Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет28/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Вопрос:  Чем  объяснить,  что  согласие  на  работу  в  академию  Ауезов  дал  только  после  избрания 

Сатпаева Председателем Президиума? 



Ответ:  …  Могу  лишь  дополнить,  что  в  конце  1944  или  начале  1945  года  по  инициативе  Сатпаева 

Ученый Совет Президиума Каз. Филиала Академии Наук СССР представил Ауезова к получению ученой 

степени доктора филологических наук без защиты диссертации. Оппонентами Ауезова были назначены 

профессора Сауранбаев, Малов...» [14]. 

Шамамен осы мазұндағы сұрауларды тергеушілер Е. Бекмахановка да қояды. Мәселен, ол К. Қасымов 

қозғалысы  тақырыбын  зерттеу  обьекті  ретінде  алуына  байланысты  1952  жылы  7  қыркүйекте  берген 

жауабында  мынадай  жағдайды  көрсетеді.  1942  жылдың  орта  тұсында  Қазақстан  КП  ОК  –де  «История 

Казахской  ССР»  кітабын  даярлауға  байланысты  жиналыс  өткізіліп,  оған  Әуезов,  Мұқанов,  Ысмаилов 

және  басқа  көрнекті  ұлт  зиялылары  өкілдерімен  бірге  өзінің  де  қатынасқанын  айта  келіп,  кітапта 

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын көрсету туралы мәселе қойылғанда Әуезов сөйледі. Ол 

Кенесары  Қасымов  қозғалысын  ашып  көрсету  қажеттігін,  өйткені  Кенесарысыз  Қазақстан  тарихы 

жөнінде  баяндаудың  өзі  дұрыс  еместігін  айтты.  Кенесары  жөнінде  арнайы  тарау  жазу  жөнінде  шешім 

қабылданды.  Бұл  тарауды  осы  кеңестердің  отырысына  қатысып  жүрген  жалғыз  тарихшы-қазақ  ретінде 

маған жазуды тапсырды» [15]- деп көрсетеді.  

Бұл М.Әуезовтың  Кенесары Қасымов қозғалысы  тақырыбын партияның  ОК-і алдында екінші мәрте 

қорғап сөйлеуі еді. Бұдан бұрын, яғни 1934 жылы мамырда Қазақ Өлкелік партия Комитеті жазушының 

«Хан Кене» драмасын талқылаудан өткізіп, қойылымды театр сахнасына қайта шығармау жөнінде шешім 

қабылдаған болатын [16]. 

Мемлекетік Қауіпсіздік Министрлігі абақтысына түскен адамдарға көп жағдайда өздерін қорғау үшін 

хаттамада  тергеушілер  баяндаған  тұжырымдарға  қол  қоюға  тура  келген  .  Осындай  жағдайды  Е. 

Бекмаханов та басынан кешірген . Мәселен ол бір көрсетуінде: «Буржуазиялық-ұлтшылдық идеялардың 

ұрығын  себуші  Әуезов  болып  табылады.  Ол  үшін  Кенесары  Қасымов  қозғалысы  анық  та  түсінікті 

құбылыс  болатын,  сондықтан  да  ол  өз  еңбектерінде  бұл  қозғалыс  жөнінде  үлкен  шабытпен  жазды. 

Ұлшылдықтың  қайнар  көзі  Әуезовте  және  әдебиеттанушылар  Жұмалиев  пен  Кенжебаевта»,  -  деген 

тергеуші даярлаған тұжырымға қол қояды. 

Осы пікірге жақын ойды Б. Сүлейменов корсетулерінен де кездестіреміз. Мәселен, 1952 ж. 8 тамызда 

жүргізілген тергеуде тергеуші Соловьев оған мынадай мазмұндағы сұрау қойып, жауап алды:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет