Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Флавиндік ферменттер (ФП)



бет54/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Флавиндік ферменттер (ФП)


Флавиндік ферменттердің құрамы
Флавиндік (флавопротеиндер – ФП) деп аталатын ферменттер екі компонентті.


Коферменттерінің құрылымы
Простетикалық тобы (коферменті) - рибофлавин (В2 витамині) апоферментпен мықты байланысқан. Бұл фермент тобының екі түрлі коферменті болады:флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД). ФМН (рибофлавин-5-фосфат) құрамында гетероциклді азотты негіз – диметилизоаллоксазин, рибитол (рибозаның туындысы) спирті және фосфат болады:



Флавинадениндинуклеотид(ФАД)

Тотыққан флавинмоно-нуклеотид (ФМН)




ФАД - тың құрамында ФМН - нен басқа тағы бір нуклеотид — аденозинмонофосфат (АМФ) болады:




Дегидрогеназалардың әсер ету механизмі
ФМН мен ФАД субстраттардан екі протонды үзіп алып, электрондарды анаэробты дегидрогеназалардан әртүрлі акцепторларға (К0Q, цитохромдарға),сонымен қатар тікелей оттекке беруді катализдейді. Тотықсызданған сутекті тасымалдаушылармен, мысалы НАДH пен реакциясы төмендегідей жүреді:

флавиндік


флавиндік



Изоаллоксазин сақинасы ФМН мен ФАД тағы электрондар мен протондарды қосып алатын немесе беретін белсенді топқа жатады. Изоаллоксазин сақинасының тотықсыздануы нәтижесінде 2 протон мен 2 электронның бірдей қосылуы жиі байқалады. Изоаллоксазин сақинасындағы қатарлас қос байланыс үзіліп бір байланысқа айнаалады, 1 мен 10 (N1 және N10) дағы азоттың валенттілігі босайды да, соларға сутек атомдары байланысады.


Флавиндік коферменттер тотыққан күйде қанық сары түсті болады, ал тотықсызданған күйде түссізденеді. ФМН мен ФАД белоктық апоферменттермен мықты байланыста болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет