Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
128
жӛн. Герменевтика ӛнер туындысын жеке дара қарастырмай, оны тудырған, дҥниеге келуіне
ықпал еткен дәстҥрлі мәдениет аясында тану, тҥсіну қажеттігін алға тартады.
Герменевтикада мәтінді тануға қатысты екі тҥрлі кӛзқарас бар. Біріншісі - мәтінді
әлеуметтік, мәдени-тарихи жағдайлардың ықпалынсыз, тек оның ӛзіне ғана сҥйене отырып,
тҥсіндіру қажеттігін қолдайды. Екінші жақтың ҧстанымы бойынша герменевтика – философия.
Мҧнда мәтінді тҥсінуден, интерпретация жасаудан гӛрі ол турасында ой толғау басым.
«Герменевтика қазіргі батыс әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының базалық
қҧрылымы болып табылатын негізгі әдіснамалық қағидаларын зерделеуде кең тараған.
Герменевтиканың этимологиясы ежелгі грек мифологиясынан тарайды. Ал қазіргі
герменевтиканың гуманитарлық ғылымдардың саласындағы бесаспап әдіс ретінде бағаланып
жҥрген жайы бар», - дейді әдебиеттанушы ғалым Ҧ. Еркінбай. Ғалым интерпретацияның басты
міндеті сӛз ӛнерінің қҧндылығын ҧғындыру екенін айта келе, «Тарих герменевтиканы
гуманитарлық ғылымдардың фундаменті, жҥйелі негізі деп білді. Алайда, қазіргі әдеби
герменевтика бҧл мәселелерді мақсатты тҥрде айналып ӛтіп, нақты әдіснамалар мен әдеби
тәсілдер жасауды мақсат етеді. Алпысыншы жылдардың орта шеніне дейінгі батыс
әдебиеттануындағы кӛркем туындыны ӛз ішінде ғана қарастыру ҥрдісінен арылған қазіргі әдеби
герменевтика мәселе солай бола тҧра, структуралистік, лингвистикалық, коммуникативтік
тҧжырымдарға арқа сҥйеуге мәжбҥр болды. Аталмыш бағыттарға арқа сҥйеу арқылы қазіргі
әдеби герменевтика дәстҥрлі герменевтиканың интерпретация туралы ҧғым-тҥсініктерін тарих
қойнауында қалдыруға белсенді қызмет етуде» деп, Соловьевтың: «Асылында сана һарекеті
қандай болса да оның болмысы – тҥйсіну (интерпретация) болады. Оның тҥйсінуден бӛлек
мақсаты болуы мҥмкін емес» - деген пікірімен тҧжырымдайды [2].
Кӛркем шығарманы тҥсіну ҥшін талдап, зерделей білуіміз керек те, талдау ҥшін ӛзімізше
қабылдап, оқырмандық интерпретациядан ӛткізуміз қажет. Бҧл қарама-қайшы ҥдерісті
әдебиеттануда герменевтикалық (грек тілінен her- mēneutikē (technē) — ӛнерді тҥсіндіру) шеңбер
деп атаймыз. Бҧл шеңберде әрбір кӛркем шығармаға жасалған талдау тҥсінуге жетелесе, әрбір
тҥсінудің соңы талдауды қажет ететіні анық. А.В.Матюшкин мәтін интерпретациясы негізінен
ҥш бағытта ӛрбиді деп кӛрсетеді. Олар – тҥсіндіру (мәтін элементтерін шынайы ӛмір
кӛріністерімен, басқа мәтіндермен, қолжазба деректермен т.б. салыстыра отырып тҥсіндіре
талдау); бағалау (ӛзектілігін, маңыздылығын кӛрсету), қабылдау (мәтіннің ішкі мазмҧнын
тҥйсіну, зерделеу) деп кӛрсетіп, мәтіннің ішкі мазмҧнын қабылдауға ерекше тоқталып,
тӛмендегідей сызбада кӛрсетеді. Мазмҧн, мағына және мән бірінен бірі туындап, бірін бірі
анықтап отыратын ҥштаған қҧраған кезде кӛркем шығарманы қабылдау жҥзеге асады, кӛркем
мәтінге интерпретация жасалады [3; 16].
Әдебиеттануда интерпретация кӛркем шығарманың тҧтастай мағынасын, мазмҧнын, оның
идеясын, концепциясын тану, тҥсіну, зерделеу болып табылады Оның бірнеше тҥрлері бар:
1. Алғашқы, оқырмандық интерпретация адамның шығарманы оқып шыққаннан кейінгі
алғашқы әсеріне, кӛңіл-кҥйіне, сезіміне негізделеді.
2. Ғылыми интерпретация. Әдебиеттанушы оқырман ретіндегі алғашқы әсерін ғылыми
негізде жинақтап, нақтылап, әдеби талдаумен тексереді.
3. Шығармашылық-образдық интерпретация әдеби шығарманы кӛркемӛнердің басқа тҥріне
кӛшіру (мысалы, әдеби шығарма негізінде кӛркем фильм тҥсіру, сахналық қойылым, опера
немесе балет жасау т.т.), – дейді зерттеуші ғалым Қ.Т. Жанҧзақова [4].
Демек, ең алдымен шығарма оқырман тарапынан қабылданып, шығарманың шынайы
мәнін, терең қабаттарын тҥсіну ҥшін интерпретация жасалады. Ғылыми интерпретация автордың
Мән
Мазмҧн
Мағына
Достарыңызбен бөлісу: