DEVELOPMENT OF ZAISAN AS A FOREIGN TRADE CENTER WITH THE QING EMPIRE
In the first half of the XIX century, the main trade transactions with China were carried out in the city of
Kyakhta. But because of the unstable foreign policy relations between the Qing Empire and Russia, trade was
often interrupted. In the second half of the XIX century there were significant changes in the economic relations
between the two states. The population of Western China was interested in the development of caravan trade with
neighboring territories, which included Kazakhstan.
In the article, the author tries to assess the trade relations of Zaisan with the Zinc Empire. The fact that Zaisan
is the center of trade relations with neighboring China is characterized by new sources. Further, the role of Zaisan
as a center of trade relations with the Chinese empire was analyzed with new data. They also discussed the
peculiarities of trade relations with the Qin Empire in Zaisan, the development of commodity and money relations
between the two countries and the influence of the Zaisan region on these trade relations. The geographical
position of the city as a whole had a profound effect on the prosperity of the city.
Keywords: Eastern Region, Zaisan, Qing Empire, trade relations, Russian traders, Central Asia
XIX ғ. екінші жартысында бүкіл қазақ даласында орыс саудагерлері, Орта Азия саудагерлері, Сібір
саудагерлері, татар және олардың жалдамалы көмекшілері мен жұмысшыларының сауда саласындағы
жұмыстары кең етек алды. “Кілем қоржындармен” заттарын сатуға саудагерлер жан-жақтан келе
бастаған. Сырттан келген саудагерлерді Кiлем қоржын арқалағандар деп те атаған. Сондай-ақ оларға
“арбашылар”, ұсақ-түйек “Сабын-шыбық” деген атаулар да берген [1].
Аталған кезеңдегі Ресейдің мақсаты сауда мен өсімқорлық капиталын Ресейдің орталық
губернияларымен, Қазақстан арасында ғана жүргізіудi ғана емес, сонымен қатар сыртқы товар
айналымын дұрыс жолға қоюды да көздеді. Ресейдің Қазақстанға көз тігуінің басты мақсаттарының бірі
экономикалық сауда мүддесінен туып отырды. Ресей үкіметі Қазақстанның басып алған жерлерін ұстап
тұру үшін бекіністер сала бастады да, олар біртіндеп қала деңгейіне жетіп отырды.
Семей губерниясының қалалары да негізінен қорғаныс пункттері немесе әскери шептер ретінде бой
көтерді. Олардың бой көтеруіндегі басты себептердің бірі жоңғарлардан және қытай империясынан
шекараны қорғау. Осындай әскери қорғаныстық шеп ретінде іргесі 1868 ж. қаланған бекініс қаланың бірі
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласы. Зайсанның шығысынан батысына қарайғы мемлекеттік
шекарасы Қытай империясымен шектеседі. Әскерилер тарапынан қорғауды қажет ететін шекаралық шеп
ретінде сонымен қатар Қытаймен, Монғолиямен сауда байланыстарын жасауға қолайлы болуына
байланысты бекіністік қала тұрғындары жылдам көбейе бастады. Жергілікті сауданың түріне көбіне
Ресейден әкелінген тауарлар, жергілікті көшпелілердің мал өнімдері және Қытайдан әкелінген тауарлар
жатады. Алғашында ХIХ ғасырдың екiншi жартысында жыл сайынғы Зайсан қаласының және аймақтық
болыстардың кірісі 10000 сомға жеткен. Қытаймен шекаралық аймақта ХІХ ғ. 80- жылдары кiрiс 30000
сомға дейін жеттi.
Қаланың Қытай империясымен сауда байланысындағы орталық ретіндегі орны ерекше. Зайсан
аймағының Қытай империясымен сауда байланысына қызығушылық Ресей тарапынан өте ерте кезеңнен
басталады. ХVIII ғ. екiншi жартысында I Петрдің жасаған реформаларының мақсаты мемлекеттің
әлеуметтік экономикасын және мәдени дамуын көздеді. Ең алғаш болып 1719 ж. орыс офицері Калмыков
|