Казахского языка Онлайн курс soyle kz бесплатно



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/4
Дата22.12.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4

казахского языка

Онлайн курс

soyle.kz

бесплатно

Қордың


2009-2014 жылдары

атқарған қызметі



Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың

Қор туралы айтқандары:

«Мен бір қор құрайын, ол қорға бірінші президенттің қорынан ə

дегенде үлкен ақша саламыз, 500-600 миллион теңге, мысалы.

Барлығын шақырамыз, сол жерде ақша жинаймыз да, ол жинаған

қорды жаңағы попечетельский совет дейді ғой, осы зиялы

қауымнан жан ашитындардан кеңес құрамыздағы солардың

қолына береміз. Не істеу керек онымен? Онымен қазақтың тілін

насихаттау, қазақ тілін оқуға жаңа, жеңіл оқулықтар шығару,

аудио, видео деген құралдарды жабдықтау, барлық жерлерде

қазақтың тілін оқытатын орталықтар ашу мəселесі. Қазақтың

тілін үйренген басқа жұртқа қаржылай көмек беріп, өзгелерге

көрсету. Сол жағын ойлауымыз керек».

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесуінде сөйлеген сөзінен. 2008 жылғы 27

мамыр.

«Мен жақында қазақ тіліне қамқор болатын қор құрдым. Əдейі. Ол

неге керек? Бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтардың, қандай ұлт

өкілі болса да, қазақ тіліне деген ынтасы бар. Сол ынтаны қолдап

жіберуіміз керек . Тілді оқытатын мектептер құрып, əрбір

мекеменің ішінен курстар ашу қажет».

Отандық жетекші телеарналардың журналистеріне берген сұхбатынан. 2008ж.

«Жалпы алғанда, қазақстандық оқушылардың 60 пайызы қазақ

тілінде білім алады. 1991 жылдары бұл көрсеткіш 30 пайыз

төңірегінде болатын, менің бастамам бойынша Мемлекеттік

тілді дамыту қоры құрылғаны белгілі».

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында сөйлеген сөзінен. 2008 жылғы 23 қазан.

«Менің бастамам бойынша «Мемлекеттік тілді дамыту»

Президенттік қоры құрылып, қазірдің өзінде бірқатар жаңа

жобаларды жүзеге асыра бастады».

Тəуелсіздіктің 17 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен.

2008 жылғы 15 желтоқсан.

«Мемлекеттік тілдің дамуына бөлінген қаражат ұлғайып, арнайы

қор құрылды, айрықша көңіл бөліп жатырмыз».

Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтау сөзінен. 2008 жылғы 31 желтоқсан.

1

Қазақстанның болашағы – 

                   қазақ тілінде!

                          

 

Нұрсұлтан Назарбаев



2

3

байқаулар  жариялаудан  басталды.  Осы  байқаулар  арасы-

нан Қор Гранттарына жарияланған байқау қоғамның ерекше 

қызығушылығын тудырды. Аталған байқауға еліміздің түкпір-

түкпірінен  мемлекеттік  тілді  дамытуға  бағытталған  100-ден 

астам түрлі жобалар келіп түсіп, олардың жартысына жуығы 

қор гранттарына ие болып, жүзеге асты. Жоба авторларының 

ішінде  үкіметтік  емес  ұйымдармен  қатар  жеке  тұлғалар  да 

болды. 

Бір  сөзбен  айтқанда  Қор  2009  жылы  6  байқау  өткізді. 



Олар:  Қор  Гранттарына,  орыс  тілді  БАҚ-тарда  қазақ  тілін 

насихаттауға арналған мақалаларға, қазақ тілін жарнамалауға 

арналған  «Қазақ  тілі  –  бірлік  пен  береке  тілі»,  қазақ  тілін 

оқытудың  үздік  әдістемесіне,  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

қазақ тілін үйретуге арналған «Бүлдіршіндерге арналған қазақ 

тілі» және «Қоғамдық тіл инспекциясы» фотобайқауы сияқты 

республикалық байқаулар. 

Қор  қызметі  жариялы  түрде  жүргізіліп  келеді.  Қаржының 

игерілуі  туралы  ақпарат  бұқаралық  ақпарат  өкілдерімен 

тұрақты өтіп тұратын кездесулерде журналистерге жеткізіліп 

отырады. 

2009  жылы  жүзеге  асырған  жобаларымыз  қазақ  тілінің 

қазақстандық  әрбір  отбасына  түгелдей  дерлік  енуіне  ықпал 

етуге бағытталған Қордың ең алғашқы қадамы болды.

Ал,  2010  жылдың  сәуірінде  ҚР  Мемлекеттік  Хатшысы  – 

Сыртқы  Істер  министрі  Қанат  Саудабаев  басқаратын  қор 

Қамқоршылық кеңесінің шешіміне сәйкес қорға жаңа директор 

болып Азат Шәуеев тағайындалды. А.Шәуеев қор құрылғаннан 

бері  оның  директорының  бірінші  орынбасары  болған.  Оған 

дейін  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінде  еңбек 

етіп,  «Нұр  Отан»  ХДП  Орталық  аппаратының  Ақпараттық-

талдау  бөлімінің  меңгерушісі,  ҚР  Премьер-Министрі  Кеңсесі 

Қор тарихы

Қорды  құру  идеясының  авторы  Мемлекет  Басшысы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

Елбасымыз  тіл  жана-

шырларынан  қаржы  түсіп 

отыратын  қоғамдық  қор 

құру 

туралы 


ұсынысын 

2008  жылғы  мамырда  ҚР 

Парламенті  Сенатының  де-

путаттарымен 

кездесуінде 

айтқан  болатын.  Ал  2008 

жылғы  3  қыркүйекте  сол 

кездегі  ҚР  Мемлекеттік  Хат-

шысы  Қанат  Саудабаевтың 

төрағалығымен  өткен  Қор 

Қамқоршылық 

Кеңесінің 

алғашқы  отырысында  қор 

басымдықтары  айқындалып, 

жаңа 

қоғамдық 



құры-

лымның  директоры  болып 

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі 

саясат  бөлімі  меңгерушісінің 

орынбасары Берік Әбдіғалиев 

тағайындалды. 

Жаңа қоғамдық ұйым 5 қыр-

күйек күні «Мемлекеттік тілді 

дамыту  қоры»  Корпоративтік 

Қоры  болып  Әділет  органда-

рында  тіркелді.  Елбасының 

тапсырмасы  бойынша  жаңа 

құрылымның жұмысты бастап 

кетуіне қор құрылтайшысы ҚР 

Тұңғыш  Президенті  Қорынан 

48 млн. теңге бөлінді. 

Одан  кейін  Қор  орын-

жай  жалға  алу,  оған  тиісті 

жөндеу  жұмыстарын  жүргізу 

және  қажетті  жиһаздар  мен 

техникалық  құрал-жабдықтар 

алу  сияқты  ұйымдастыру 

мәселелерін  шешуге  кірісіп 

кетті. 


Осылайша  Қордың  ресми 

қызметі 2009 жылғы қаңтарда 

бірнеше 

республикалық 



4

5

әлеуметтік-мәдени  даму  бөлімінің  бас  сарапшысы,  Алматы  қаласы 

әкімдігінің  Ішкі  саясат  департаментінде,  тіл  басқармасында  бөлім 

меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

Қор  2010-2014  жылдары  да  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын 

кеңейтуге бағытталған 100-ден астам іс-шаралар мен қоғамдық жоба-

ларды жүзеге асырды. 

Осы  жылдар  ішінде  қор  бала-бақшадан  бастап,  балалар  үйлері, 

мектеп,  колледж  оқушыларының,  жоғары  оқу  орындары  студент 

жастарының қатысуымен, этно-мәдени топтардың жастарын қамтитын 

ауқымды  іс-шаралар  өткізді.  Қазақтілді  интернеттің  дамуына  қолдау 

жасап, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар 

қоғамдық бастамаларға қаржылық көмек көрсетті. 

Қордың  қолдауымен  бүгінде  қазақ  тілінде  оқытудың  инновациялық 

бағдарламаларына  көмек  берілді,  жастар,  өзге  ұлт  жастары  арасын-

да сан-алуан жарнамалық-ағартушылық акциялары, қазақ тілін оқытуға 

арналған интернет-портал құру бойынша жобалар ел игілігіне айналды.

Атап айтқанда, қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық ресур-

стар  мен  сервистерді  дамыту,  үздік  казақтілді  интернет-ресурстарды 

насихаттау мақсатында Қор «Қазақтілді интернет-сайттарының Ұлттық 

сыйлығы»  байқауын  өткізді.  Байқау  жеңімпаздары  5  аталым  бойын-

ша анықталды. «Өткір тіл» аталымы бойынша ең үздік интернет-сайт 

болып www.ult.kz порталы танылды, «Рухани азық» 

 www.massagan.



com, «Терең ізденіс» 

 www.abai.kz,  «Шынайы өмір» 



 www.minber.kz 

және «Спорт тынысы» 

  www.alasharena.kz сайты үздік деп танылды. 



Бұл шара қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық ресурстар мен 

сервистерді  дамыту,  үздік  қазақтілді  интернет-ресурстарды  анықтау, 

тәуелсіздік  жылдары  қалыптасқан  құндылықтарымызды  дәріптеп 

жүрген интернет-сайттарды ынталандыру мақсатында өткізіліп отырған 

алғашқы байқау болды.

Сонымен  қатар,  Қор  құрылғалы  6  жылдың  ішінде  жүзеге  асырған 

іс-шаралардың ең бастысы елімізде тұңғыш рет мемлекеттік тілді он-

лайн  режимінде    ақысыз  үйренуге  болатын  «Soyle.kz»  интернет-

порталының ашылуын айтуға болады. Онлайн курстың оқу бағдар-

ламасы  қазақ  тілін  тиімді  әдіс-тәсілдер  арқылы  жедел  меңгеруге 

және  тіл  үйренушілерге  алынған  білік-дағдыларын  күнделікті 

өмірде  еркін  пайдалана  алуға  мүмкіндік  берді.  Бағдар-ламада 

тілдік құзыреттің барлық түрі: сөйлесім, айтылым, оқылым, жазы-

лым әрекеттері толық қамтылды. Жобада үйренуге тиімді оқу ма-

териалдары  мен  ақпараттық  жүйедегі  жаңаша  мультимедиялық 

мүмкіндіктер (графикалық суреттер мен анимация түрлері, аудио 

және бейне материалдар) үйлестіре берілген.

Қор  ұжымы  алдағы  уақытта  да  түрлі  байқаулар,  акциялар 

өткізу арқылы халық арасынан жаңа идеялар іздеп, жаңаша үгіт-

насихат  жұмыстарын  жүргізіп,  тіл  жанашырларын,  әсіресе  этно-

мәдени  топтардың  жастарын  тартып,  мемлекеттік  тілді  кеңінен 

насихаттауға, ана тіліміздің шынайы мемлекеттік тіл болуына ба-

рынша күш сала бермек. 

Қордың басты ұстанымы – отансүйгіштік 

және Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деген сенім. 


6

7

Қор міндеті мен басымдықтары

Қордың  басты  ұстанымы  –  отансүйгіштік  және  Қазақстанның 

болашағы – қазақ тілінде деген сенім. 

Елімізде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың тілдерін сақтай 

отырып, олардың арасындағы негізгі қарым-қатынас құралы қазақ тілі 

болатындығына деген сенім. 

Қордың  басты  идеологиясы  –  еліміздің  ұлттық  құндылығы,  қазақ 

мәдениетінің қазығы болып табылатын қазақ тілін дамытуға жан-жақты 

және барынша ықпал ету.

Қор міндеті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамы-

туға бағытталған бастамаларына қоғамдық қолдау көрсетуді белсендіру, 

еліміз  бен  шетелдерде  қазақ  тілінің  қолданысын  арттыруға  арналған 

қоғамдық жобаларды қаржыландыру.

Қор өз қызметін үш негізгі бағытта жүзеге асырып отыр:

•  Қоғамдық бастамаларды ынталандыру және қолдау көрсету (қазақ 

тілін  оқытатын,  оған  қызығушылық  тудыратын  ғылыми,  мәдени 

және шығармашылық жобаларға байқаулар ұйымдастыру, Грант-

тар беру арқылы);

•  Қоғамды  жұмылдыру  және  қоғамдық  бақылау  орнату  (Орталық 

және  аймақтық  Сарапшылар  Кеңестерін  құру,  Қоғамдық  Ұйым-

дармен бірлескен меморандумдарға қол қою);

•  Қазақ тілінің қажеттілігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру және 

ағартушылық, үгіт-насихат қызметі (еліміздің тарихы, әдебиеті мен 

мәдениетіне қатысты бұрын жарық көрмеген әдебиеттер әзірлеп 

шығару,  сараптамалық  баяндамалар  әзірлеу,  қазақтілді  БАҚ-тар 

мен интернет-порталдарға қолдау көрсету).

Қор осы үш бағыттағы іс-шаралардың жиынтығы толық жүзеге асқан 

жағдайда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолында жаңа иннова-

циялық жобалар мен технологияларды туғызады деп сенеді.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  ісіне  бірігіп  атсалысуға  ірі  қоғамдық 

ұйымдар,  саяси  партиялар  және  этномәдени  топтардың  жұмылуына 

жол ашылады.

Тұрақты  жүргізіліп  отыратын  қоғамдық  бақылау  мемлекеттік  орган-

дардың тиімсіз іс-шаралар өткізуден бас тартуына, тіл саласына бөлінетін 

бюджеттік қаражаттың жауапты түрде жұмсалуына итермелейді.

Халқымыздың  тарихы,  салт-дәстүрі,  мәдениеті  мен  әдебиеті  тура-

лы  танымдық  ақпараттар  әлем  деңгейінде  көпшілік  қалың  оқырманға 

қолжетімді болады.



Қорды басқару және оның 

құрылымы

Қорды  басқарушы  жоғарғы  орган  Құрылтайшылар  жиналы-

сы болып табылады. Оның құрамына: ҚР Тұңғыш Президентінің 

Қоры,  Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы,  Қазақстан  жазу-

шылар  одағы,  ҚР  Ұлттық  ғылым  академиясы,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының Республикалық Қоры кіреді.

Қорды басқаратын тұрақты алқалы орган – құрамына белгілі 

қоғам  қайраткерлері  мен  мемлекеттік  мекемелердің  өкілдері 

кіретін Қамқоршылық Кеңес.

Қамқоршылық  Кеңестің  құзырына  Қор  қызметінің  басым-

дықтарын айқындау мен жұмыс жоспарларын бекіту кіреді.


8

9

Қордың 2009 жылы атқарған 

іс-шаралары

Қордың 

демеушісі

Қордың Бас 

демеушісі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президенті - Елбасының Қоры

10

11

2009  жылғы  қаңтарда 

Қор  орыстілді  БАҚ-тарда 

қазақ  тілі  туралы  үздік 

мақалаларға  байқау  өткізу 

туралы  жариялады.  Бұл 

байқау орыстілді бұқаралық  

ақпарат құралдарының қазақ 

тілінің проблемаларына аса 

көп  көңіл  бөлмейтіндігіне 

байланысты  олардың  ара-

сында  қазақ  тіліне  қызығу-

шылық  тудыру  мақсатында 

өткізілді. 

Байқау 

қорытындысы 



2009  жылғы  25  маусымда 

отандық  журналистер  күні 

қарсаңында  Астана  қала-

сында жарияланды. Байқау 

қорытындысына  арналған  баспасөз  мәслихатына  Қор  Қамқоршылық 

Кеңесінің  мүшесі,  Байқау  Комиссиясының  Төрағасы,  сенатор  Қуаныш 

Сұлтанов,  «Атамекен»  ұлттық  экономикалық  палатасының  төрағасы 

Азат Перуашев және қор директоры Берік Әбдіғалиев қатысты

Конкурстық комиссия шешіміне сәйкес бірінші орынға «Экспресс К» 

газетінің ұжымы ие болды. Аталған газет соңғы 4-5 жыл бойы қалыпты 

түрде тіл мәселесін көтеріп келді. Тіпті жуықта газет «Язык мой – флаг 

мой»  атты  айдар  аясында  қазақ  тілі  турасында  татымды  мақалалар 

тобын жариялады. Редакция арнайы дипломмен және 300 мың теңгемен 

марапатталды.

Ал  екінші  орынға  қазылар  алқасы  республикалық  «Время» 

басылымының семейлік тілшісі Милана Гузеева лайықты деп тапты. Ол 

қордың дипломы мен 200 мың теңесін олжалады.

Үшінші орынды «Государственный язык – основа единения общества» 

атты  сұхбаты  үшін  «ҚазАқпарат»  агенттігінің  Павлодар  облысындағы 

меншікті  тілшісі  Вера  Ливинцова  жеңіп  алып,  100  мың  теңгемен 

марапатталды. «Бұл материал қазақ тілінің өзекті мәселесін барынша 

көтеруге  талпынған.  Қысқаша  айтқанда,  журналист  тіл,  патриотизм 

және мәдениеттің бір-бірінен еш уақытта ажырамайтынын баяндаған.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 600 мың теңге.



Қазақ тілі туралы орыс тілінде

«Қазақ тілі - бірлік пен береке тілі»

2009 жылғы 16 қыркүйекте Қор 

қазақ  тілін  насихаттайтын  үздік 

жарнамаға  өткізген  «Қазақ  тілі  – 

бірлік  пен  береке  тілі»  байқауын 

қорытындылады.

Осы  жылдың  қаңтар-тамыз 

айлары  арасында  қазақ  тілі 

туралы  жарнама  байқауына  тіл 

туралы ұран, билбордқа арналған 

эскиздер,  жарнама  роликтерінің 

сценарийлері  сынды  28  өтініш 

келіп  түскен.  Олардың 

9-ы 


еліміздің  әр  облысынан  келсе,  қалғаны  Астана  мен  Алматыдан 

қатысты.


Байқау мақсаты жаппай қоғамның қазақ тіліне деген құрметін 

ояту  және  Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінде  екенін  әйгілеу 

болды.

Байқау  қорытындысы  бойынша,  Қостанай  қалалық  №2 



балабақша әдіскерлері жеңімпаз атанып, қордың арнайы дипломы 

және  ақшалай  сыйлығымен  марапатталды.  Қостанайлық 

әдіскер-психолог  Ирина  Артюшина,  әлеуметтік  әдіскер  Ирина 

Абдулхаликова  және  музыкалық  жетекші  Анна  Горбушиналар 

қазақ  тілі  туралы  озық  жарнама  ролигінің  сценарийін  жасағаны 

үшін мұндай құрметке ие болды.

Ал екінші орынға Владимир Ковтуновский лайық деп танылды. 

«Азаматтық  қоғам»  қоры  сарапшысының  жарнама  роликтері 

мемлекеттік  тілді  қазақ  тілін  білетін  өзге  ұлт  өкілдері  арқылы 

насихаттауды көздеген.

Үшінші  орын  «Астанателеком»  АҚ-ның  қызметкерлері 

Мейрамгүл  Мерғалиева  мен  Дамир  Байсағатовқа  бұйырды. 

Олар  ұсынған  флеш-роликке  қазақ  тілінің  деңгейін  көтеру 

тек  қазақ  ұлтының  ғана  ішкі  проблемасы  емес,  бұл  жалпы 

қазақстандықтардың өзекті мәселесі болуы керек деген ауқымды 

тақырып арқау болған.

Осы жеңімпаз сценарийлерді Қор келешекте қазақ тілі туралы 

әлеуметтік  бейнероликтер әзірлеуге пайдаланатын болады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 600 мың теңге.


12

13

Ерекше әдістемелер байқауы

Қыркүйек айында тіл мерекесі қарсаңында Қор қазақ тілін үйретудің 

ерекше әдістемесі байқауының қорытындысын жариялады.

Бұл байқаудың бір ерекшелігі, қорға келіп түскен әдістемелерді қазақ 

тілін өз бетімен үйренген өзге ұлт өкілдерінің жастары таңдады. Яғни, 

төрелік жасау солардың құзырына берілді.

Олардың  бағалауы  бойынша,  «Хабар»  агенттігі  арқылы  қалың 

қауымға  көрсетіліп  жатқан  «Тілашар  сабағы»  бірінші  орынға  лайық 

болды.

Екінші орынды Қарағанды облыстық «Тілдерді оқыту орталығының» 



ұжымдық әдістемесі жеңсе, үшінші орын алматылық Елена Романенкоға 

«Казахская грамматика для русскоязычных», «Разговорный казахский 

легко»,  «Сдаем  ЕНТ  по  казахскому»  сынды  авторлық  әдістемелері 

үшін берілді.

Сондай-ақ астаналық Гауһар Әлімбек арнайы «Жаңаша әдістеме» 

номинациясы  бойынша  марапатталды.  Барлық  жеңімпаздар  арнайы 

диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 550 мың теңге.



Қоғамдық тіл инспекциясы

«Айқын»  республикалық  газетімен  бірлесіп  «Қоғамдық  тіл 

инспекциясы»  фотобайқауы  ұйымдастырылды.  Осы  байқау 

аясында  еліміздің  барлық  аймақтарының  тұрғындарынан  бил-

бордтар, жарнамалық плакаттар, мемлекеттік және жекеменшік 

ұйымдардың маңдайшаларындағы атауларындағы қазақ тілінде 

қате  жазылған  фотосуреттер  қабылданып,  апта  сайын  газет 

бетінде жарияланып отырды.

Ең қызықты деген қателері бар фотосурет авторлары ақшалай 

жүлделермен  марапатталды:  1-ші  орын  –  50  мың  теңге,  2-ші 

орын – 30 мың теңге, 3-ші орын – 20 теңге көлемінде ақшалай 

жүлделер алып отырды.

Аталған  фотобайқау  тоқсан  сайын  қорытылып  отырды. 

Жинақталған  қателері  бар  фотосуреттер  тиісті  шаралар 

қолдану үшін «Нұр Отан» ХДП-сы арқылы жергілікті атқарушы 

органдарына жіберілді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 215 мың теңге.


14

15

«Бүлдіршіндерге арналған 

қазақ тілі»

2009 жылдың желтоқсан айында Қор мектепке дейінгі мекеме-

лерде қазақ тілін тиімді оқытатын үздік әдістемеге жарияланған 

байқау қорытындысын шығарады.

Бұл байқау мемлекеттік тілдің балабақшадан бастап қанат жаю-

ына ықпал ету, тіл оқыту саласындағы инновациялық үрдістерді 

ынталандыру,  тиімді  әдістемелік  оқу  құралдарын  шығару  және 

шығармашылықпен  айналысатын  ұстаздар  мен  үкіметтік  емес 

ұйымдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Осы  байқауға  мектепке  дейінгі  мекемелерде  еңбек  ететін 

ұстаздардан,  қазақ  тілі  әдіскерлерінен,  лингвист-ғалымдар  мен 

қоғамдық ұйымдардан бүгінге дейін 20 –дан астам өтінімдер келіп 

түсті

Қор гранттары

Қор Гранттары конкурстық негізде беріледі. Аталған 

Гранттар қазақ тіліне қалың бұқараның қызығушылығын 

тудыратын,  тіл  үйренуге  баулитын,  мемлекеттік 

тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтуге  бағытталған  және 

әдебиетіміз, 

мәдениетіміз 

және 


тарихымызды 

кеңінен  насихаттауға  арналған  ең  үздік  жобаларды 

қаржыландыру  мақсатында  тағайындалған.  Бұл 

байқаудың 

ерекшелігі 

қатысушыларға 

шектеу 

қойылмайды,  яғни  байқауға  үкіметтік  емес  ұйымдар, 



коммерциялық құрылымдар және жекелеген тұлғалар 

да қатыса алады.

2009  жылдың  8  шілдесінде  Қор  Гранттары  байқауының 

алғашқы қорытындысы шығарылды.

Грант алуға үміткерлерден еліміздің 12 аймағы мен Ресейден 

107 өтінім келіп түсті.

Байқау  комиссиясының  шешіміне  сәйкес  ең  үздік  деп 

табылған 36 жоба авторы Қор Гранттарына ие болды. Олардың 

бастамаларын  жүзеге  асыруға  30  млн.  астам  теңге  қаражат 

берілді. Гранттар көлемі 300 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейін 

болды.

Қор  Гранттарына  ие  болған  жобаларды  шартты  түрде  бес 



негізгі бағытқа бөлуге болады:

қазақтілді интернет-сайттар ашуға арналған   



 

жобалар;


бұқаралық, ағартушылық үгіт-насихат акциялары;

қазақ тілін ересектерге оқытудың авторлық    



 

бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеп   

 

шығаруға арналған жобалар



балаларға арналған түрлі оқыту құралдары мен  

 

өзекті сөздіктер шығаруға арналған жобалар;



қазақ әдебиеті, мәдениеті мен тарихына арналған 

  

бұрын  жарық  көрмеген әдебиеттер әзірлеп   



 

шығаруға арналған жобалар.

Гранттар беру кезінде осы бағыттардың барлығы дерлік толық 

қамтылды.



16

17

Қазақтілді интернет-сайттар 

ашуға арналған жобалар

Бүгінгі таңда әлемдік ғаламтордағы 

қазақ  тілінің  үлес  салмағы  небары 

3-ақ  пайызды  құрап  отырғандығына 

байланысты түрлі бағыттағы қазақша 

интернет-сайттар  ашу  өзекті  болды. 

Сондықтан Қор қазақ тілінде ақпарат 

тарататын 

интернет-сайттардың 

саны  мен  салмағын  көбейту  мақса-

тында қазақтілді жаңа сайттар ашуға 

әрқайсысына  1  млн.  теңгеден  Грант 

бөлді. Олар:

«Zamandas.kz»  ақпараттық-сарап-

тамалық  интернет-сайты  «Назар» 

журналистер 

қоғамдық 

қоры-


ның  ұйымдастыруымен  ашылды 

(редакторы - Нұртөре Жүсіп)

«Minber.kz»  атты  қазақ  тілін, 

мәдениетін, тарихы мен салт-дәстүрін 

насихаттайтын мәдени-ағартушылық 

интернет-газеті ашылды (редакторы - 

Есенгүл Кәпқызы);

«Аltun-orda.kz»  қазақ  газеттерінің 

материалдарын  орысшаға  аударып, 

барлық  қазақша  басылымдарға 

ақпараттық-шолу  жасайтын  интер-

нет-газеті  ашылды  (редакторы  - 

Серік Малеев). 

Бұрыннан  бар  сайттарға  қолдау 

көрсету  үшін  «abai.кz»  ақпараттық-

танымдық 

интернет-порталына 

(редакторы  -  Дәурен  Қуат)  1  млн. 

теңге, 


«zonakz.net» 

интернет-

сайтында  қазақ  тіліндегі  бұқаралық 

ақпарат  құралдарына  ақпараттық     

шолу  жасайтын  қазақ  тіліндегі 

тарауын ашу үшін (редакторы - Юрий 



Мизинов)  500  теңге  және  «Inosmikz. 

com»  интернет-сайтында  әлемдік 

бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы 

Қазақстан  туралы  ақпараттарды 

қазақ  және  орыс  тілдеріне  аударып, 

ақпараттық-шолу  жасайтын  тарау 

ашуға  (редакторы  -  Ахас  Тажутов) 

500 мың теңге бөлінді.




  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал