Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет474/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

 Keywords. Students, graduate students, repression, epidemic, the secret part, the OGPU, the kulaks. 

 

 Студенттер ортасындағы «тазарту» (чистка) жұмысы. Университетте жұмыс істеп тұрған құпия 

бөлім  (секретная  часть)  студенттердің  еркін  ойлап,  жүріп-тұруына,  қоғамтану  көзқарастарының  дұрыс 

бағытта қалыптасуына жол бермеді: институт қызметкерлерінің, студенттерінің жүрген ізі ылғи да бағулы 

болды, айтылған сөздері тіркеуге алынып, олардың ой-санасының азаматтық тұрғыдан қалыптасуына жол 

берілмеді.  КСРО  Халық  ағарту  комиссариатынан  бірнеше  пункттерден  тұратын  «қоғамға  жат 

элементтерден  тазарту»  туралы  тапсырма-хаттар  университетке  үсті-үстіне  келіп  түсіп  жатты.  Бұл 

жөнінде архив деректерінен үзінді келтірсек:  



«Аса құпия».  

Жұмысшы факультеттерінің меңгерушілеріне, облыстық халық ағарту бөліміне, өлкелік комитет 

меңгерушілеріне, жоғары оқу орындарының ректорларына. Көшірме – жоғары оқу орындары бойынша 

ХАК уәкілеттілігі 

 

ХАК-ның атына келіп түскен өтініштерге байланысты және оған қосымша ретінде 1929 жылдың 14 

маусымынан 1929 жылдың 8 желтоқсанына дейінгі аралықта № 261 шығарылған өкімге байланысты ВКП 

(б) ОК-нің ноябрь Пленумы қаулысының негізінде Жоғары техникалық оқу орындары мен Жоғары оқу 

орындарын  қоғамға  жат  элементтерден,  қоғамның  қас-дұшпандарынан  тазарту  жөніндегі  бұйрығына 

сәйкес,  Халық  Ағарту  комиссариаты  төменде  көрсетілген  іс-шаралардың  қалтқысыз  орындалуын  талап 

етеді:  

1. ЖОО,  техникумдар,  рабфактар,  ЖОО-на  даярлық  курстарына  қабылданған  оқушылардың  сайлау 

құқығынан  айрылғандары  («айрылғандар»)  сөзсіз  оқу  орындарынан  шығарылсын  (оқу  курсы  есепке 

алынбайды);  

2. Құқығынан  айрылғандардың  балалары,  сондай-ақ  өзін  қоғамға  жат  элемент  ретінде  танытқан,  оқу 

орнына  түскенде  өзінің  әлеуметтік  тегін  жасырғандар  немесе  еңбек  етпейтін  элементтерден  қол 

үзбегендер, олар да оқу орындарынан сөзсіз аулақтатылсын; 

3. Жоғарыда көрсетілген себептермен оқудан шығарылатындарға жан-жақты  

тексеру  жұмысы  жүргізілсін,  нақты  фактілік  материалдармен  негізделінсін,  сосын  оқу  орнынан 

шығарылсын;  

4. Әрбір  жағдай  қатаң  түрде  тексерілуден  өтіп,  оқудан  шығарылуының  себебі  анықталатын  болсын. 

Назарға іліккен оқу орны да жан-жақты тексеруге алынсын.  

 Халық  ағарту  комиссариаты  социалистік  құрылысты  іске  асыру  жолында  барлық  қоғамға  жат 

элементтерден  тазарту  шараларын  жүйелі,  әрі  мұқият  түрде  жаппай  немесе  жеке-жеке  оқушылардың 

әлеуметтік шығу тегін зерттеу қажеттілігін қатаң түрде ескертеді /«тазарту»/», - делінеді [1, 6].  

 Көріп отырғанымыздай, репрессияның суық ызғары институт ашылған соң, көп ұзамай-ақ, студенттер 

өміріне  де  жеткен.  Ендігі  кезекте  орталықтың  әмірін  екі  етпеу  үшін  университет  басшыларының 

«бұлтартпай» тез арада жауап беруіне тура келді. Өйткені: «ХАК-ң (14 июня 1929 г. за № 3100880. Ст. 

8/ХІІ-29 г. за 261 /с, и от 9/ІІ-30 г. за № 268/с) ЖТОО (жоғарғы техникалық оқу орындары) және ЖОО-н 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

389 


қоғамға жат элементтерден тазарту туралы өкімнің бірнеше рет жіберілуіне қарамастан, әлі күнге дейін 

бұл жұмыс өз деңгейінде орындалмай отыр. Сондықтан әсіресе ең соңғы курсты аяқтаушылар жөнінде 

қатаң  тексеру  жұмыстары  жүргізіліп,  олар  туралы  нақты  мәліметтер  жинақталсын»  [1,  4],  -  делінген 

мазмұндағы өктем бұйрықтар жете бастады.  

 ҚазМПИ студенті Ахметов Тәңірберген ОГПУ назарында. Бақылау органдарының назарына іліккен 

1-курстың  студенті  Ахметов  Тәңірберген  1931  жылдың  сәуір  айында  ҚазМПИ-дің  бұйрығы  бойынша 

(1931 ж. 3 апрель Бұйрық №56) [2, 23] алып жүрген 1 -деңгейдегі стипендиясынан айрылады, 2-деңгейге 

түсіп қалған. Бұл әрине жазалаудың бастапқы кезеңі болатын, осыдан кейін есімі аталған бұл студенттің 

соңына түсу басталады. Содан 2 ай ішінде 1931 жылдың маусымында Ахметов Тәңірбегеннің сыртынан 

түрлі мәліметтер жинақталады. Ол «аса құпия» делінген грифі бар ҚазМПИ бланкісінде:  

«1.  Ахметов  ет  өндіру  және  астық  даярлауды  ұйымдастыратын  кампаниялардың  қызметіне  көңілі 

толмайды;  

1. ол студенттер ортасын қоғамға жат элементтерден тазартуға қарсы; 

2. Алаш-Ордалықтар даярлаған әдебиеттерді ашықтан-ашық жақтайды; 

3. институттан өз еркімен кетпек болған;  

5. өндірістік практикаға байланысты студенттер арасында іріткі салу ісімен 

айналысқан; 

6. қастандық жасаған / институт мекемесінде орын алған өртті оқшаулауға 

қарсылық білдірген; 

7. партия ұйымдарының түрлі жиналыстарында жалған хабарландыруларды таратумен айналысқан», - 

делінеді  де,  -  әрі  қарай  бұл  құжатта,  «осы  мәліметтерге  сүйене  отырып,  Ахметовты  қастандық  ұйым 

жетекшілерінің  бірі,  студенттердің  арасында  іріткі  туғызушы  элемент  деуге  негіз  бар.  Сондықтан 

Ахметовты  тұтқындап,  тергеу  жұмыстарын  жүргізіп,  оған  тиісті  жаза  қолдануларыңызды  өтінеміз»,  - 

дейді.  Арыздың  соңына  институт  директоры  Карташов,  Қазақ  ВКП(б)  ұйымының  жауапты  хатшысы 

Валитов,  Қазақ  ВЛКСМ  бюросының  хатшысы  Мухамедов,  кәсіподақ  төрағасы  Шукаманов»  [1,  4] 

қолдарын қойған. 

 Даярланған бұл мәтін кеңейтіліп, барынша тарқатылған мазмұнда қалалық ГПУ басшысы Т.Гайсинге, 

1/ Қалалық комитеттің мәдени насихаттау бөлімінің мүшесі М у р а в ь е в а ғ а. 2/ жолдас Л е с к о в е ц к 

е,  3/ПП  ОГПУ  Саенкоға  қайта  жолданады.  Архивте  бұл  құжаттың  көшірмесі  сақталған.  Онда:  «16-

съезден кейінгі саяси тәрбие беру ісінде «үлкен жетістікке» жетелеп отырған Голощекиннің қызметінің 

арқасында  жүздеген  студенттердің  ВКП(б)  құрамына  қабылданғаны  және  ҚазМПИ-де  төмендегідей 

тізіммен көрсетілген істердің орындалғаны» үлкен мақтанышпен баяндалады:  

«1/ біздің социализм құру ісімізге кедергі келтіріп жүрген Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, 

Әлімхан Ермеков сияқты қас-дұшпандарымыз бүгінде барар жерлеріне айдалып кетті.  

2/  Алаш-Ордалықтар  өздеріне  күрескер  маман  даярлау  мақсатымен  әкелген  байлардың  балалары 

КазПИ-ден қуылды.  

3/ Студенттер мен педагогтар арасында орын алған кейбір келіспеушіліктер ж.б. мәселелер өз шешімін 

тапты.  Идеологиялық  тұрақсыз  студенттермен  жұмыс  жүргізілуде.  Студенттер  қауымын  қоғамдық 

жұмыстарға  жаппай  жұмылдыру  арқылы  зор  нәтижелерге  қол  жеткізудеміз.  Былтырғы  күзде  оқуға 

түскендерді  мақта  теру  кампаниясына  Пахта  Аралға  жібердік.  Студенттерді  тәрбиелеу  ісімен  әсіресе, 

топтардың старосталары, профкомның мүшелері айналысады, ал бұлардың үстінен ВКП(б) кандидаттары 

мен  мүшелері  және  ВЛКСМ-ның  сенімді  мүшелері  бақылау  жасайды.  Сәл  ауытқушылық  орын  алған 

жағдайда  комсомол  жастар  дереу  дұрыс  жол  көрсетіп  отырады.  Алайда  бай-кулактардың  жұмысын 

жүргізбек  болған  студенттер  де  арамыздан  табылып  жатыр»  [1,  11],  -  делінеді  де,  оның  қатарына 

Қарқаралы  округінің  тумасы,  әдебиет  бөлімінің  қазақ  тобындағы  1-курс  студенті  Ахметов  Тәңірберген 

(орташа  отбасында  туған,  комсомол  қатарынан  шығарылған)  және  Ахметов  Нүрке  (ол  да  Қарқаралы 

округінде туған, кедейдің баласы, әдебиет бөлімінде, қазақ тобында 1-курста оқиды) есімдері көрсетіледі. 

Әрі  қарай  мәтінде  екі  қазақ  жігітінің  әрекеттерін  талдауға  ала  бастайды.  Ахметов  Тәңірберген  сөзге 

шешен,  терең  ойлы  сонымен  қатар,  совет  билігінің  жүргізіп  отырған  саясатына  қарсы  адам  ретінде 

көрсетіледі.  Оның  көпшілік  ортада  өз  ойын  анық  жеткізіп,  соңынан  ерте  алатын  қабілеті  бар  екендігі 

айтылады.  

 Жалпы,  1930  жыл  қазақ  ауылдарын  кәмпескелеу,  ұжымдастыру  сияқты  аласапыранға  толы  мезгіл 

болатын, міне Тәңірберген, Нүркелер, сол жағдайды көзімен көрген жастар еді. Соған сәйкес «Ахметов 

қазақ ауылдары қаланы, интеллгенцияны асырап отыр, ет даярлау мен астық өндіру кампаниялары қазақ 

ауылдарын ашаршылыққа ұшыратты, есесіне биліктегілердің, қалалықтардың қарындары тоқ жүр дейді» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет