Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет51/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

 
Кіріспе 
Қазақстан  экономикалық  ӛсу  мен  дамудың  жаңа  моделін  қҧруда  тек  жаңа  секторлардың 
дамуы  ғана  емес,  сондай-ақ  адам  дамуының  жаңа  мҥмкіндіктеріне  назар  аударуда.  Адамның 
әлеуетін, білімін, дағдыларын және заманауи экономикаға қажет инновациялар әлеуетін дамыту 
ҥшін  зерттеу,  инновация,  жоғары  білім  беру  жҥйесін  нығайту  арқылы  Қазақстанның 
проблемаларды  шешуге  ерекше  назар  аударуы  –  ӛзекті  мәселелердің  бірі.  Қазіргі  қоғамда 
әлеуметтік-экономикалық  дамудың  басты  доминанты  –  адамның  ӛмір  сҥру  сапасы.  Дәл  осы 
жағдайды қала деңгейінде алсақ, қала дамуының процесі тек материалдық немесе экономикалық 
әлеуетті  кӛтеру  ретінде  ғана  емес,  адамның  мҥмкіндіктерін  кеңейту,  яғни  ҧзақ  ӛмір  сҥру  мен 
салауатты  ӛмір  салты  мҥмкіндіктері,  білім  алуға  қол  жеткізу  мҥмкіндігі,  кӛп  жҧмыс  жасау 
мҥмкіндігі тҧрғысынан қарастыру. Себебі, әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, қала дамуының басты 
принциптерінің  біріне  қала  халқының  әлеуетін  жатқызады.  Қазіргі  дҥниенің  дамуында  адам 
ресурсының  маңызы  артып  отыр.  Сондықтан  елдердің  тҧрғын  халқының  сапалық  жағынан 
кешенді  тҥрде  сипаттауға  мҥмкіндік  беретін  кӛрсеткіш  қажет.  Осыған  байланысты  дҥние  жҥзі 
бойынша 1990 жылдан бері БҦҦ жанындағы Даму бағдарламасы (БҦҦДБ) деп аталатын арнайы 
Халықаралық ҧйымның енгізген әдістемесі бойынша есептелетін адам әлеуеті дамуының индексі 
(АӘДИ) қолданылады. АӘДИ кӛрсеткіші аталған ӛлшемдердің орташа арифметикалық шамасы 
тҥрінде алады. Оның шкаласы 0 мен 1 аралығында ауытқиды, неғҧрлым АӘДИ кӛрсеткіші 1-ге 
жақындаса, соғҧрлым адам әлеуетінің дамуы жоғары деп есептеледі.  
БҦҦ  жанындағы  Даму  бағдарламасы  соңғы  жылдары  АӘДИ  бойынша  елдерді  мынадай 
топтарға бӛледі: 
- кӛрсеткіші ӛте жоғары деңгейдегі (0,8 бен 1,0 аралығында) елдер; 
- кӛрсеткіші жоғары деңгейдегі (0,670 пен 0,799 аралығында) елдер; 
- кӛрсеткіші орташа деңгейдегі (0,470 пен 0,669 аралығында) елдер; 
- кӛрсеткіші тӛмен (0,470-тен кем) елдер [1;79]. 
Аталған  ҧйымда  (БҦҦДБ)  «адам  дамуының  индекстері  мен  индикаторлары»  атты  2018 
жылғы  қорытынды  есебіберілді.  Онда  Қазақстан  АӘДИ  кӛрсеткіші  бойынша  2017  жылы  ең 
жоғары елдер тобына кірді (0.800), яғни 189 елдің арасынан 58 орынға тҧрақтаған. Онда елдер 
тӛрт  параметр  бойынша  бағаланды:  ӛмір  сҥру  ҧзақтығы,  білім  алу  мҥмкіндігі  (кҥтілетін  оқу 
жылдары),  оқудың  орташа  мерзімі,  жан  басына  шаққандағы  ЖІӚ  кӛлемі.Рейтинг 
кӛшбасшылары:  Норвегия,  Швейцария  мен  Аустралия  [2].  Дегенмен,  бір  ғана  Алматы 
қаласының ӛзінде әлі де болса денсаулық пен ҧзақ жасау, табыс кӛлемі, жайлы ӛмір сҥру, тҧрғын 
ҥймен  қамтылуы,  ғылыммен  айналысу,  білім  дағдыларын  жетілдіру  кӛрсеткіштері  бойынша 
проблемалар  бар.Сондықтан,  елдің  әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін  кӛтеруде  халықтың 
сапалық  жағынан  кешенді  тҥрде  сипаттаумемлекет  немесе  аймақ  бойынша  ғана  емес,  қала 
деңгейінде де анықтаудың ӛзектілігі туындап отыр. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
34 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет