Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
275
алам деп келген адамдарға «кетпен ұшық» берген. Қып қызыл болып қызып тұрған кетпенге бүркілген су
науқасқа барып тиген, кетпеннен ұшқындаған су арқылы науқасты емдеген, су быжылдап, қайнап
шашыраса да науқас еш күймеген [АЭМ].
Бақсы емі, бақсының зікір салуы, бақсы ойыны қазақ жерінде болсын, бақсылық дамыған басқа өңірде
болсын көбіне ауруға су бүркумен аяқталған [3; 7; АЭМ].
Ұста дүкені (ұстахана, шеберхана), ұсталар басқан көрік қасиетті саналып, ұста ұрпақтары аталары
ұстаған көрікті көтеріп жоғары жерге қойған. Ауыл адамдары тамағы ауырып, асқынған жағдайда көрік
аузынан су ішу ырымын жасайды. Яғни алдын ала дайындалған жылы суды қол бақырашпен көрік аузын
шайып өтетіндей етіп, басқа ыдысқа құяды. Сол сумен ауырған адамның тамағын шаяды, тіпті ішіп қояды
[АЭМ; Сурет 2].
Қасқырдың кеңірдегін кептіріп сақтап қойып тамағы ауырған адамға суды кеңірдекке құйып алып
ішкізеді. Қасқыр кеңірдегінен су ішкен адам тез жазылады. Суық тиіп ауырған адамға ем болады деп
қасқырдың өтіп мақтаға құйып сақтап қойған. Өт сіңген мақтаны суға ерітіп, алақанға, табанға, қолтыққа
жаққан [АЭМ; Сурет 2ә].
а
ә
Сурет 2 - а) Тамақ ауруларын емдеу үшін аузынан су ішетін Әбдікәрім ұстаның нар көрігі; ә)
Тамақ ауруларын емдеу үшін су ішетін қасқырдың кеңірдегі. Сырдария ауданы. Қызылорда облысы
экспедициясы (АЭМ).
Емдік қасиеті бар табиғи су көздерін арасан сулар дейді және олардың емдік қасиетін адамзат ежелгі
уақыттан бері пайдаланып келеді. Қазақ халқы арасандарға жер астынан шығатын минералдық су көздері
– бұлақ, тұма, қайнарларды жатқызады. Әулиелер басындағы арасан суларды әулие рухына тәу етіп,
арнайы зиярат жасап барып алу арқылы тылсым дүниемен байланысқа түсу магиясы жүзеге асады.
Дертіне дауа іздеген адам адам зиярат ету мен емдеу магиясын қатар қабылдайды [7, c.60]. Батыс
Қазақстанда халық арасында Дәдем Ата атанған Жұмағазы Хазірет басындағы бұлақ суын халық іш
құрылысына ем үшін алады. Бұлақ суын құдық ретінде қазып, ауыз қақпақ орнатқан. Бұлақ суын қанша
алса сонша өніп, ернеуіне келіп тұрады. Ал, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылында жер астынан
шығып жатқан бірнеше бұлақ көзі суын көз, құлақ аурулары үшін алады. Бұлақ суын ауыз су ретінде де
пайдаланады. Арасан суларынан жер астынан шығып жатқан ыстық су көздері де жатады. Ыстық
суларды буын, құяң, жел тиген ауруларын емдеу үшін қолданған. Қазақтар бұлақ суын аларда Су иесі
Сүлейменге сиынып, суға тиын тастап алған. Батыс Қазақстанда қариялар «Су иесі Сүлейменге тие
берсін» айтамыз деп түсіндіреді. Халық арасында тараған наным бойынша «Су иесі Сүлейменге тие
берсін» айтпаса, сол адамда түнде бұлақ иесі адастырады. Адамдар өзен, бұлақ арнасының тартылып
қалуынан, яғни су иесінің қаһарына ұшыраудан қорыққан. Емдік қасиеті бар су көздеріне барғанда ақтық
байлап кету ғұрыпқа айналған [АЭМ; Сурет 3].
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
276
а
ә
Сурет 3 - а) Дәдем Ата бұлағы. Суын емдік қасиеті үшін алып ішеді; ә) Егіндікөл бұлағының
көздері. Суын көз, құлақ ауруларын емдеу үшін тамызады, ішеді. Батыс Қазақстан облысы
экспедициясы (АЭМ)
Қазақ халқы табиғи су көздерінің емдік қасиетімен бірге, киесі де бар санайды. Сыр өңірі қазақтары
Сырдың киесі ұрады, Аралдың киесі ұрады, – деп суды ластамауға тырысады. Белгілі жазушы Әбдіжәміл
Нүрпейісовтың «Сел» атты романында: «– Туған жеріңе істеп отырған мына қиянатыңды елің де, жерің
Достарыңызбен бөлісу: |