Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет110/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

74 


оқшаулану  саясатын  ұстанды.  Әрине  Алтын  орда  діни  факторды  өзінің  сыртқы  саясатында  тиімді 

пайдалана  алған  мемлекеттердің  бірі.  Бірақ  діннің  сыртқы  немесе  ішкі  саясатқа  ықпал  еткен  негізгі 

факторлардың  бірі  болғандығын  дәлелдейтін  құжаттар  жоқтың  қасы.  Айталық,  Берке  ханның  кезіндегі 

Хулагу  ұрпақтарымен  болған  қақтығыста  негізгі  фактор  Алтын  орданың  өзінің  Кавказ  аймағындағы 

ықпалын  күшейту,  геостратегиялық  ұзақ  мерзімді  басымдық  ретінде  Мысыр  елімен  тығыз  саяси-

құқықтық байланыс орнату болғандығы айқын. Дегенмен, қақтығысқа басты сылтаулардың бірі ретінде 

Бағдатты  алу  барысында  Хулагу  әскерлерінің  мұсылман  қауымын  үлкен  қырғынға  ұшыратқандығы 

пайдаланылғандығы  белгілі.  Дербес  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуға  ынталы  мемлекеттің  мұндай 

қадамдарға  баруы  табиғи  заңдылық.  «При  этом  на  начальных  стадиях  сложения,  так  называемых 

государственных  имперских  образований,  она  приносила  завоевателям  определенные  успехи.  Поэтому 

монгольская  и  золотоордынская  правящая  элита,  после  окончания  завоевательных  походов 

провозглашали  “уважительное”  отношение  почти  ко  всем  религиям,  освобождая  священников 

покоренных  народов  от  податей  и  налогов.  Однако,  было  бы  ошибочным  полагать,  что  религиозные 

отношения в Золотой Орде и Монгольской империи были далеки от идеальных. Несомненно, что, здесь 

религиозный  фактор  играл  большую  роль  в  политике,  идеологии,  управлении  общественными 

институтами, экономике, торговле, духовной культуре и искусстве. Это мощное оружие учитывалось и 

умело  использовалось  монгольскими  феодалами  не  только  в  междоусобной  борьбе,  но  также  во 

внутренней и внешней политике» [2]. 

Демек  кең  мағынасында  Алтын  орда  мемлекетінде  діннің  ықпалы  алғашқы  кезеңде  айқын 

болмағандығын  түсіну  қиын  емес.  Оның  үстіне  түрлі  этностарды  біріктірген  үлкен  империяның  дін 

бостандығын сақтау арқылы ішкі тұтастықты сақтау ниетін түсіну де қиын емес. Негізі Алтын орда өзі 

басып  алған  аймақтарда  үлкен  әкімшілік  өзгерістер  мен  құқықтық  реформалар  жүзеге  асыруына 

қарағанда жауланған қауымның дәстүрлі институттарына арқа сүйеу тенденциясының басым болғандығы 

аңғарылады. Бұл империя тұрғындарының өзіндік, ыңғайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасады. О баста, 

тәңіршілдік пен шаманизмге арқа сүйеген моңғол тайпаларының өзі өзге елдердің мәдени ықпалдарынан 

аулақ  тұра  алмағандығын  аңғару  қиын  емес.  «В  целом  же,  несмотря  на  явное  преобладание  ислама,  в 

Улусе  Джучи  в  первой  половине  XIV  в.  сохранялась  веротерпимость.  В  городах  Поволжья  наряду  с 

мечетями  строились  и  церкви  и  синагоги,  а  у  каждой  конфессиональной  группы  населения  были  свои 

кладбища.  В  Сарае  проживали  многие  народы  -  монголы,  асы  (аланы),  кыпчаки,  черкесы,  русские, 

византийцы. "Каждый народ живет на своем участке отдельно", - пишет арабский путешественник Ибн-

Баттута, добавляя, что там же в их кварталах располагаются их церкви (Тизенгаузен, 1884. С. 306). И это 

не  случайно.  Ханы  Улуса  Джучи  стремились  соединить  всех  своих  подданных,  какой  бы  веры  они  ни 

придерживались,  в  единую  общность.  Отсюда,  видимо,  они  хотели  поставить  себе  на  службу  все 

духовенство.  Главным  для  ханов  было  не  вероисповедание  своих  подданных,  а  их  лояльность  власти, 

личная преданность хану, вера в святость "дома Чингис-хана". Недаром эмиры в ответ на требование хана 

Узбека  принять  ислам  отвечали:  "Ты  ожидай  от  нас  покорности  и  повиновения,  а  какое  тебе  дело  до 

нашей  веры и каким  образом  мы покинем закон и  устав (йасу) Чингисхана и  перейдем в веру арабов" 

(Тизенгаузен, 1941. С. 141). Поэтому, хотя ислам и играл значительную роль при дворе ханов и служил 

идеологической  санкцией  на  власть  (в  отличие  от  Юаньской  империи  и  Хулагуидского  Ирана,  где  ею 

была  "Йаса"  Чингис-хана),  в  среде  знати,  особенно  кочевой,  мусульманство  часто  было  внешней 

оболочкой, артикулированной на обрядовой стороне жизни, прикрывавшей рыцарский комплекс чести, 

местные культы святых и суеверия (De Weese. Р.231-319)»[1]. 

Шыңғыс хан мемлекеті  шын мәнінде о баста азғантай тайпаның қолдауына  ие болған мемлекеттен, 

әлем  тарихында  бұрын  соңды  болмаған  қуатты  империяға  айналуында  басынан  өте  үлкен  өзгерістерді 

өткізді.  Моңғол  тайпаларының  бірлестігі  болған  құрылым,  түрік  мәдениетіне  арқа  сүйеген  мықты 

мемлекетке  айналды.  Шыңғыс  хан  империясының  мирасқоры  Алтын  орда  ғана  бола  алды.  Неліктен? 

Алуан елді басқару үшін жарияланған түрлі бостандықтар моңғолдардың біртіндеп сіңісіп кеиуіне ықпал 

етті.  Шын  мәнінде  Моңғол  империясының  астанасы  Қарақорымнан  Пекинге  ауыстырылғаннан  кейін, 

мирасқорлық құқығына ие Алтын ордадан өзге мемлекет қалмады. Хулагу мемлекеті парсыланып, жалпы 

империяның Қытайлық бөлігі қытайланып кетті. Алтын орданың өзі де мәдени, діни тұрғыдан Моңғол 

империясына  қарағанда  Түрік  қағанатының  мирасқоры  кейпіне  келе  бастады.  Жазба  және  ауызекі  тіл 

түрік  тіліне  қарай  ойысуы  Ислам  дінінің  кеңінен  қанат  жаюына  жол  ашты.  Өзара  ықпалдастықтың 

керемет  көріністерінің  бірі  исламдағы  сопылық  мәдениет  пен  өркениеттің,  ерекше  ислам  жолының 

өркендеуіне  өзек  болды  деуге  толық  негіз  бар.  «В  результате  встречи  ислама,  имеющего  более  чем 

четырехсотлетнюю историю в этом регионе, с шаманизмом пришельцев в Золотой Орде создалась своего 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

75 


рода благоприятная ситуация для симбиотического развития этих религий в форме суфизма. Шаманизм, 

религия кочевых народов (то есть народов природы и степи в отличие от городских) в силу исторических 

причин не оформившаяся в самостоятельную религиозно-мистическую доктрину подобно суфизму также 

имела психотехническую систему [Торчите 1997]»[3]. 

Бірақ  бұл  жағдайдың  өзінде  Өзбек  ханға  дейін  ал  кейбір  діни  ағымдар  бойынша  Өзбек  ханның 

тұсында  да  діни  наным-сенім  бостандықтарының  сақталғандығын  аңғару  қиын  емес.  Бұл  Алтын  орда 

мемлекеті  ыдыраған  кездің  өзінде  оның  негізінде  пайда  болған  мемлекеттерге,  соның  ішінде  Қазақ 

хандығына  ықпал  етпей  қоймады.  «В  империи  Чингисхана  и  в  Золотой  Орде  не  было  господства 

собственно монгольской культуры. Поэтому, Монгольской империи и Улусу Джучи суждено было быть 

поглощенными высоко развитыми культурами и мировыми религиями, за которыми стояли иные и более 

мощные  цивилизации.  Под  влиянием  этих  факторов,  среди  которых  противостояние  религий  сыграло 

существенную  роль,  империя  Чингисхана,  а  затем  и  Золотая  Орда,  распались  на  самостоятельные 

государства,  кочевые  орды  и  ханства.  Они  более  соответствовали  уже  сложившимся  этносам,  образу 

жизни  и  мировосприятию  Евразийского  народонаселения  проживавшего  на  территории  Улуса 

Джучи»[2]. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.  Образование  Золотой  Орды  и  формирование  средневекового  татарского  этноса  (XIII  –  первая 

четверть XV века) Д. М. Исхаков, И. Л. Измайлов//http://www.ahmerov.com/book_432.html 

2.  Малов  Н.М.  Религия  в  Золотой  орде//http://www.rulit.me/books/religiya-v-zolotoj-orde-read-501668-

10.html 

1

Малов  Н.М.  Религия  в  Золотой  орде//http://www.rulit.me/books/religiya-v-zolotoj-orde-read-501668-

10.html 

3.  Галиахметова,  Гульуся  Габдрашитовна,  Ислам  в  Золотой  Орде:  традиции  религиозного 

опыта//автореферат 

диссертации//http://www.dissercat.com/content/islam-v-zolotoi-orde-traditsii-

religioznogo-opyta 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет