ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
356
келіссөз жүргізіп, нәтижесінде Бурхан-ад-Диннің басқаруындағы қалалық гарнизон қаланы
қашқарлықтарға береді.
Сонымен 1866 жылы Якуб-бек армияны күшейту және жаңа әскери экспедицияға дайындық
жұмыстарымен айналысты. Осы жылы қараша айында қашқарлық армия алдын-ала «бейбіт мақсаттағы
жорық» деген әңгіме таратып, Хотан қаласына қарай жылжиды. Хотанның әміршісі Хабибулах-қожа
Якуб-бекті күтіп алуға өзі шығады. Қашқарлықтардың шатырына қонуға қалған хотандық билеуші сол
түні өлтірілді. Бұған наразы болған қала халқы Якуб-бектің мұндай қылығына кек қайтаруды қолға
алады, бірақ қашқарлық жасақ тарапынан талқандалды. Хотанның жаңа билеушісі болып Тұрап-қожа
тағайындалды.
1867 жылы көктемде қашқарлық әскерлер Ақсуды басып алып, сонымен бірге күшиндік қалалардағы
халық жасағын талқандады. Сосын Хотан қаласында пайдаланған әдіске көшеді, яғни басында алдап-
арбап, сосын қаланың билеушісі Рашид ад-динді өлтіреді. Кейін ешқандай қарсылықсыз Қашқар қаласы
алынды. Сонымен Якуб-бектің басшылығындағы қашқарлық жасақтың мұндай тез жетістіктері
нәтижесінен енді жаңа мемлекет құруға мүмкіндік туды. Бадәулет Якуб-бек ешқандай беделді
қамқоршының көмегінсіз-ақ Бузрук-қожаны Меккеге жіберіп, одан біржола құтылып, өзін жаңа Жетішар
мұсылман мемлекетінің билеушісімін деп жариялайды [4, 20].
Сонымен Бузрук-қожаны биліктен кетіріп, өзін Жетішар мемлекетінің билеушісімін деп жариялаған
Якуб-бек мемлекетінің территориясын өзімен көрші жатқан елсіз елдер есебінен ұлғайтуға кіріседі. 1870-
1871 жылдары алдымен Үрімшідегі дұңғандар сұлтандығы Жетішар мемлекетінің құрамына енеді. 1872
жылға қарай Жетішар мемлекетінің аймағы Цин билігінде қалған Құмыл мен Баркөлден және орыстар
басып алған Іледен басқа жердің бәріне тарап, бүкіл Шыңжаңды қамтыды [5, 36]. Сонымен бірге Якуб-
бек Қоқан хандығындағы ішкі саяси шиеленістер мен Худояр ханның әлсіздігін пайдаланып, Орта Азия
жерлеріне де көз тігіп, шекарасын кеңейте бастайды. Ол Түркия және Англиямен тығыз байланыс
орнатып, Жоңғария жерінің біраз бөлігін өзіне қаратып алып, енді Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп
төндіре бастайды.
Батыс Қытайдың қалаларын өзіне бағындырып және территориясын кеңейте бастаған Якуб-бек, енді
назарын Ресейдің ортаазиялық иеліктеріне аударды, орыс мемлекетіне деген дұшпандық саясатын ашық
көрсете бастады. Ол Шыңжаңдағы орыс саудасына кедергілер келтіріп, Текес өзені бойын жайлаған Тянь-
Шань қырғыздарын өз билігіне бағындырып, оларды Қашғарияны малмен және азық-түлікпен
қамтамасыз етуге күштеп көндіріп алмақ болады.
Соғыс қимылдары аяқталған соң жаңа әмірші мемлекетті қайта құруды қолға алды. Оның
мемлекетіндегі барлық билік Якуб-бектің қолына шоғырланды, ал әміршінің кеңесшілері мен
көмекшілері жергілікті ұйғыр ақсүйектері мен қоқандықтар болды. Елдің территориясы басты он екі
уәлаятқа және бес екінші дәрежедегі аймаққа бөлінді (Жетішар – «Жетіқала», жеті аймақтың орталық
қалалары: Қашқар, Хотан, Куч, Ақсу, Курл. Жаңа-Гиссар, Жаркент). Олардың әрқайсысына Якуб-бек
хаким-бектерді тағайындады, ал олардың көмекшілері уезд басшысы, хатшылар, салық жинаушылар,
әскери және азаматтық соттар, әртүрлі шендегі әскери қолбасшылар, молдалар, түнгі күзет басшылары,
ауылдық көсемдер болды. төменгі шенеуніктік қызметтер сйлау арқылы жүргізіліп отырды. Барлық
жергілікті әкімшілік аппарат тікелей хаким-бектерге бағынышты болды. Хаким-бектер бүкіл азаматтық
және әскери билікті өз қолдарына шоғырландырғаннан кейін, тікелей Жетішар мемлекетінің әміршісіне
ғана есеп беріп отырды. Дегенмен ғалымдардың пікірі бойынша әкімшілік жүйеде бұрынғы
маньчжурлардың билігімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Жаңадан тағайындалған
шенеуніктердің атқаратын міндетінде ешқандай өзгеріс болмады, тек олардың қызметінің аттары ғана
өзгерді.
Сонымен Якуб-бектің белсенді қызметі нәтижесінен бірнеше хандықтардың басын біріктіріп, Шығыс
Түркістанда орталықтанған жаңа феодалды-теократикалық мұсылман мемлекеті пайда болды [6, 37].
Бадәулет Якуб-бектің әскери, қаржы-экономикалық және әкімшілік саласында жүргізген реформалары
нәтижесінен мемлекеттік жүйе тез арада даму жолына түсті.
Қорыта айтқанда бұл кезде қытай-қашқар шекарасында шиеленіс нашарлай берді, циндік жазалаушы
әскерлердің Жетішахар мемлекетінің территориясына баса-көктеп келе жатқан сәтке байланысты Якуб-
бек сыртқы саяси қызметін белсенді жүргізе бастады. Цин империясының әскерімен күресте таразы
басының тең еместігін түсінген қашқарлық әмірші Қытаймен қандайда бір әскери қақтығысты болдырмау
мәселесін іздейді, сол үшін делдал болатын мемлекеттің барлық тәуекелдеріне көнуге дайын екенін
білдірді. Алайда жоғарыда айтқанымыздай Якуб-бектің ұсынысына Ұлыбритания да, Түркия да ешқандай
ынта таныта қойған жоқ. Ресей «аңдыған бейтараптылық» позициясын ұстануды жалғастырып, Шығыс
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
357
Түркістандағы оқиғаның барысын ұқыпты бақылап отырды. Ал қашқарлық билеушінің Қытаймен ара-
қатынасты мәселені төтесінен шешуге талпыныс жасауы да сәтсіз аяқталды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Моисеев В.А. Россия и Китай в Центральной Азии. – Барнаул: Азбука, 2003. – С. 94.
2. Ануфриев О., Басханов М. «Тарих⃰ и Хотан» Мухаммеда Аляма о событиях 1864 г. в Синьцзяне //Из
истории международных отношений в Центральной Азии. – Алма-Ата, 1990. – С. 141.
3. Валиханов Ч.Ч. Западный край Китайской империи и город Кульджа [Дневник поездки в Кульджу в
1856 г.] // Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах. – Т. 2. – Алма-Ата, 1985.
4. Исиев Д.А. Уйгурское государство Йэттишар. – М., 1991. – С. 21.
5. Китайские документы и материалы по истории Восточного Туркестана, Средней Азии и
Казахстана XIV-XIX вв. – Алматы: Ғылым, 1994. – 270 с.
6. Моисеев С.В. Взаимоотношения России и Уйгурского государства Йэттишар (1864-1877 гг.). –
Барнаул: Азбука, 2006. 203 с.
Достарыңызбен бөлісу: |