Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Keywords:  foreign  policy,  theory,  realism,  idealism,  liberalism,  postpositivism,  paradigm,  democracy,  national security



Pdf көрінісі
бет275/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Keywords:  foreign  policy,  theory,  realism,  idealism,  liberalism,  postpositivism,  paradigm,  democracy, 

national security 



 

АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  эволюциясы  және  де  қазіргі  кезеңдегі  сыртқы  саясаты  мен 

геосаясатының  жаһандық  сипаты  бар  және  ол  әлемнің  барлық  аймақтарын  қамтиды.  ХХІ  ғасырдың 

басында  АҚШ-тың  сыртқы  саясат  тұжырымдамасының  қалыптасуы  зерттеулер  мәселесінде  негізгі 

теорияларына  назар  аудару  қажет.  АҚШ-тың  сыртқы  негізгі  бағыттарына  әсер  ететін  ықпалды 

теориялардың  қатарында  саяси  реализм  теориясының  о  ерекше  орын  алады.  Класикалық  түрде  саяси 

реализм теориясы билік, соғыс және бейбітшілік мәселелерін қарастырады.  



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

200 


Батыс  саяси  ағым  мүшелері  реализм  ағымы  өкілдерінің  идеялары  Фукидидтің  «Пелопонесс 

соғысының тарихы»; Н. Макиавеллидің «Патша» және Карл фон Клаузевицтің «Соғыс туралы»; Николас 

Спайкменнің «Әлемдік саясаттағы американдық стратегия» сияқты еңбектерін жатқызуға болады. Ал ХХ 

ғасырдың  АҚШ-тың  бір  топ  ғалымдары,  олардың  ішінде  Рейнольд  Нибур,  Кеннет  Уолцты,  Генри 

Киссинджерді, Арнолд Уолфорсты, Дж. Кеннан, Ганс Моргентау жатқызуға болады  

Орыс ғалымдарының ішінде ресейлік ғалым П.А. Цыганков реализм теориясына сәйкес халықаралық 

қатынастардың  табиғаты  анархиялық  сипатқа  ие,  жоғарғы  биліктің  болмауымен  сипатталады  деп  атап 

өтеді.  Нәтижесінде,  сыртқы  саясаттың  қалыптасуының  негізгі  акторлары  –  мемлекеттер,  бір-бірімен 

қатынастарда тек өздерінің мүмкіншіліктеріне ғана сенім артады.  

 Теоретиктер реализмді саясаттың жалпы теориясы ретінде қабылдаса, көбісі реализмді халықаралық 

саясат  теориялардың  қатарына  жатқызады.  Бұл,  назарды  адам  табиғатынан  саяси  құрылымға  қарай 

алмастырады. Варварлық пен өркениеттің айырмашылығы адам жаратылысы түрлі жағдайларда қызмет 

атқаратындығымен байланысты. Мемлекет ішінде адамның өзімшілдігі иерархиялық саяси ережелермен 

шектеледі. 

Реалистік  көзқарастың  басты  белгілеріне  халықаралық  саясат  ұзақ  мерзімді  сипатқа  ие  объективті 

заңдармен  басқарылады  деген  сенім  жатады.  Мұндай  теорияға  мемлекеттердің  бейбіт  өмір  сүруінің 

шарты  ретінде  күштердің  тепе-теңдігін  сақтап  тұру  маңызды  және  керісінше,  тепе-теңдіктің  бұзылуы 

соғысқа  алып  келеді.  Мысалы,  мемлекеттер  стратегиялық  альянстарға  қосылу  арқылы  күштердің  жаңа 

бөлінісіне бейімделген кезінде ғана эволюциялық дамуы мүмкін болады. 

Американдық саяси реализм бағытындағы зерттеушілері аталмыш теорияның келесідей қағидаларын 

бөліп қарастырады: 

-  мемлекеттің  басты  мақсаты,  оның  ұлттық  мүдделердің  өзгеріске  ұшырамайтын  құрамдас  бөлігі  – 

оның территориялық, саяси және мәдени тұтастығын сақтай отырып, аман қалу боп табылады; 

- мемлекеттің өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мүмкіндігі оның әскери немесе экономикалық күш 

әлеуетіне тікелей байланысты; 

-  саясатта  дәстүрлі  моральдық  нормалар  жарамсыз  болып  келеді,  саясаткер  жеке  тұлға  ретінде 

моральдық  нормаларға  ие  болуы  мүмкін,  бірақ  оның  өзінің  азаматтары  үшін  жауапкершілік  алдыңғы 

қатарда тұрған мақсат боп табылады.  

Ғылыми-теоретикалық  тұжырымдамалар  түрінде  саяси  теория  мемлекеттің  сыртқы  саясат 

стратегиялары  мен  доктриналардың  қалыптастырылуына  айтарлықтай  дәрежеде  ықпал  ететін  идеялық 

платформаның  пайда  болуына  жағдай  жасайды.  Әрине,  стратегиялар  мен  доктриналар  теорияларды 

тікелей жүзеге асырмайды, ал саясат стратегияларды тікелей іске асырмайды. Бірақ саясаттың идеялық 

түп  негізін  іздеу  мен  анықтау  ресми  саяси  мақсаттардың  мазмұнын,  стратегиялардың  эволюциясының 

ерекшеліктерін  толыққанды  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Осы  орайда,  реализм  ағымындағы 

болжамдарымен қатар АҚШ-тың сыртқы саясатына халықаралық қатынастардың басқа да теориялардың 

ықпалын  зерттеу  мемлекеттің  сыртқы  саясатында  көздейтін  мақсаттарын  толықтай  ашуға  мүмкіншілік 

береді.  

АҚШ-тың  сыртқы  саяси  ойдың  қалыптасуына  айтарлықтай  әсер  еткен  идеализм,  либерализм 

теориялардың болжамдары. Француз ағартушылық кезеңінен бастау алатын бұл теориялардың бастауын 

Ж.Ж.  Руссоның  «Қоғамдық  келісім  туралы»;  И  Канттың  «Мәңгілік  бейбітшілікке»  еңбектерімен 

байланыстырады.  Бұл  кезеңдегі  ағартушылар  әлемдік  тәртіпті  соғыссыз,  теңсіздіксіз  және  зорлықсыз 

құруға болатынын алға тартқан. Ең негізі назар бейбітшілік шарттарын зерттеуге және әлемдік саясаттағы 

әділдікті бекітуге бағытталған. Адам оның дамуына әсер ете алады деп есептелді. Либералдар болашақты 

халықаралық  ұйымдардың  әрекеттерімен  және  халықаралық  құқықтың  дамуымен  зорлық  пен 

құлықсыздық едәуір шектелетін дос мемлекеттердің қауымдастығын құруда көреді. 

Либералдар  үшін  мемлекет  сыртқы  саясаттың  унитарлы  субъектісі  болып  табылмайды.  Оның 

позициясы  мүдделердің,  мемлекеттік  бюрократияның,  жеке  беделді  саясаткерлер  топтарының  тең 

ықпалды күресінің үрдісі ретінде қалыптасады. Сондықтан реализм жақтаушылары санайтындай, саясат 

қатаң рационалды түрде құрыла алмайды. Саясаттың түрлі субъектілері мүдделерінің қақтығысуы ғана 

емес,  сонымен  қатар,  бюрократтардың  қателігі,  қоғамдық  ойды  ескеру  қажеттілігі,  саяси 

көшбасшылардың  билік  басында  қалу  ынталары  қабылданушы  шешімдердің  сапасы  мен  тиімділігін 

төмендетеді. 

Қай  кезеңдерде  соғыс  қауіпінен  құтылу  толық  мүмкін  емес  болғандықтан,  көп  мемлекеттердің 

бейбітшілікке ұмтылысына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды ұжымдық 

күштермен  жеңу  мүмкіндігін  іздейді.  Сондықтан  да,  халықаралық  жүйе  шеңберінде  тиімді  ұжымдық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет