Казаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет28/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#12647
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дип.-Оқушыларының-қарым-қатынасты-зерттеу-мен-қалыптастыру

ҚОРЫТЫНДЫ
«Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Қарым-қатынас әлеуметтік ортада мәлімет алмасудың және барлық іс-әрекеттерді үйренудің негізгі құралы. Сондықтан психологияда қарым-қатынас проблемаларын зерттеуге үлкен мән беріледі. Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін зерттегендер Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Т.Н.Мальковская, Л.А.Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар Н.И. Козлов, И.С.Кон т.б. ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама бердік: Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжиребелік мәселелердің тиімді шешлгені қарым-қатынастың барлық қатынасқан субъектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.

2. Қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен әсерін тигізетін факторлардың бірі – стереотипизация екені анықталды. Стереотипизацияның жиі кездесетін түрі - этникалык стереотиптер. Әр халық өкілдері көңіл аударарлықтай сырт келбеті, мінез ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, ұлт өкілдері туралы сөз болғанда ағылшындардың тәкаппарлығы, француздардың жеңіл мінезділігі, итальяндықтардың таңғажайыптылығы, немістердің тәртіптілігі жайлы стереотиптер елестетіледі. Қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты үлкендерді сыйлау, олардың сөздерін екі етпеу, әңгімелескенде сөз кезегін беріп отыру, басқалардың пікіріне зейін салу. Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам ол ортада өзін ыңғайлы сезінеді және бұл стереотиптер ұлт өкілін өздерін басқа этникалық топта қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды «үнемдеуге» мүмкіндік беретін және «дөрекі түрде жөнге салу» қүралы болып табылады. Олар әлеуметтік қолданылудың «рүқсат етілген» өрістерге ие. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда белсенді қолданылады.

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін мектепте арнайы жасалған бағдарлама бойынша психологиялық қызмет көрсетудің мәні өте үлкен. Осы мәселені шешу барысында жағымжы қарым-қатынас жасау стереотиптерін қалыптастыру қажет. Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге және қажет кезінде түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған әдіс-тәсілдер бар. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда зерттеуді сынып үжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы өте ыңғайлы әлеуметтік топқа жатады.

3. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге негіз болатын бағдарлама жасау психологтің міндеттерінің бірі. Бағдарлама бойынша жүргізілген зерттеу алдын ала анықталған ретпен жүргізіледі. Оқушылардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған көптеген әдістемелер қалыптасқан. Оның ішінде жеке қасиеттерді бағалау тестері, социометриялық талдау жүргізу балардың сыныптағы статусын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өте сирек пайдаланылатын әдістемелердің бірі трансактілік талдау. Трансактілік талдау нәтижесінде балалардың қатынас барысында өзін және өзгелерді оң және теріс қабылдауы, оларға жасаған ескертулерді өзінің тұлға ретінде бағалау ретінде қабылдауы немен байланысты екенін анықтауға мүмкіндік туады. Балалардың қарым-қатынасқа икемділігі коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тесті, басқаларға әсерлілікті, тіл табыса білуді зерттеу тестері пайдаланылды. Нәтижесінде жеткіншек жасындағы оқушыларының басым көпшілігінің қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіштері орта және төмен болып шықты.

4. Зерттеу барысында жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті, қатынас барысындағы ынтымақтастығы және барлық анықталған қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіштері төмен болған балалармен ойын коррекцияларын жүргіздік. Коррекциялық топ жұмысына қатынасуға сынып оқушылары түгел үлкен қызығушылық білдірді. Тренинг барысында және одан кейін балалардың бір-біріне деген көзқарасы өзгеріп, қарым-қатынасы мәдениетті деңгейде жүретін болды.



5. Дипломдық зерттеу барысында жинақталған материалдарды білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында және психолог мамандарын даярлауға кеңінен қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет