық  нормативтік  құжаттарға  назар  салу  қажет,  әсіресе  үлгідегі 
(модельді) заңдарға, себебі нақ солар ғана ұмтылуды мақсат тұтатын идеалдарды танытса керек.   
Халықаралық  экологиялық  заңдарды  сараптай  келе,  біздің  отандық  экологиялық  заңдардың 
жетілуіне бірден-бір түрткі болатын басымдықтарды анықтап алуға болады. Олар: 
1. Рекреациялық аймақтарды құру және олардың қызметін реттеуші ережелерді заңдық тұрғыдан 
бекіту. 
Экологиялық  заңдар  рекреациялық  аймақтарды  құру  жөніндегі  мүмкіндіктерді  қарастырады, 
бірақ  та  олардың  қызметін  құру,  келістіру  процедуралары  мен  механизмдері  жеткіліксіз  жазылған. 
Әрине,  ондай  механизмдерді  заңдық  тұрғыдан  бекітіп  алу  рекреациялық  аймақтарды  құруды 
тездетері сөзсіз еді. Ол үшін ҚР арнайы «Рекреациялық табиғат пайдалану туралы» деп аталатын Заң 
қабылдау керек. 
2.  Рекреациялық  табиғатты  пайдалану  саласында  терминдер  мен  ұғымдардың  бірыңғай 
түсініктеме  аппаратын  бекіту  және  өзара  үйлестіру,  оларға:  «рекреациялық  аумақ»,  «рекреациялық 
табиғатты  пайдалану  құқығы»,  «курорт»,  «қорғау  аймағы»  және  «буферлік  аймақ»  ұғымдарын 
жатқызуға болады.   
Қазіргі таңда көптеген елдер экологиялық терминдерге қатысты әртүрлі терминологияларды және 
әртүрлі  түсініктеме  аппараттарын  пайдаланады.  Халықаралық  байланыстарды  құру  және  нығайту 
үшін  осы  саладағы  терминдер  мен  ұғымдардың  түсіндірме  аппараттарын  бір  қалыпта,  яғни  біркелкі 
етіп жасау қажет. 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
140 
Біз ҚР Экологиялық кодексінде  пайдаланылатын ұғымдар қатарында рекреациялық аумақ ұғымы 
жоқ болғандықтан, ондай анықтаманы өңдеп, дайындап аталған кодекстің 1-бабына енгізу керек деп 
санаймыз. 
Сондықтан да мынадай анықтамаларды ұсынғанымыз жөн: 
«Рекреациялық  аумақтар  –  халықтың  ұйымдасқан  жалпы  демалысы  мен  туризмі  үшін  арналған 
қоршаған табиғи ортаның мәдениеттендірілген, яғни қолдан жасалған учаскелері». 
«Рекреациялық  табиғат  пайдалану  құқығы  дегеніміз  –  экологиялық  заңдармен  бекітілген  нақты 
табиғат  пайдаланушының  демалыс  пен  туризм  үшін  табиғи  ресурстарды  иемдену  және  пайдалану 
құқықтарының жиынтығы». 
Мұндай  анықтамалардың  Қазақстан  Республикасының  2001  ж.  16  шілдедегі  «Қазақстан 
Республикасындағы  архитектуралық,  қала  салу  және  құрылыс  қызметі  туралы»  Заңында  көрсетілуі 
тиіс. 
Осыдан  басқа  «рекреациялық  аумақ»,  «ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ»,  «курорт» 
ұғымдарының ара-жігін дәлме-дәл ажырата білген жөн. 
Алғашқы  екі  ұғымның  өзара  қарым-қатынасы  туралы  мәселелер  ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақтар ішінде рекреациялық мақсаттағы учаскелері бар аумақтар болатындықтан туындайды.  
ҚР 2006 ж. 7 шілдедегі  «Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 1-бабына сәйкес 
ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз -  ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк 
табиғи  -  қорық  қорын  сақтау  мен  қалпына  келтiрудi  қамтамасыз  ететiн  шаруашылық  қызметi 
режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.  
Қазақстан  Республикасында  құрылу  мақсатына,  қорғау  режиміне  және  мемлекеттік-  қорық 
қорлары  объектілерін  пайдалану  ерекшеліктеріне  қарай  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың 
мынадай  түрлері  құрылады:  біріншіден,  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қорына  мына  объектiлер 
енгiзiледi:   
- зоологиялық объектiлер - жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi, 
жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;  
- ботаникалық объектiлер - өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлері, 
өсімдіктердiң құнды түрлерi, өсiмдiктердiң типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;  
-  орман  объектiлерi  -  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардағы  ормандар,  орман-дақылдық 
өндiрiсi мен егiстiктi қорғайтын орман өсiрудiң бiрегей үлгiлерi;  
-  дендрологиялық  объектiлер  -  ғылыми  және  мәдени-тарихи  маңызы  бар  жекелеген  ағаштар 
немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бiрегей үлгiлерi;  
- халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектiлерi - теңiз айдындарын қоса алғанда, 
дағдылы  өсiмдiктер  мен  жануарлар  дүниесiн,  әсiресе  су  құстары  мекендейтiн  жер  ретiнде 
пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары;  
-  геологиялық,  геоморфологиялық  және  гидрогеологиялық  объектiлер  -  жер  қойнауының 
экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi;  
-  топырақ  объектiлерi  -  әртүрлi  топырақ  аймақтарындағы  типтiк,  бiрегей  және  сирек  кездесетiн 
топырақтар; 
-  ландшафтық  объектiлер  -  типтiк,  бiрегей  және  сирек  кездесетiн  ландшафтар,  туған  табиғаттың 
эталондық учаскелерi, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафтар; 
-  мемлекеттiк  ерекше  маңызы  немесе  ғылыми  ерекше  құндылығы  бар  су  қоймалары. 
       Екіншіден,  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қоры   объектiлерiнiң  құрылу 
мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану ерекшелiктеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың мынадай түрлерi құрылады: 
-  биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар; 
-   мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;  
-   мемлекеттiк табиғи резерваттар; 
-   мемлекеттік табиғи парктер;  
-  мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;     
-  мемлекеттiк қорық өңiрлерi;   
-  мемлекеттiк табиғи заказниктер;   
-  мемлекеттiк зоологиялық парктер;   
-  мемлекеттiк ботаникалық бақтар;     
-  мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 
-  мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер. 
 Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi  
көзделуi мүмкiн [1].  

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
141
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  үшін  олардың  құқықтық  режимі  немесе  шаруашылық 
қызметтің  реттелуші  режимі  енгізіледі.  Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардағы  немесе  арнайы 
бөлінген  учаскелердегі  шаруашылық  қызметтің  реттелуші  режимі  табиғи  ресурстарды  шектеулі 
түрде  шаруашылық  қызметте  пайдалануды,  оның  ішінде  рекреациялық  мақсатта  пайдалануды 
көздейді.  Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туристердің  табиғи  және  тарихи-мәдени  мұралармен 
танысуы үшін, сондай-ақ адамдардың белсенді демалысы үшін де пайдаланылуы мүмкін. 
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарда  туризмді  және  рекреацияны  жүзеге  асыру  үшін  туристік 
жолдармен, түрлі алаңшалармен, көлік тұрақтарымен, кемпингтермен, палаталы лагерьлермен, қонақ 
үйлермен,  мотель,  туристік  базалар,  қоғамдық  тамақтану  объектілерімен,  сауда  және  басқа  да  мәдени-
тұрмыстық сипаттағы орындармен жабдықталған арнайы учаскелер бөлінеді. 
Жоғарыда  аталған  рекреациялық  пайдалану  учаскелері  түрлерінің  ішінен  мемлекеттік  ұлттық 
табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи парктердің алатын орны ерекше. 
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – табиғи және ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми 
құндылықтары  бар  тарихи-мәдени  кешендер  мен  объектілерді  сақтау,  қалпына  келтіру  және  көп 
мақсатта пайдалануға көзделген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады. 
Мемлекеттік табиғи парктер республикалық маңызы бар дәрежеге ие. 
Қорғау режимі мен табиғи кешендерді пайдалану мақсаттарына орай мемлекеттік ұлттық  табиғи 
парктер келесі функционалдық аймақтарға бөлінеді: 
1.  Қорықтық режимдегі. 
2.  Экологиялық тұрақтандыру. 
3.  Туристік және рекреациялық қызметтегі. 
4.  Шектеулі шаруашылық қызметтегі. 
Ұлттық  парктердің  қорықтық  аймақтарының  шегінде  кез  келген  шаруашылық  қызметке, 
рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және мемлекеттік табиғи қорықтарды ерекше қорғайтын 
режим қолданылады. 
Басқа  аймақтарда  табиғи  кешендер  мен  объектілерді  сақтау  үшін  жағдайлар  жасалады,  өз 
кезегінде,  олардың  аумағында  аталған  объектілерді  пайдалануды  қатаң  түрде  реттеу,  оның  ішінде 
рекреациялық  пайдалану  аймақтарында,  шектеулі  шаруашылық  қызметтерді,  әкімшілік-өндірістік 
мақсаттағы және келушілерге қызмет көрсету жүзеге асырылады. Сонымен қатар онда спорттық және 
кәдуілгі  аң  және  балық  аулау,  рекреациялық  орталықтарды,  қонақ  үйлерді,  кемпинг,  мұражай  және 
туристерге қызмет көрсететін өзге де объектілерді салу және пайдалану іске асырылады. 
Мемлекеттік  аймақтық  табиғи  парк  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктерге  ұқсас  болып  келеді, 
олардың орындайтын міндеттері мен алға қойған мақсаттары да бірдей, бірақ олардың мәртебесі тек 
жергілікті деңгейде.  
Мемлекеттік  аймақтық  табиғи  парктерде  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктердегідей  зоналарға 
бөлінеді. 
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктер мемлекеттік ұлттық табиғи парктер  сияқты сол тәртіппен 
және дәл сондай шарттарда пайдаланылады. 
“Рекреациялық  аумақ”  және  “ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ”  деген  ұғымдардың  өзара 
арақатынасын шеше келе мына мән-жайларды атап өтуге болады: 
1.  Рекреациялық  аумақ  және  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  дегеніміз  -  табиғи  объектілер 
мен ресурстардың жиынтығы болып табылатын табиғи кешендер [2]. 
2.  Бұл  ұғымдардың  арасындағы  айырмашылығы  рекреациялық  аумақтардың  және  ерекше 
қорғалатын  табиғи  аумақтардың  мақсаттарының  өздеріне  тән  белгілерінен  туындап  отыр. 
Рекреациялық  аумақтар  халықтың  жаппай  демалысы  мен  туризмге  арналған  болса,  ал  ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар – мемлекеттік табиғи қорық қорларын сақтауды және қалпына келтіруді 
қамтамасыз етуге бағытталады. 
3. Рекреациялық аумақтар кейбір  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамдас бөлігі болып 
келеді, нақтырақ айтар болсақ: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мемлекеттік табиғи парктердің бір 
құрамы болып саналады. 
4. Рекреациялық аумақтардың тек кейбір ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамдас бөлігі 
ғана болып келеді деп айту, әрине, дұрыс болмас еді. Олар жаппай демалыс пен туризм мақсатында 
табиғи  объектілер  мен  ресурстар  жиынтығын  жеке  дара  шығару  кезінде  өзіндік  дербес  маңызға  ие 
болатындығы анық. 
Сонымен,  ҚР  экологиялық  заңнамасы  бойынша  рекреациялық  аумақтар  дербес  табиғи  кешен 
болып табылады да, ал мемлекеттік ұлттық табиғи және мемлекеттік табиғи парктердің   құрамында 
аймақша түрінде жүзеге асырылады. 
Бірқатар авторлар рекреациялық аумақтарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деп санайды. 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
142 
Мысалы,  В.Д.  Ермаков  пен  А.В.  Сухаревтардың  пікірінше  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 
дегеніміз  –  ерекше  табиғи  қорғау,  ғылыми,  мәдени,  эстетикалық,  рекреациялық  және  сауықтыру 
маңызына ие табиғи кешендер мен объектілерді қамтитын жалпыұлттық игілікке арналған объектілер 
[3].  
А.А. Траниннің ойынша, «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» дегеніміз – ерекше экологиялық, 
ғылыми,  емдеу  және  эстетикалық  маңызға  ие    және  жасанды  түрдегі  табиғи  кешендер  мен 
объектілерді  біріктіретін  аумақтардың  (акваториялардың)  учаскелері;  олар  арнайы  бекітілген  заң 
тәртібіне  сәйкес  толық  немесе  ішінара,  уақытша немесе  тұрақты  түрде  шаруашылық  қызметтен  сол 
табиғат  эталондарын,  ерекше  қайталанбас  ландшафтарды,  экожүйені,  өсімдіктер  мен  жан-
жануарлардың  генетикалық  қорын  сақтау  мақсатында  алынады;  сондай-ақ  олар  шаруашылық 
қызметтің  салдарынан  өзгеретін  биосфераның  ахуалын  бақылауды,  табиғаттың  жекелеген 
компоненттерін  қалпына  келтіру,  табиғаттың  құбылыстарын  зерттеуді,  табиғат  пайдаланудың 
ғылыми  негіздерін  өңдеуді,  табиғат  қорғауды  насихаттау  және  оларды  рекреациялық  мақсатта 
пайдалануды өзінің басты бағыты етеді [4]. 
Біздің  ойымызша,  рекреациялық  аумақтар  мен  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардағы 
қызметтер  әртүрлі  мақсаттарды  ұстанатын  сияқты,  сол  себептен  де  рекреациялық  пайдаланудағы 
аумақшаларды  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  және  мемлекеттік  табиғи  парктердің    құрамынан  шығару 
туралы мәселені көтеретін уақыт жетті. 
«Рекреациялық аумақ» және «курорт» ұғымдарын салыстырайық. 
«Курорт» ұғымы ҚР Экологиялық кодексінде кездеспейді, дегенмен ҚР экологиялық заңдарында 
бұл ұғым және сауықтыру мақсатындағы жерлер деген ұғымдар  бірнеше рет ескерілген. 
Мысалы,  ҚР  2003  жылғы  20  маусымдағы  Жер  кодексіне  сай  сауықтыру  мақсатындағы  жерге 
табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру 
үшiн  қолайлы  жер  учаскелерi  жатады.  Бұрынғы  ҚазКСР  заңдылығында  курорт  деп  –  табиғи  емдік 
қасиеттеріне  және  минералды  көздеріне  ие,  емдеу-профилактикалық  мақсатта  игерілген  жерлер 
танылған.  Адам  ауруының  алдын  алу  мен  емдеудi  ұйымдастыру  үшiн  қолайлы  санитарлық  және 
экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан 
Республикасының  заңдарына  сәйкес  санитарлық-қорғау  аймақтары  белгiленедi.  Сауықтыру 
мақсатындағы  жердiң  күзет,  санитарлық-қорғау  және  өзге  де  қорғау  аймақтарының  шекарасы  мен 
оны 
пайдалану 
режимiн 
жергiлiктi 
өкiлдi 
және 
атқарушы 
органдар 
айқындайды. 
       Белгiленген  санитарлық  режимге  сәйкес  осы  жер  учаскелерiн  шаруашылық  айналымынан 
толығымен алып қоюды көздейтiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi 
жер  учаскелерi  жер  учаскелерiнiң  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушылардан  алып  қойылмайды. 
Бұл  ретте  аталған  учаскелер  осы  Кодексте  белгiленген  шарттарға  сәйкес  мемлекет  мұқтажы  үшін 
мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. 
      Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында 
пайдалану  осы  аймақтарды  күзетудiң  белгiленген  режимi  сақтала  отырып  жүзеге  асырылады  [5].
 
Біздің  пайымдауымызша,  бұл  анықтама  «емдеу-сауықтыру  жерлері»  деген  ұғымға  сәйкес 
келеді, неге десеңіз, курорт дегеніміз – жай ғана жер емес, ол адам қолымен жасалған ондағы адамды 
емдеуге арналған ғимараттар орналасқан табиғи орта учаскесі. 
Біздің  пікіріміз  курорттың  ресми  түсіндірмесімен  де  дәйектелінеді.  Кеңес  Энциклопедиядық 
Сөздігінде курортқа «табиғи емдеу шипалары бар (минералды су, батпақ, қолайлы климат және т.с.с.) 
емдеу  мекемелері  орналасқан  жер»  деген  анықтама  берілген  [6].  Енді  жақын  шетелдердің 
тәжірибесіне, мысалы, Ресей Федерациясының заңдарына көз жүгіртейік. 
 Ресей  Федерациясында  1995  жылы  23  ақпанда  «Табиғи  емдеу  ресурстары,  емдеу-сауықтыру 
жерлері және курорттар туралы» деп аталатын арнайы Заң қабылданды. Сол Заңның 1-бабына сәйкес 
«емдеу-сауықтыру  жерлері  –  табиғи  ресурстары  бар  және  ауруды  емдеу  және  оның  алдын  алуды 
ұйымдастыруға қолайлы жағдайы бар, сондай-ақ адамдардың демалуына лайықты аумақ» делінген.  
«Курорт  –  табиғи  емдеу  ресурстары  бар  және  оларды  пайдалану  үшін  инфрақұрылым 
объектілерін  қосқанда  арнайы  ғимараттары  бар  емдеу-профилактикалық  мақсатта  игерілген  және 
пайдаланылатын  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар».  Бұл  анықтамадан  біз  «ерекше  қорғалатын 
табиғи  аумақтар»  деген  сөздерді  алып  тастар  едік,  себебі,  жоғарыда  айтқанымыздай,  рекреациялық 
аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қызметтер әртүрлі мақсаттарды ұстанады. 
Біз келесі анықтаманы ұсынамыз: 
1.  «Курорт  –  табиғи  емдеу  ресурстары  (минералды  көздері,  емдеу  саз-батпақтары,  климаттық 
және  өзге  де  жағдайлары)  бар  және  оларды  пайдалану  үшін  инфрақұрылым  объектілерін  қосқанда 
арнайы ғимараттары бар емдеу-профилактикалық мақсатта игерілген және пайдаланылатын жерлер». 
Рекреациялық аумақтар да курорт та табиғи кешен болып табылады. 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
143
2.  Олардың  арасындағы  негізгі  айырмашылық  –  алдына  қоятын  мақсатында.  Рекреациялық 
аумақтар  халықтың жаппай  демалысы  мен  туризмге  арналады, ал  курорттар  –  халықтың ауруларын 
емдеуді және олардың алдын алуды ұйымдастыруды көздейді. Бұл орайда емдеу және алдын алудың  
демалусыз  өтпейтіндігін  ескерген  жөн.  Сондықтан  да  курорттар  рекреациялық  функцияны  да 
орындайды, ал рекреациялық аумақтар емдеу функцияларын орындай алмайды
3. Рекреациялық аумақтар мен курорттардың мәртебесін төмендету және оларды жерлердің басқа 
категорияларына  ауыстыру  тек  ерекше  жағдайларда    (олардың  ерекше  маңызын  жоғалтуына  әкеп 
соққан табиғи катаклизмдер) ғана жүзеге асырылатынын заң жүзінде бекіту. 
Қазіргі  уақытта  рекреациялық  аумақтар  мен  курорттардың  мәртебесі  артып,  оларға  деген 
кәсіпкерлердің  қызығушылығы  жоғары  болса  да  кез  келген  уақытта  оларды  жою  немесе  мәртебесін 
төмендету  болуы  ықтимал,  сөйтіп,  регионның  қоршаған  ортаны  қорғауына  кері  ықпалын  тигізуі 
мүмкін.  Биологиялық  және  ландшафттық  әртүрлілікті  кешенді  түрде  қорғауды  қамтамасыз  ету 
мақсатында ұлттық заңнамаға тиісті өзгертулер енгізу қажет. 
4.  Рекреациялық  аумақтар  мен  курорттарды  қаржыландырудың  (бюджеттік,  жеке  және  өзге  де 
көздер, мысалы, оларға барғаны үшін төлем алу) біркелкі жүйесін бекітуді ұсыну. 
5.  Рекреациялық  аумақтар  мен  курорттардағы  қорғау  және  буферлік  аумақтарда  табиғат 
пайдаланушылар мен жерпайдаланушылардың тұрақты экологиялық қызметін мемлекеттік тараптан 
қолдау және экономикалық мүдделендіру шараларын анықтау. 
6.  Рекреациялық  және  сауықтандыру  табиғат  пайдалану  саласындағы  заңдарды  бұзғаны  үшін 
жауапкершілік шараларын анықтау. 
Қазіргі  уақытта  сауықтандыру  мен  курорт  салаларына  инвестиция  құю  кең  сипатқа  ие  болып 
отыр. 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  соңғы  Жолдауында:  «Ұлттың  денсаулығы  –  жалпыұлттық 
міндет.  Оны  қамтамасыз  етуде  отандық  бизнес-қауымдастығы  белсенділік  танытуы  керек. 
«Қазақмыс»  Корпорациясы,  Евразиялық  өндіріс  ассоциациясы,  Қазцинк,  Тенгизшевройл,  Аджип, 
«Қазмұнайгаз»,  «Қазатомпром»,  «Қазақстан  темір  жолы»  сияқты  ұлттық  компаниялар  өткен  жылы 
әлеуметтік  мақсаттағы  объектілерді  дамыту  үшін  –  мектептер,  медициналық  және  мектепке  дейінгі 
мекемелер, сауықтыру кешендері, мүгедектерге арналған реабилитациялық орталықтар, мәдени және 
спорт  объектілері  30  млрд  теңге  қаржы  жұмсады»  [7].  Отандық  және  шетелдік  кәсіпкерлердің 
көпшілігі  қандай  жолмен  болса  да  курорт  және  демалыс  үйлерін  салуға  лайықты  жер  учаскелерін 
сатып  алуды  көздейтіні  жасырын  емес.  Пайданы  барынша  табу  жолында  экологиялық  талаптардың 
орындалмай  қалуы  да  ғажап  нәрсе  емес.  Сондықтан  да  бұл  салада  көптеген  экологиялық  құқық 
бұзушылықтардың орын алатыны да анық, ал біздің заңдарымыз, өкінішке орай, оларға қарсы тиімді 
ешнәрсе  қоя  алар  емес.  Біріншіден,  ҚР  Экологиялық  кодексінің  өзінде  рекреациялық  аумақтарды 
орналастыру  жөніндегі  экологиялық  талаптардың  жоқтығы.  Мәселен,  «Ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақтардың жерін және сауықтыру мақсатындағы жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар» 
деп аталатын 212-бапта былай делінген:  
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының  
Жер  кодексiмен және  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»  Қазақстан  Республика-
сының Заңымен реттеледi. 
2.  Сауықтыру  мақсатындағы  жерде  қолайлы  экологиялық  және  санитарлық-эпидемиологиялық 
жағдайларды  сақтау  мақсатында  оларды  аймақтарға  бөлу  кезiнде  санитарлық  қорғаныш  аймақтары 
белгiленедi.  Дегенмен,  рекреациялық  аумақтар  туралы  бірде-бір  сөз  айтылмаған.  Екіншіден, 
республикалық  заңдарда  рекреациялық  аумақтар  мен  курорттар  режимін  бұзғаны  үшін  жауаптылық 
көздейтін  нормалар  қарастырылмаған,  осындай  жағдайларда  аталған  нормалардың  болмауы 
бұзушыларды белгілі бір жауаптылыққа тартуды қиындатып жіберетіні сөзсіз. Тек жалпы сипаттағы 
баптар ғана қолданылуы мүмкін. Рекреациялық табиғат пайдалану туралы заңдарды жетілдіру мына 
бағыттар бойынша жүзеге асырылуы қажет: 
1. Рекреациялық аумақтар мен курорттары құру тәртібі мен олардағы қызметті заң жүзінде бекіту. 
Адамдарды  емдеу  және  олардың  ауруларының алдын  алуды  ұйымдастырумен  байланысты  бірқатар 
сұрақтарды  реттеу  үшін  ҚР  «Табиғи  емдеу  ресурстары,  емдеу-сауықтыру  жерлері  туралы»  арнайы 
Заң қабылдануы тиіс. Бұл шараларға ҚР «Рекреациялық табиғат пайдалану туралы» Заңын дайындау 
түрткі болары сөзсіз.   
2.  Республикалық  заңдарда  рекреациялық  табиғатты  пайдалану  саласындағы  терминдер  мен 
ұғымдардың  бірыңғай  түсініктеме  аппаратын  бекіту:  «рекреациялық  аумақ»,  «рекреациялық 
табиғатты пайдалану құқығы», «курорт», «қорғау аймағы» және «буферлік аймақ» және оларды өзара 
үйлестіру.  Мысалы,  ҚР  ЭК  1-бабына  «курорт»  ұғымын  енгізуге  болады:  «Курорт  –  табиғи  емдеу 
ресурстары  (минералды  көздері,  емдеу  саз-батпақтары,  климаттық  және  өзге  де  жағдайлары)  бар 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет