Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет298/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

222 


Кеңестік  тариханамада  шет  елдік  тарих  ғылымында  қалыптасқан  жаңа  методологиялық  ұстанымдар 

мен  жаңа  теориялық  бағыттарды  тарих  ғылымының  барлық  саласына,  соның  ішінде  көшпелітану 

ғылымында  қолдану  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарынан  кейін  қарқынды  орын  алғанын  көреміз.  ХХ 

ғасырдың  80-ші  жылдарынан  бастап  кеңестік  тариханамда  өркниеттік  парадигма  догмаға  айналған 

марсктік-лениндік  концепцияға  альтернатива  ретіне  қең  қолданыда  бастады.  Сонынмен  қатар,  тарихи 

үдерістерді  тарихи-антропологиялық  тұрғыдан  интерпретациялауда  француздіқ  «Анналдар»  мектебінің 

жетістіктері танымалдылыққа ие болды. Неоэволюционистік теория, дәстүрлі қоғамдардың политогенезі 

мен  социогенезін  зерттеудегі  түрлі  концепциялар,  этнологтар,  мәдениеттанушылар,  антропологтар, 

социологтар  және  т.б.  ғылымдардың  әдістерітарих  ғылымына,  көшпелітану  бағытындағы  зерттеулерде 

қолданыла  бастады.  Дегенмен,  бұл  кезеңдегі  зерттеушілердің  көпшілігі  кеңестік  методологияны  сынға 

алғанымен зерттеулердің аты ғана өзгеріп, мазмұны сол кеңестік концепция шеңберінде қала берді.  

Бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  тарихнамасындағы  көшпелітану  бағытында  жаңа  мазмұндағы  еңбектер 

көптеп  жарық  көруде.  Көшпелілер  қоғамының  мемлекеттілігі  мен  мемлекеттік  құрылымдар  тарихы, 

қоғамның әлеуметік ұйымдасуының ерекшеліктері, билік институттары, этногенез бен этникалық даму, 

ру-тайпалық құрылымның ерекшеліктері, ислам, оның мәдениет пен руханиаттағы рөлі, діни синкретизм 

мен оның сипаты және т.б. мәселелер көтеріліп отыр. Дегенмен осы бағытта жарық көрген еңбектердің 

ішінде  орыс  және  қазақ  тілінде  жазылған  зерттеулер  мен  зерттеушілердің  арасындағы  кейбір 

ерекшеліктерді байқауға болады. Отандық тарих ғылымының орыс тілді кеңестік тариханама шеңберінде 

дамып, қалыптасқаны даусыз. Сондықтан бүгінгі зерттеулердің басым бөлігі аталған ғылыми мектептің 

ықпалымен  дамып  келеді.  Тәуелсіздіктен  кейін  пайда  болған,  төл  деректеріміздің  (мысалы  шежірелік 

деректер,  ауыз  әдебиеті  үлгілері  –  аңыздар,  жыр-дастандар  және  т.б.)  алуан  түрлерін  ғылыми  дерек 

ретінде  салыстырмалы  түрде  интерпретациялау  (көбінесе,  қазақ  тіліндегі  еңбектерде)  келесі  бір  топ 

арасында  тарихты  «мифологияға  айналдыру»  ретінде  бағаланып  отыр.  Бүгінгі  отандық  көшпелітану 

ғылымындажинақталған  фактологиялық  материалдарды  (революцияға  дейінгі,  кеңестік  кезең  мен 

тәуелсіздік  тұсында  жинақталған)  жаңа  ұстанымдар  шеңберінде  қорыту  мен  зерделеу  қажеттілігі 

айқындалып отыр.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1 Потапов Л.П. Зайсаны, баи и крестьянство у ойротов до Октября // Сибирские огни. – 1933. – № 9-

10. С.203-227 

2  Толстов  С.П.  Генезис  феодализма  в  кочевых  скотоводческих  обществах»  //  Основные  проблемы 

генезиса и развития феодального общества. – Л., 1934.  

3 Б.Я. Владимирцов. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм // Л.: Изд-во АН 

СССР, 1934.  

4  Васютин  С.А.,  Дашковский  П.К.  Социально-политическая  организация  кочевников  Центральной 

Азии  в  поздней  древности  и  раннего  средневековья  (отечественная  историография  и  современные 

исследования). – Барнаул, 2009.  

5 Шнирельман В.А. Наука в условиях тоталитаризма// Этнографическое обозрение. –1992. - № 5. - С. 

61-69.  

6  Проблемы  современной  тюркологии:  Материалы  Всесоюзной  тюркологической  конференций.  - 

Алма-Ата, 27-29 сентября 1976 г. Алма-Ата: “Наука” Каз ССР, 1980. -430 с.  

7  Дахшлейгер  Г.Ф.  Формирование  многонационального  региона  и  этнокультурные  контакты  // 

Проблемы  современной  тюркологии:  Материалы  Всесоюзной  тюркологической  конференций.  -  Алма-

Ата,27-29 сентября 1976 г. Алма-Ата: “Наука” Каз ССР, 1980. -295-300.  

8 Bazіn L. L’homme et la notіon d’hіstoіre dans l’Asіe Central turque au VІІІ sіecle // Dіogene. -1963. - № 42. 

- P.86-102.  

9Escedy  I.  Nomads  in  History  and  Historical  Research  //  ActaOrientaliaHungariae.  Budapest,  1981.  T.  35. 

Fasc. 2-3. P. 201-227.  

10 Sіnor D. Іnner Asіa and іts contacts wіt medіeval Europe. - L.: 1977. – P. 210. 

11  ТойнбиА.  Цивилизацияпередсудомистрии.  Сб.  /  Пер.  с  англ.  И.Е.  Киселевой,  М.Ф.  Носовой.  –  М.: 

Прогресс, 1996. –447 с.  

 

 

 

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

223 


УДК 384-19 

ҒТАМР 03.20. 

 

Тоқтабай А.У.



1

, Карамендина М.Ө.



 



Тар.ғыл.док., профессор., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас 

ғылыми қызметкері. Қазақстан, Алматы. E-mail: akhmet.t@mail.ru 



Педагогика ғылымдарының магистрі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология 

институтының ғылыми қызметкері. Қазақстан, Алматы. E-mail: karamendina70@mail.ru 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет