Қазақстан керамикасының тарихы өте ертеден басталады, бүгінде ортағасырлық қалалардың сырлы
керамикасы кеңінен белгілі, себебі Жібек жолындағы ірі сауда орталықтары болған ескерткіштерімізде әр
түрлі сырдағы импортты бұйымдармен қатар, жергілікті сырлы ыдыстар табылып жатыр. Әйтсе де, осы
табылған мәдени мұраларымыз жеткілікті дәрежеде, әсіресе сырдың рецепттісі зерттелмей келеді. Соған
байланысты Шу-Талас өңірлерінің кейбір ортағасырлық қалаларынан табылған сырлы қыш ыдыс
Химиялық (XRF) талдауларға Шу-Талас өңірлері және Қаратаудың солтүстік беткейіндегі
ортағасырлық ескерткіштер: Ақтөбе, Аспара, Құлан, Төменгі Барысхан, Бектөбе, Тамды қалаларынан
табылған отыз сырлы (түрлі-түсті) қыш ыдыс сынықтары тартылды. Бірнеше қаланың сырлы қыш ыдыс
сынықтарын зерттеудің мақсаты салыстырмалы түрде ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Талдау
жұмыстары Bruker pXRF Tracer III қолдану арқылы рентгендік флуоресенция (рентгенограмма) көмегімен
. Зерттеу жұмыстары сырдың құрылымын анықтау, сонымен қатар оларды Оксфорд
Иран, Ирак және Сирия елдерінің исламдық керамикасымен салыстыру мақсатында жүргізілді [27].
Талдау нәтижесінде Шу-Талас өңірлері мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі қалалардың жасыл, сары,
Химиялық талдау жұмыстарын Ph.D. профессор Клодия Чангтің (Claudia Chang) көмегімен Свит-Брайар
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
302
қызыл қоңыр, ақ түсті сырды дайындау жолы біркелкі еместігі анықталды. Аталған қалалардың сары
түсті сырды алу тәсілі Иран, Ирак және Сирия өндірісіне ұқсас. Дегенмен қазақстандық керамикалардың
сырының құрамында қорғасын жоғары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Иран, Ирак, Сирияның бірқатар негізгі тарихи орындарынан жиналған
1000 тарта қыш сынықтарына жүргізілген XRF талдауының мәліметтерімен салыстырылды. Ондағы
мақсат, ортағасырлық қалаларымыздағы көзешілердің осы уақытта сауда және т.б. жолдармен олармен
байланысының қандай деңгейде болғандығын анықтау болды. Сапалық баға емес сандық баға үшін
салыстыру % (пайыздық) үлеспен анықталды.
Рентгендік флоуресценция фотон-электронды әрекеттесу негізінде жұмыс істейді. Фотон рентгендік
көзбен алынып, ішкі қабыршақта орналасқан электронды сіңіреді, оны жіберген кезде ядродағы байланыс
энергиясына қарағанда біршама жоғарғы энергияға өтеді, бұл өз кезегінде босап, атом қалады. Бұл бос
орын атомды қоздырады және сыртқы қабыршақтың бірі ішкі қабыршақта қалған негізгі электронды
кеңістікті толтыру үшін ішіне енеді. Сыртқы қабыршақтың электроны ішкі қабыршаққа енген кезде
энергия айырымына тең фотон түрінде шығарылған энергия айырымын қалыптастырады. Сосын аспап
детекторы себілген фотон энергиясын белгілейді және оқиды. Бұл керамиканы рентгендік
флоуресценциялық талдау үшін керек.
Негізгі элементтерді талдау 40,000keV, 20uA сары сүзгішті Bruker pXRF Tracer III топтамасымен
алынды.
Сырдың әрбір түсін салыстыру төмендегідей параметрлерді пайдаланумен жүргізілді:
Параметрлер:
Pb
Cu
Ca
Fe
Mn
Жоғары: >35%, Төмен: 35%>
Жоғары: >0.5%, Төмен: 0.5%<
Жоғары: >2%, Төмен: 2%<
Жоғары: >1%, Төмен: 1%<
Жоғары: >0.05%, Төмен: 0.05%<
қорғасын
мыс
кальций
темір
марганец
Алынған нәтижедегі бұл параметрлер А. Камарчиктің зерттеулеріне ұқсас.
Салыстырмалы зерттеулер мына түстерге: жасыл, ақ, қара, қоңыр, қызыл және сарыға жүргізілді
(суреттер 1-12; кестелер 2-7).
Алынған мәліметтер:
Кесте 1
Сырдың
түстері
Химиялық
элементтер
Қазақстан
Иран, Ирак және Сирия
жасыл
Pb
жоғары
жоғары
төмен
Cu
төмен
жоғары
жоғары
ақ
Pb
жоғары
жоғары
жоғары
төмен
Са
төмен
төмен
жоғары
төмен
қара
Pb
жоғары
төмен
Fe
төмен
жоғары
Mn
жоғары
төмен
қоңыр
Pb
жоғары
жоғары
төмен
Fe
төмен
төмен
жоғары
қызыл
Pb
жоғары
Fe
төмен
сары
Pb
жоғары
жоғары
жоғары
Fe
төмен
төмен
жоғары
Олай болса, ақ, сары, қоңыр және жасыл түсті сырды дайындау тәсілдері бірқалыпты емес. Бұлар
төменде салыстырмалы түрде суреттер 1-6, 11 және 12 көрініс тапқан. Тек қызыл түсті сыр ғана
салыстырылмады.
Екі қара түсті сырды зерттеуде оны темір-марганец рецептінде жасағандығы анықталды. Сонымен
бірге осы қара түсті сыр А. Кочмарчиктің зерттеулері нәтижесіне қайшы келеді. Бірақ бұл туралы қандай
да бір ақпарат беру әлі де болса жеткіліксіз.